Hilti DCH 300-X 230V 2149600 Инструкция к товару онлайн [98/108] 829120

Hilti DCH 300-X 230V 2149600 Инструкция к товару онлайн [98/108] 829120
92 Қазақ 2149875
*2149875*
Кесу дискісінің өндірушісі ұсынған монтаждау бойынша нұсқауларды орындаңыз.
4.4 Жарамды алмас кесу дискілерінің геометриясы
Алмас кесу дискілері төмендегі геометриялық
нормаларға сай келуі тиіс.
Техникалық сипаттамалар
Сегменттер арасындағы қуыс
ені (G)
10 мм
Кесу бұрышы теріс
5 Қызмет көрсету
5.1 Жалпы ақпарат
5.1.1 Генераторды немесе трансформаторды қолдану
Төмендегі талаптар орындалған жағдайда, аталмыш аспапты генератордан немесе жұмыс алаңындағы
трансформатордан пайдалануға болады:
Шығыс қуаты (Ватт бойынша) аспаптың номиналды қуатынан кем дегенде 2 есе артық (фирмалық
тақтайшаны қараңыз)
Жұмыс кернеуі әркез аспаптың номиналды кернеуінің +5 % және –15 % аралығындағы шеңберде
Жиілігі 50 - 60 Гц (еш жағдайда 65 Гц-тен артық болмауы тиіс)
Іске қосудағы күшейткіші бар автоматты кернеу реттегіші бар болуы тиіс.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Зақымдалу қаупі. Генераторға/трансформаторға жалғанған басқа құрылғыларды қосу және өшіру
кезінде кернеудің кенет өзгерістері пайда болып, кесетін дөңгелекті зақымдауы мүмкін.
Генераторға/трансформаторға бір уақытта бірнеше басқа аспапты қоспаңыз, я болмаса кесетін
дөңгелек пен шаңсорғыш жұмысына арналған генераторды/трансформаторды қолданыңыз.
5.1.2 Ұзартқыш кабельді қолдану
ЕСКЕРТУ
Зақымдалған кабельден қауіп бар! Егер жұмыс кезінде желілік немесе ұзартқыш кабель зақымдалса,
оған тиюге тыйым салынады. Желілік кабельді розеткадан шығарыңыз.
Аспаптың желілік кабелін тұрақты түрде тексеріңіз және зақымдалған кабельді ауыстыру үшін
тәжірибелі электрші маманды шақырыңыз.
Тек жұмыс аймағы үшін рұқсат етілген, көлденең қимасы жеткілікті ұзартқыш кабельдерді
қолданыңыз. Өзге жағдайда аспапта қуаттың жоғалуы және кабель қызып кетуі мүмкін.
Ұзартқыш кабельде зақымдардың бар-жоғын жүйелі түрде тексеріп тұрыңыз.
Зақымдалған ұзартқыш кабельді ауыстыру керек.
Ашық ауада жұмыс істегенде тек пайдалануға рұқсат етілген, сәйкес белгілеуі бар ұзартқыш
кабельдерді қолданыңыз.
120 В желілік кернеуде ұсынылатын минималды көлденең қима және максималды кабель
ұзындықтары
Кабель AWG 16 AWG 14 AWG 12 AWG 10
Өткізгіштің көлденең қимасы 1,31 mm² 2,08 mm² 3,31 mm² 5,26 mm²
Өткізгіштің көлденең қимасы 2,58 kcmil 4,11 kcmil 6,53 kcmil 10,4 kcmil
Кабель ұзындығы 25 m 30 m 50 m 100 m
Кабель ұзындығы 75 ft 100 ft 150 ft 250 ft
Printed: 23.10.2018 | Doc-Nr: PUB / 5459237 / 000 / 00
Скачать