Эко сенсор және экранның жарықтылығы
Эко сенсор ТД экранының жарықтылығын автоматты түрде реттейді. Бұл функция бөлменің ішіндегі жарықты өлшейді
және пайдаланылатын қуат мөлшерін азайту үшін ТД жарықтылығын автоматты түрде оңтайлы етеді. Бұл функцияны
сөндіргіңіз келсе, > Баптаулар > Жүйе > Үнемдеу шешімі > Үнем. сенсорпараметріне өтіңіз.
- ТД-ды қараңғы жерде қарап отырған кезде экран тым күңгірттенсе, оған Үнем. сенсор әсер етуі мүмкін.
- Сенсорды ешбір затпен бүркемеңіз. Бұл суреттің жарықтылығын азайтуы мүмкін.
Қимылсыз суретке қатысты ескерту
Экранда қимылсыз суреттерді (мысалы, jpeg сурет файлдары), қимылсыз сурет элементтерін (мысалы, ТД арнасының
логотиптері, экранның астыңғы жағындағы биржа немесе жаңалықтар жолағы, т.с.с.) немесе панорама немесе 4:3
пішіміндегі бағдарламаларды көрсетпеуге тырысыңыз. Егер қимылсыз суреттерді үздіксіз көрсетсеңіз LED экранда
суреттің сапасына әсер ететін, қосарлы суреттер пайда болуы мүмкін. Бұндай әсердің салдарын азайту үшін төмендегі
ұсыныстарды орындаңыз:
Қимылсыз суретті ұзақ уақыт көрсетпеуге тырысыңыз.
Кез келген суретті әрқашан экранға толық шығарып көруге тырысыңыз. Пішімдерді барынша сәйкестіру үшін ТД-дың
сурет пішімі мәзірін қолданыңыз.
Сурет қалып қоймас үшін жарықтылық пен контраст мәндерін азайтыңыз.
ТД-дың суреттің басылуын немесе экранның жануын болдырмайтын функцияларының барлығын пайдаланыңыз. Толық
ақпаратты эл. нұсқаулықтан қараңыз.
ТД-ды күтіп ұстау
Егер ТД экранына жапсырма жабысып тұрса, жапсырманы алғаннан
кейін орны сәл ластанып қалуы мүмкін. ТД қарау алдында осы
қоқысты тазалаңыз.
ТД корпусының сыртын және экранын тазалаған кезде сызат түсуі
мүмкін. Корпустың сыртына және экранға сызат түсірмеу үшін
міндетті түрде жұмсақ шүберекпен сүртіңіз.
ТД-ға су немесе кез келген сұйық затты тура шашпаңыз. Құрылғыға
кірген кез келген сұйық зат оны бүлдіруі, өрт немесе электр қатерін
тудыруы мүмкін.
ТД-ды сөндіріңіз, содан кейін экрандағы дақтар мен қолдың табын
микроталшықты шүберекпен баппен сүртіңіз. ТД-дың корпусын
шамалы су сіңірілген жұмсақ шүберекпен тазалаңыз. Тұтанғыш
сұйықтарды (мысалы, бензол, сұйылтқыш, т.с.с.) немесе тазалағыш
затты қолданбаңыз. Қатып қалған қоқыстарды тазалау үшін
шүберекке шамалы экран тазалағыш сұйықтықтан бүркіңіз.
Казақ - 9
Казақ
K5500_RU_BN68-07870J-00_L04.indb 9 2016-04-12 오전 9:14:58