Polaris PGP 0602en Rush Руководство по эксплуатации онлайн [23/34] 778641

Polaris PGP 0602en Rush Руководство по эксплуатации онлайн [23/34] 778641
23
POLARIS
Моделі PGP 0602 Golden rush
Пайдалану жөніндегі нұсқаулық
POLARIS сауда таңбасымен шығарылатын өнімді таңдағаныңыз үшін алғысымызды
білдіреміз. Біздің бұйымдар сапа, функционалдық және дизайнға қойылатын жоғары талаптарға
сәйкес жасалған. Біздің фирмадан жаңа бұйым алғаныңызға риза болатыныңызға сенімдіміз.
Құрылғыны пайдаланбас бұрын осы пайдалану жөніндегі нұсқаулықты міндетті түрде
толықтай, мұқият оқып шығыңыз, осы нұсқаулықтың барлық пайдалану ережелерімен мұқият
танысыңыз, онда Сіздің қауіпсіздігіңізге қатысты маңызды ақпарат бар, сондай-ақ, құрылғыны
дұрыс пайдалану және оған күтім көрсету жөніндегі нұсқаулар мен кеңестер берілген.
Пайдалану жөніндегі нұсқаулықты кепілдік талонымен, кассалық чекпен бірге,
мүмкіндігінше, картон қорапта және орама материалымен бірге сақтаңыз.
ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТ
Бұл пайдалану бойынша нұсқаулық, моделі PGP 0602 Golden rush POLARIS сауда таңбасымен
шығарылатын, тағамдық өнімдерді грильде қуырып, әзірлеу үшін арнайы арналған, тұрмыстық
электрлік гриль құрылғы (бұдан әрі мәтін бойынша гриль, құрылғы) жөніндегі техникалық
деректері мен сипаттамаларымен, оның құрылғысымен, сонымен қатар құрылғыны сақтау және
пайдалану бойынша ережелермен танысуға арналған.
ҚҰРЫЛҒЫНЫҢ ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫ
Бұл құрылғы осы пайдалану жөніндегі Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес, тұрғын ғимаратында,
қалыпты болып саналатын ылғалдық пен температурада, тек тұрмыста және соған ұқсас
жағдайларда ғана пайдалануға арналған:
дүкен қызметкерлерінің тамақтанатын орындарында, кеңселерде, фермерлік шаруашылықта
және басқа да жұмыс орындарында;
тұрақты тұрғылықты мекенжайларда, тұруға арналған қонақ үйлерде, отельдерде, сонымен
қатар басқа да тұруға арналған орындарда;
түнеуге және таңғы асты ішуге арналған орындарда пайдалануға арналған.
Құрылғыны өнеркәсіптік және коммерциялық мақсатта пайдалануға тыйым салынады, сондай-
ақ, тамақ емес өнімдерді өңдеуге арналмаған.
Бұл құрылғыны бөлмеден тыс жерде қолдануға тыйым салынады.
Өндіруші осы пайдалану жөніндегі Нұсқауда қарастырылмаған немесе дұрыс пайдаланбаудың
нәтижесінде туындаған залал үшін жауапты емес.
ҚҰРЫЛҒЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ
Гриль түрлі тағамдық өнімдерді қыздыру тақтасында немесе екі қыздыру тақтасының
аралығында қуыру жолымен әзірлеп, дайындауға арналған құрылғы.
Скачать