Polaris PST 0103 Руководство по эксплуатации онлайн [21/32] 771887

Polaris PST 0103 Руководство по эксплуатации онлайн [21/32] 771887
21
1. Жалпы мәлімет
Бұл пайдалану бойынша нұсқаулық, моделі PST 0103 POLARIS сауда таңбасымен
шығарылатын тұрмыстық электрлік сэндвич пісіруге арналған құрылғы (бұдан әрі мәтін
бойынша – сэндвич пісіруге арналған құрылғы, сэндвич пісіргіш құрылғы, құрылғы) жөніндегі
техникалық деректері мен сипаттамаларымен, оның құрылғысымен, сонымен қатар құрылғыны
сақтау және пайдалану бойынша ережелермен танысуға арналған.
2. Кұрылғының пайдалану саласы
Бұл құрылғы осы пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың талаптарына сәйкес, тұрғын
ғимаратында, қалыпты болып саналатын ылғалдық пен температурада, тек тұрмыста және
соған ұқсас жағдайларда ғана пайдалануға арналған:
тұрақты тұрғылықты мекенжайларда;
дүкен қызметкерлерінің тамақтанатын орындарында, кеңселерде, фермерлік
шаруашылықта және басқа да жұмыс орындарында;
тұруға арналған қонақ үйлерде, отельдерде, сонымен қатар басқа да тұруға арналған
орындарда;
түнеуге және таңғы асты ішуге арналған орындарда пайдалануға арналған.
Құрылғыны өнеркәсіптік және коммерциялық мақсатта пайдалануға тыйым салынады,
сондай-ақ, бұл құрылғы тамақ емес өнімдерді өңдеуге арналмаған.
Бұл құрылғыны бөлмеден тыс жерде қолдануға тыйым салынады.
Өндіруші осы пайдалану жөніндегі Нұсқауда қарастырылмаған немесе дұрыс
пайдаланбаудың нәтижесінде туындаған залал үшін жауапты емес.
3. Кұрылғының сипаттамасы
Сэндвич пісіруге арналған құрылғы бұл әртүрлі тағамдық өнімдерді құрылғының
қыздырғыш панелінде немесе оның екі қыздырғыш панельдерінің аралығында қыздырып
пісіру үшін арналған немесе қуыру жолымен әзірлеп, дайындауға арналған құрылғы.
1-суретте берілген құрылғының сипаттамасы

Содержание

Скачать