Polaris PUH 8060TFD Руководство по эксплуатации онлайн [32/36] 772273

Polaris PUH 8060TFD Руководство по эксплуатации онлайн [32/36] 772273
32
12 сағатқа дейін 1 сағат қадаммен) орнатуға мүмкіндік береді. Таймерді іске қосу үшін мына
көрсетілген (TIMER) белгісі бар батырмасын қайта-қайта біртіндеп басу арқылы
құрылғының автоматты түрде сөнуіне дейінгі қалаған уақытыңызды 1-ден - 12-ге дейін
таңдап, белгілеңіз. Дисплейдің бетінде таңдалған уақыттық мәні, яғни таймердегі
құрылғының автоматты түрде сөнуіне дейін белгіленген уақыттық мәні көрсетіледі. Таймер
функциясын сөндіру үшін, мына -- белгісі бар мәнін таңдаңыз (бұл мән 12 сағат мәннен
кейінгі ең соңғы мәні болып табылады). Сондай-ақ, «Таймер» функциясын мына көрсетілген
(TIMER) белгісі бар батырмасын басып ұстап тұрып сөндіруге болады.
Әрқашан құрылғының суға арналған сыйымдылығындағы (резервуарындағы) судың
мөлшерін бақылап отырыңыз. Егер құрылғының жұмысы барысында, оның суға арналған
сыйымдылығында (резервуарында) су таусылып қалған болса немесе оның ішінде су азайып,
судың мөлшері жеткіліксіз болған жағдайда ауа ылғалдандырғыш автоматты түрде сөнеді.
Дисплейдің бетінде құрылғының суға арналған сыйымдылығында (резервуарында) судың
мөлшері жеткіліксіз екенін көрсететін жарық индикаторы жанады. Құрылғының суға
арналған сыйымдылығына (резервуарына) су құйып толтырыңыз, құрылғы жұмыс істей
бастайды.
Құрылғыдағы мына көрсетілген (DEGERMING) зарарсыздандыру белгісі бар
батырмасын басу арқылы ауа ылғалдандырғышта «жылы бу» режимін іске қосуға болады.
Дисплейдің бетінде мына көрсетілген жарық индикаторы жанады және 10-15 минуттан
кейін құрылғыдан жылы бу шыға бастайды.
(DEGERMING) зарарсыздандыру белгісі бар батырмасын қайтадан басқан кезде,
құрылғыдағы ауаның иондануы режимін іске қосады. Дисплейдің бетінде мына көрсетілген
жарық индикаторы жанады.
(DEGERMING) зарарсыздандыру белгісі бар батырмасын үшінші рет басқан кезде,
ауа ылғалдандырғышта «жылы бу» режимі сөнеді.
(DEGERMING) зарарсыздандыру белгісі бар батырмасын төртінші рет басқан кезде,
құрылғыдағы ионизаторы сөнеді.
Түнгі режимі: мына көрсетілген (HUMIDITY) ылғалдандыру белгісі бар батырмасын
ұзақ басу арқылы ауа ылғалдандырғыш құрылғының түнгі режимін іске қосуға болады. Түнгі
режимі іске қосылған соң, құрылғының дисплейінде мына көрсетілген қызыл
индикатордан басқа барлық индекаторлары сөнеді. Дисплейді белсендіру үшін құрылғыдағы
кез келген батырмасын басыңыз.
Ауа ылғалдандырғышты сөндіру үшін, құрылғыдағы басқару панеліндегі немесе оның
қашықтан басқару пультіндегі мына көрсетілген (ON/OFF) іске қосу/сөндіру
батырмасын басыныз. Ауа ылғалдандырғыш Standby күту режиміне ауысады. Құрылғының
жұмысын мүлдем тоқтату үшін, ауа ылғалдандырғыштың электр желілік баусымның
штепсельдік айырын ашалы розеткасынан суырып, ажыратып алыңыз.

Содержание

Скачать