Scarlett SC-BS33D85 Руководство по эксплуатации онлайн [13/30] 778633

Scarlett SC-BS33D85 Руководство по эксплуатации онлайн [13/30] 778633
IM017
www.scarlett.ru SC-BS33ED85
13
Салмақты дәл айқындау үшін таразының үнемі бір жерде тұрғаны дұрыс. Таразының орнын ауыстырған
кезде оны тегіс емес жерге қоюыңыз ықтимал, ал бұл салмақтың дәл көрсетілуіне әсер етуі мүмкін.
Салмақты дәл айқындау үшін үнемі бір уақытта, киіміңіз бен аяқ киіміңізді шешіп, тамақтанардан бұрын
өлшену керек.
Салмақты барынша дәл айқындау үшін ұйқыдан тұрғаннан кейін 2 сағат өтпей тұрып салмақты өлшемеген
жөн.
Таразының үстіне шығыңыз. Ештеңеге сүйенбей, тік тұрыңыз.
ЖҰМЫСТЫ БАСТАУ
Батарея бөлімін ашыңыз, қорғаныс қабатын алып тастап, содан кейін қақпағын жабыңыз.
Таразы жұмысқа дайын.
Таразы әдепкі бойынша «стоун» өлшем бірлігіне бапталған. Таразының артқы қабырғасында ажыратқыш
бар, оның көмегімен Сіз өлшем бірлігі ретінде «килограмм» немесе «фунт» мәнін таңдай аласыз.
Таразыны іске қосу үшін оның үстіне шығыңыз.
Бейнебетте «0.0» белгісі жанғанша бірнеше секунд күтіңіз.
АВТОМАТТЫ ТҮРДЕ СӨНУ
Егер таразыны іске қосқаннан кейін 20 секунд ішінде ешқандай іс-әрекет жасалмаса, таразы автоматты
түрде сөнеді.
Өлшенгеннен кейін үстінде жүгі жоқ таразы 6 секундтан кейін автоматты түрде сөнеді.
ПАЙДАЛАНУШЫ ДЕРЕКТЕРІН ЛАЙЫҚТАУ
Талдау жасау үшін ең әуелі өзіңіздің параметрлеріңізді енгізу керек.
SET түймешігін басыңыз, сонда бейнебетте тоғыз жады ұяшығының біріншісі (USER0) көрсетіледі. Келесі
параметрлерді орнатуға болады:
Бейнебеттегі
көрсеткіштер
Мәні
Ер адам
Әйел адам
CM(FT;In)
Бойы
Age
Жасы
FAT
Май
TBW
Су
%
Пайыздық арақатынасы
«Жоғары» немесе «төмен» түймешіктерін басу арқылы тиісті мәндерді орнатуыңызға болады. Әр мәннің
енгізілгенін SET түймешігін басу арқылы растау керек.
ЖЕКЕ ДЕРЕКТЕРДІ ЕНГІЗУ
SET түймешігін басыңыз. Бейнебетте бос жады өрісі пайдаланушының нөмірі, мысалы USER 01
жарықтанады. Таңдауыңызды SET түймешігін басу арқылы растаңыз немесе түймешіктерін басу арқылы
келесі бос пайдаланушының бос нөмірін, мысалы, USER 02 таңдаңыз. Одан кейінгі параметрлерге өту үшін
SET түймешігін басыңыз.
Одан кейін «ер адам» немесе «әйел» белгішесі жарықтанады. Таңдауыңызды SET түймешігін басу
арқылы растаңыз немесе түймешіктерін басу арқылы өз жынысыңызды таңдаңыз.
Келесі параметрлерге өту үшін SET түймешігін басыңыз.
Жасыңыз (age) бен бойыңыздың (cm) параметрлерін де осылайша орнатыңыз.
Әрбір параметрді растау үшін SET түймешігін басыңыз.
Соңғы параметр (бой, cm) расталғаннан кейін бейнебетте 0,0 KG көрсеткіші мен пайдаланушы нөмірі,
мысалы, USER 2 жарықтанады. Өлшенуді бастаңыз. Өлшенген кезде көрсеткіш тұрақтануы үшін қимылсыз
тұрыңыз.
Ескерту: өлшенген кезде екі аяқтың, балтырдың, сирақтың және санның арасы бір біріне тиіп тұрмауға тиіс.
Олай болмаған жағдайда өлшеуді тиісті түрде іске асыру мүмкін емес.
Әуелі бейнебетте сіздің салмағыңыз көрсетіледі, содан кейін бірнеше секунд өткенде сіз кезек-кезек
бейнеленетін төмендегі ақпаратты көресіз:
Бейнебеттегі
көрсеткіштер
Мәні
FAT
Май
TBW
Су
%
Пайыздық арақатынасы
Деректер сіздің қазіргі сәтте қандай күйде екеніңізді айтады (кестені қараңыз)
Скачать