Samsung MC32DB7746KCBW Руководство по эксплуатации онлайн [101/140] 879997

Samsung MC32DB7746KCBW Руководство по эксплуатации онлайн [101/140] 879997
Қазақша 31
Қысқа толқынды пешті пайдалану
Код/тағам
Порция
мөлшері
Ұсыныстар
5-29
Кальмар
қосылған песто
250 - 300 г
Ингредиенттер
1 тазаланған кальмар, 70 мл құрғақ ақ шарап, ½ лимон,
4 насыбайгүл сабағы, 40 г балқарағай жаңғағы, 1 түйір
сарымсақ, 40 мл зәйтүн майы, дәміне қарай тұз, бұрыш
Нұсқаулар
Сарымсақ, жаңғақтар және насыбайгүл жапырақтарын
тостағанға салып, зәйтүн майын құйыңыз да, ¼ лимон
шырынын сығыңыз және тұз қосыңыз. Батырмалы блендер
пайдаланып, қоспаны біркелкі болғанша ұнтақтаңыз.
Кальмарды сақиналарға бөліңіз, оларды бөлек тостағанға
салыңыз және дәміне қарай тұз және бұрыш қосыңыз. Құрғақ
шарап құйыңыз. Оларды қысқа толқынды пешке салыңыз.
Іске қосу түймесін басыңыз. Пісіргеннен кейін кальмарды
дайын сорпада суытыңыз, содан кейін оны шығарып,
құрғатыңыз. Оны песто тұздығымен араластырыңыз және
оны маринадтауға 10 минутқа қалдырыңыз. Дастарханға
ұсынбас бұрын лимон шырынын себіңіз.
5-30
Бефстроган
200 - 250 г
Ингредиенттер
250 г сиыр еті, 2 пияз, 1 ас қасық сиыр етінің сорпасы, 2 ас қасық
қаймақ немесе қою қаймақ, 1 ас қасық ұн, 1 ас қасық қызанақ
пюресі, дәміне қарай тұз, қара бұрыш
Нұсқаулар
Етті жуып, құрғатыңыз, оны алдымен қалыңдығы 5 мм тілім етіп,
содан кейін ұзын жолақ етіп тураңыз. Ұнды тұз және бұрышпен
араластырыңыз, бұл қоспада ет жолақтарын ұнға аунатыңыз.
Артық ұнды сілкіп тастаңыз. Пиязды жұқа жартылай дөңгелектеп
тураңыз да, еті бар тостағанға салып, сорпа құйыңыз, қызанақ
пюресін қосып, араластырыңыз. Оларды қысқа толқынды
пешке салыңыз. Іске қосу түймесін басыңыз. Дыбыстық сигнал
берілгенде, оларды шығарып, бефстроганға қаймақ қосыңыз.
Араластырыңыз, қажет болған жағдайда тұз қосыңыз. Оларды
қысқа толқынды пешке салып, іске қосу түймесін қайта басыңыз.
Дастарханға ұсынбас бұрын 2 - 3 минут қоя тұрыңыз.
Кешкі ас
Код/тағам
Порция
мөлшері
Ұсыныстар
5-31
Қатты
қайнатылған
жұмыртқалар
қосылған ет
орамасы
600 - 650 г
Ингредиенттер
500 г тартылған сиыр еті, 3 қатты пісірілген жұмыртқа, 2 шымшым
ұнтақталған қызыл бұрыш, 1 шымшым ақ бұрыш, 2 шымшым
ұнтақталған күнзе, дәміне қарай тұз
Нұсқаулар
Тартылған етті шұңғыл тостағанға салыңыз, барлық дәмдеуіш пен
тұзды қосып, жақсылап араластырыңыз. Тартылған етті тостағанның
түбіне басып, бүкіл кесекті алып, түбіне күшпен басыңыз. Бұл
тартылған етті иілімді ету үшін жасалады. Тартылған еттен диаметрі
15 см болатын бірдей жұқа котлет жасаңыз. Әр котлет ортасына
қатты пісірілген жұмыртқаны салыңыз. Өткір жиектері бар сопақша
фрикаделькалар жасап, оларға қызыл бұрыш себіңіз.
Оларды қысқа толқынды пешке салыңыз. Іске қосу түймесін
басыңыз. Дыбыстық сигнал бергенде, оларды шығарыңыз.
Етті аударыңыз және оны қысқа толқынды пешке салыңыз.
Іске қосу түймесін қайта басыңыз. Дастарханға ұсынбас бұрын
2 - 3 минут қоя тұрыңыз.