Brother PT-E110 — өрт қауіпсіздігі мен электр құралдарын пайдалану нұсқаулары [3/4]

Brother PT-E110 [3/4] Өнімнің қауіпсіздік нұсқаулығы
Өрт шығу қаупіне, күйікке, ток соғуға, бұзуға, қызып
кетуге, жағымсыз иістерге немесе түтінге жол бермеу
үшін төмендегі нұсқауларды орындаңыз.
P-touch жапсырма аппараты үшін əрқашан ұсынылған айнымалы
ток адаптерін қолданыңыз жəне оны көрсетілген кернеуі бар
розеткаға жалғаңыз. Мұны орындамаудан аппараттың зақымдалуы
немесе дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
Найзағай кезінде аппаратты ұстауға болмайды.
Аппаратты/айнымалы ток адаптерін ванна сияқты ылғалдылығы
жоғары жерлерде пайдаланбаңыз.
Электр сымына көп күш түсіруге болмайды.
Электр сымының немесе штепсельдің үстіне ауыр заттар қоймаңыз,
зақымдамаңыз немесе өзгертпеңіз. Электр сымын күштеп
майыстырмаңыз не тартпаңыз. Розеткадан ажыратқан кезде,
əрдайым айнымалы ток адаптерінен ұстаңыз.
Штепсельді розеткаға толық салғаныңызды тексеріңіз. Бос қуат
розеткасын қолдануға болмайды.
Аппаратқа/айнымалы ток адаптеріне/қуат ашасына/батареяларға
су тигізбеңіз, мысалы, оларды су қолыңызбен ұстамаңыз не оларға
сұйықтықты шашыратпаңыз.
Батареялардан аққан сұйықтық көзге тигеннен көрмей қалуыңыз
мүмкін, сондықтан көзіңізді мол таза сумен дереу шайып, дəрігерге
қаралыңыз.
Аппаратты/айнымалы ток адаптерін/батареяларды бөлшектемеңіз
немесе өзгертпеңіз.
Батареяның оң жəне теріс зарядты жақтарына металл зат тигізуге
болмайды.
Батареяларды ауыстыру үшін қысқыш немесе металл қалам сияқты
үшкір заттар пайдаланбаңыз.
Батареяларды отқа тастауға немесе қызу көзіне жақындатуға
болмайды.
Айнымалы ток адаптерін ажыратып, батареяларды бірден алыңыз,
сосын бөтен иісті, ыстықты, түсінің бұзылуын, пішінінің өзгеруін
немесе оны қолданған немесе сақтаған кезде басқа нəрсені
байқасаңыз, аппаратты пайдалануды тоқтатыңыз.
Сұйықтық қолыңызға тиюі мүмкін, сондықтан зақымдалған немесе
сұйықтығы аққан батареяны пайдалануға болмайды.
Пішіні өзгерген, сұйықтығы немесе жапсырмасы бүлінген
батареяны пайдаланбаңыз, себебі оның шамадан тыс ыстық
шығаруы мүмкін.
Адамның жарақаттануына, сұйықтықтың ағуына, күйіп
қалуға немесе қызып кетуге жол бермеу үшін мына
нұсқауларды орындаңыз.
Аппаратты қолданбаған кезде, оны балалардың қолы жетпейтін
жерде сақтаңыз. Бұдан басқа, балаларға аппараттың бөлшектерін
немесе жапсырмаларын ауыздарына салғызбаңыз. Егер қандай да
бір затын жұтып қойса, дəрігерге қаратыңыз.
Басып шығарғаннан кейін баспа бастиегінің жанындағы металл
бөлшектерді ұстауға болмайды.
Кескіш пышағын ұстауға болмайды.
Егер батареялардан аққан сұйықтық теріге немесе киімге тисе,
оларды дереу таза сумен жуыңыз.
Аппаратты пайдаланбайтын болсаңыз, батареяларын алып,
айнымалы ток адаптерін ажыратыңыз.
Көрсетілгеннен басқа батареяны пайдалануға болмайды. Ескі жəне
жаңа батареяларды бірге немесе əртүрлілерін, зарядтау
деңгейлері, өндірушілері немесе модельдері əртүрлі батареяларды
бірге пайдаланбаңыз. Батареяның оң жəне теріс зарядты жақтарын
керісінше салуға болмайды.
Аппаратты/айнымлы ток адаптерін түсіріп немесе соғып алуға
болмайды.
Сұйық кристалды дисплейді (СКД) баспаңыз.
Кассета қақпағын жапқанда, саусағыңызды аппараттың ішінде
қалдырмаңыз.
•Ni-MH зарядталмалы батареяларын пайдаланардан бұрын,
батареялардың, зарядтағыштың нұсқауларын мұқият оқып шығып,
оларды дұрыс пайдаланыңыз.
Ni-MH зарядталмалы батареяларын пайдаланардың алдында,
оларды арнайы зарядтағышпен зарядтаңыз. Ni-MH зарядталмалы
батареяларын зарядтау үшін айнымалы ток адаптерін (AD-24ES)
пайдалану мүмкін емес.
Орынға, материалға жəне орта жағдайларына байланысты,
жапсырма жабысып немесе алынбай қалуы мүмкін, жапсырманың
түсі өзгеруі немесе басқа заттарға берілуі мүмкін. Жапсырманы
қолданардан бұрын, орта жағдайлары мен материалды тексеріңіз.
Аппаратты басқаша немесе бұл нұсқаулықта сипатталмаған
мақсатқа пайдаланбаңыз. Бұл шартты орындамау салдарынан апат
тудыруы немесе аппаратты зақымдауы мүмкін.
Бұл аппаратта Brother TZe таспаларын ғана пайдаланыңыз. Тек
таңбасы бар таспаларды қолданыңыз.
Аппаратты тазалауға жұмсақ, түксіз, құрғақ шүберекті ғана
пайдаланыңыз; ешқашан спирт немесе басқа органикалық
ерітінділер пайдаланбаңыз.
Баспа бастиегін тазалау үшін құрғақ мақта таяқшасын пайдаланыңыз.
Басып шығару бастиегіне ешқашан тікелей қолдарыңызды тигізбеңіз.
Таспа шығатын саңылауға, айнымалы ток адаптерінің ұясына
немесе батареясалғышқа бөгде заттар салмаңыз.
Аппаратты, батареяларды немесе айнымалы ток адаптерін тікелей
күн көзінде немесе жаңбырда қалдыруға болмайды,
жылытқыштардың не басқа жылу бөлетін құрылғылардың жанына
немесе өте жоғары не төмен температуралы (мысалы, көліктің
құралдар тақтасы немесе артқы жағы), ылғалдылығы жоғары
немесе шаң жерге қоюға болмайды.
Кескіш тұтқасын қатты басуға болмайды.
Бос таспалы кассетамен немесе аппаратқа таспалы кассетаны
салмай, жапсырмаларды басып шығармаңыз. Бұдан басып шығару
бастиегі бүлінуі мүмкін.
Аппаратты зақымдамау үшін кассетадағы таспаны тартуға немесе
қатты басуға болмайды.
Жадқа сақталған деректер аппараттың ақаулығына немесе оны
жөндеуге байланысты немесе батарея толық біткенде өшіп қалады.
Қуат көзі үш минуттан аса уақытқа ажыратылғанда, барлық мəтін,
пішім параметрлері жəне жадқа сақталған мəтіндік файлдар өшіп
қалады.
Аппарат зарядталмалы батареялар үшін зарядтау мүмкіндігімен
жабдықталмаған.
Басып шығарылған мəтін СК дисплейге шыққан мəтіннен басқаша
болуы мүмкін.
Басып шығарылған жапсырманың ұзындығы дисплейдегі жапсырма
ұзындығынан басқаша болуы мүмкін.
Өндіру жəне тасымалдау барысында дисплейдің үстіңгі жағына
мөлдір қорғаныш пластик стикер жапсырылады. Пайдаланар
алдында бұл стикерді алып тастаңыз.
Өнімнің қауіпсіздік
нұсқаулығы
PT-H110/PT-E110
Қазақша
Қауіпсіздік шаралары
Алдын алмаған жағдайда өлімге немесе ауыр жарақатқа
əкелуі мүмкін ықтимал қауіпті жағдайды білдіреді.
АБАЙЛАҢЫЗ
Қытайда басып шығарылған
Алдын алмаған жағдайда жеңіл немесе орташа деңгейлі
жарақатқа алып келуі мүмкін ықтимал қауіпті жағдайды
білдіреді.
Жалпы сақтық шаралары
ЕСКЕРТУ

Содержание

Өрт шығу қаупін, күйік пен ток соғуды болдырмау үшін электр құралдарын дұрыс пайдалану жөніндегі нұсқаулар. Қауіпсіздік шараларын орындау маңызды.

Скачать