Haier LE32K6000S Черный — теледидарға құрылғыларды қосу: нұсқаулық және әдістер [56/122]

Превью страниц Страница 56 / 122
Haier LE50K6000SF Черный [56/122] Кіріспе
Кіріспе
Haier теледидарына сыртқы
құрылғыларды қосу
DVD-ойнатқышты/жерсеріктік, кабелдік телевидение
жиынтықтамасы қабылдағышын/ойын
приставкасы/көшпелі немесе тұрақты компьютерді
қосу
DVD-ойнатқышты/жерсеріктік, кабелдік телевидение
жиынтықтамасы қабылдағышын/ойын
приставкасы/көшпелі немесе тұрақты компьютерді
қосудың бірнеше нұсқалары қарастырылған
1-нұсқа SCART стандарты бойынша қосу
SCART типіндегі кабелмен (жеткізілім
жиынтықтамасына кірмейді) теледидардың SCART
жалғағышы мен DVD-ойнатқышты/кабелдік телевидение
жиынтықтамасының қабылдағышын немесе ойын
приставкасын қосыңыз.
SCART типіндегі кабелмен қосылған құрылғыны таңдау
үшін қашықтан басқару пультындағы SOURCE
батырмасын басыңыз, ▼▲ батырмаларын басып, SCART
таңдаңыз да OK басыңыз.
Ескертпе: Үнсіздік бойынша теледидар қосылған кезінде
SCART типіндегі қосылуды пайдаланады.
2-нұсқа HDMI стандарты бойынша қосу
Теледидарға қосылатын құрылғыны алдын ала өшіріп
қойған жөн (егер ол қосулы күйде болған болса).
HDMI типіндегі кабелмен (жеткізілім жиынтықтамасына
кірмейді) теледидардың HDMI жалғағышы мен DVD-
ойнатқышты/кабелдік телевидение жиынтықтамасының
қабылдағышын немесе ойын приставкасын қосыңыз.
Теледидарға қосылған құрылғыны қосыңыз.
HDMI типіндегі кабелмен қосылған құрылғыны таңдау
үшін қашықтан басқару пультындағы SOURCE
батырмасын басыңыз, ▼▲ батырмаларын басып, HDMI
таңдаңыз да OK батырмасын басыңыз.
3-нұсқа AV (аудио-бейне) стандарты бойынша қосу
(сары/ақ/қызыл)
Қосар алдын теледидар мен қосылатын құрылғы
өшірілуі тиіс.
AV типіндегі кабелдермен (жеткізілім жиынтықтамасына
кірмейді) теледидардың бейне (сары) және аудио (қызыл,
ақ) жалғағыштары мен DVD-ойнатқышты, ойын
приставкасын және т.с.с. қосыңыз.
AV типіндегі кабелдермен қосылған құрылғыны таңдау
үшін қашықтан басқару пультындағы SOURCE
батырмасын басыңыз, ▼▲батырмаларын басып, AV
таңдаңыз да OK батырмасын басыңыз.
4-нұсқа COMPONENT стандарты бойынша қосу
(жасыл/көк/қызыл)+(ақ/қызыл)
Қосар алдын теледидар мен қосылатын құрылғы
өшірілуі тиіс.
COMPONENT типіндегі кабелдермен (жеткізілім
жиынтықтамасына кірмейді) теледидардың Y, Pb, Pr
(жасыл, көк, қызыл) және L-Audio-R (ақ, қызыл)
жалғағыштары мен DVD-ойнатқышты, ойын приставкасын
және т.с.с. қосыңыз.
COMPONENT типіндегі кабелдермен қосылған
құрылғыны таңдау үшін қашықтан басқару пультындағы
SOURCE батырмасын басыңыз, ▼▲батырмаларын
басып, YPbPr таңдаңыз да OK батырмасын басыңыз.
5-нұсқа VGA стандарты бойынша қосу
(15 түйіспелі Sub-D жалғағышы)
VGA типіндегі кабелмен (жеткізілім жиынтықтамасына
кірмейді) теледидардың VGA жалғағышы мен ДК/
ноутбукті қосыңыз.
VGA типіндегі кабелмен қосылған ДК/ноутбукті таңдау
үшін қашықтан басқару пультындағы SOURCE
батырмасын басыңыз, ▼▲ батырмаларын басып, РС
таңдаңыз да OK басыңыз.
Ескертпе: VGA жалғағышы бейнесигналды ғана беруге
арналған. ДК/ноутбуктен аудиосигналды беру үшін
қосымша кабелмен теледидардың PC Audio (3,5 мм)
аудиошығысын ДК/ноутбуктің құлаққапқа арналған
жалғағышымен (3,5 мм) қосқан жөн.
6-нұсқа USB стандарты бойынша қосу
Теледидар көптеген USB-құрылғылардың және бірқатар
сандық камера моделдерінің жұмысын қолдайды.
USB-құрылғыны (жеткізілім жиынтықтамасына кірмейді)
немесе USB-кабелді (жеткізілім жиынтықтамасына
кірмейді) теледидарға қосыңыз.
USB типіндегі кабелмен қосылған құрылғыны таңдау
үшін қашықтан басқару пультындағы SOURCE
батырмасын басыңыз, ▼▲ батырмаларын басып, USB
таңдаңыз да OK батырмасын басыңыз.
1-ескертпе: *.jpg және *.mp3 пішіміндегі файлдар ғана
оқылады, басқа пішімдегі файлдар оқылмауы мүмкін.
2-ескертпе. Apple iPhone смартфондары мен Apple iPod
ойнатқыштары теледидардың осы моделімен үйлеспейді.
3-ескертпе. Кез-келген құрылғыны USB-жалғағышқа
қосқан кезде USB-кабелдің ұзындығы минималды болуы
тиіс.
7-нұсқа Құлаққапқа арналған шығыс
Құлаққап штекерін теледидардағы құлаққапқа арналған
ұяға сұғыңыз. Теледидар динамиктері ажыратылады.
Қажет жағдайда сыртқы динамиктерді қосуға да болады.
8-нұсқа САНДЫҚ АУДИОШЫҒЫС (COAXIAL)
COAXIAL бұл сандық аудиосигналды аудиотехникаға
беруге арналған интерфейс, мәселен, үй кинотеатры
және теледидарға жақын орналасқан басқа сандық HiFi-
жабдығы. Сигнал RCA жалғағыштары бар коаксиалды
кабель арқылы беріледі.
Қосар алдын теледидар мен қосылатын құрылғы
өшірілуі тиіс.
AV кабелдермен (жеткізілім жиынтықтамасына кірмейді)
теледидардың COAXIAL жалғағышы мен үй
кинотеатрының аудиожүйесін немесе басқа сандық HiFi-
жүйесін және т.с.с. қосыңыз
9-нұсқа LNB КІРІСІ
Жерсеріктік кабелді артқы панелдегі LNB жалғағышына
қосыңыз.
Осыдан кейін қозғалтқышты қосуға болады. DVB-S2
режиміне ауысып, арналарды іздеуді бастау үшін "Source"
басыңыз.

Содержание

112

Осы нұсқаулықта теледидарға DVD-ойнатқыш, ойын приставкасы және компьютерді қосу әдістері қарастырылған. Әрбір қосу стандартына арналған кеңестер мен нұсқаулар.