Polaris PST 0103 Руководство по эксплуатации онлайн [25/32] 771887

Polaris PST 0103 Руководство по эксплуатации онлайн [25/32] 771887
25
5.4. Тағамдық өнімдерді грильде қуырып әзірлеу
1. Сэндвич пісіргіш құрылғының қақпағын ашыңыз. Бұл құрылғыға тағамдық өнімдерді грильде
қуырып әзірлеу үшін арналған алынбалы жұмыс панельдерінің жиынтығын осы пайдалану
жөніндегі нұсқаулықтың 5.1. тарауында көрсетілгендей, оның сипатталған нұсқауларын қолдана
отырып, тиісті әрекеттерді жасап, сәйкес орнатыңыз.
2. Осы пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың 5.2. тарауында көрсетілгендей, оның 2-4 тармағындағы
сипатталған нұсқауларын қолдана отырып, тиісті әрекеттерді қайталап орындаңыз.
3. Содан кейін сэндвич пісіргіш құрылғының қақпағындағы бекіткіш құлпын ашыңыз да, сэндвич
пісіргіш құрылғысының жоғарғы панелін көтеріңіз, содан кейін тағамдық өнімдерді қызып тұрған
төменгі жұмыс панелінің үстінгі қабатына салыңыз. Сэндвич пісіргіш құрылғының қақпағын абайлап
жабыңыз.
4. Тағамдық өнімдердің әзірлігін тексеру үшін сэндвич пісіргіш құрылғының қақпағын ашу қажет, ол
үшін құрылғының қақпағын, яғни оның жоғарғы жұмыс панелін абайлап көтеріп ашыңыз. Тағамдық
өнімдер қуырылып піскен кезде, оларды ыстыққа төзімді ағаш қалақшамен немесе пластмасс
қалақшамен жайлап алыңыз. Қуырылып пісірілген тағамдық өнімдерді қызып тұрған панелінің
үстінгі қабатынан алу барысында, сэндвич пісіргіш құрылғының алынбалы жұмыс панельдерінің
үстінгі қабатындағы күйіп кетуден сақтайтын жабынын бүлдіріп алмас үшін, ешуақытта метал асүй
бұйымдар мен үшкір металл заттарды (шанышқы, пышақ және т.с.с.) немесе кез келген өткір заттарды
қолданбаңыз.
Жоғарыда аталған тағамдарды пісіру үшін олардың әзірлену уақытысы осы нұсқаулықта
ұсынылған уақыттан өзгеше болуы мүмкін.
Назар аударыңыздар!
Бұл сэндвич пісіргіш құрылғы автоматты сөндіргішке ие емес. Тағамды немесе тағамдық
өнімдерді әзірлеп болған соң, сэндвич пісіргіш құрылғыны сөндіру үшін, оның электр
желілік баусымның айыртетігін жалғасып тұрған электрлік қоректену желісінен ажыратып
алыңыз.
6. Тазарту және күтім
Сэндвич пісіргіш құрылғының электр желілік баусымның айыртетігін жалғасып тұрған
электрлік қоректену желісінен ажыратып алыңыз.
Сэндвич пісіргіш құрылғы толығымен суығанша күте тұрыңыз, тазартуды тек құрылғы
толық суыған соң ғана бастауға болады.
Тағам әзірлеп болғаннан кейін бұл құрылғыны алдын ала тазалап алған жөн. Сэндвич
пісіруге арналған құрылғыны әрбір пайдаланған сайын тазарту қажет. Бұл сэндвич пісіргіш
құрылғыны тазартпас бұрын, құрылғыны және оның ішін әркез тағам қалдықтарынан және
өзге де ластанулардан сүртіп тазартыңыз. Құрылғыға тағам қалдықтары қатып, жабысып қалмас
үшін тазарту үдерісін ұзақ уақытқа қалдырмаңыз.
Бұл құрылғыны суға және өзге де сұйықтықтарға батырып салмаңыз. Құрылғының электрмен
қоректендіретін электр жалғауына, сэндвич пісіргіш құрылғының электр баусымына және оның
ашасына, яғни оның барлық электрлі байланыстарға судың тиіп кетпеуін үнемі қадағалаңыз.
Сэндвич пісіргіш құрылғының алынбалы жұмыс панельдерін осы пайдалану жөніндегі
нұсқаулықтың 5.1. тарауында көрсетілгендей, оның сипатталған нұсқауларын қолдана
отырып, тиісті әрекеттерді жасап, сәйкес ажыратып алыңыз да, оларды жылы, сабынды суда
жуып, шайып тазалаңыз, бірақ жуу барысында агрессивті және абразивті заттары бар жуғыш
құрылғыларды пайдаланбаңыз.
Күйіп жабысып қалған тағам қалдықтарын жою үшін кез келген жұмсақ түкті қылшақты
пайдаланыңыз (құрылғының жеткізілім жиынтықтығына кірмейді).
Сэндвич пісіргіш құрылғыны тазарту барысында немесе оның алынбалы жұмыс панельдерін
жуып, тазартқан кезде металл қылшақтарды және абразивті заттары бар жуғыш құралдарды
пайдалануға тыйым салынады.
Сэндвич пісіргіш құрылғының алынбалы жұмыс панельдерін қайта құралға орнатпас бұрын,
оларды толықтай жақсылап құрғату қажет.

Содержание

Скачать