Polaris PST 0301 Руководство по эксплуатации онлайн [25/29] 778642

Polaris PST 0301 Руководство по эксплуатации онлайн [25/29] 778642
25
Назар аударыңыздар!
Құрылғыны ванна, ыдыс-аяқ жуатын шұңғылша немесе сумен толтырылған басқа ыдыстардың
қасында пайдалануға болмайды.
Сондай-ақ, бұл құрылғыны ылғалдығы жоғары бөлмежайларда пайдалануға мүлдем болмайды.
Құрылғыны ешбір жағдайда суға немесе басқа сұйықтықтарға батырып салуға мүлдем
болмайды. Іске қосылып, жұмыс істеп тұрған құрылғыны ылғал қолмен ұстауға болмайды.
Құрылғы дымқылданса, оның электр желілік баусымның айыртетігін бірден электрлік
қоректену желіден ажыратыңыз.
Құрылғы суға түсіп кеткен жағдайда, оны бірден электрлік қоректену желіден ажыратыңыз.
Сонымен бұл кезде қолды суға малуға мүлдем болмайды. Құрылғыны екінші мәрте
пайдаланудың алдында, оны білікті маман тексеріп шығуы керек.
Құрылғыны бөлмежайдан тысқары жерде пайдаланбаңыз. Құрылғыны сүйiр бұрыштарға
соғылуынан сақтаңыз. Құрылғы және оның электрлі желілік баусымы ыстық ауаның тікелей
күн көзіне, жоғары температураның әсеріне, тікелей күннің жарық сәулесінің және де жауын-
шашындардың түсуіне және ылғалға ұшырамайтындай етіп, яғни құрылғылардың бұзылу
қаупін туғызатын себептерін болдырмайтындай етіп, сақталуы керек.
Құрылғыны тек қана ауыспалы тоқ көзіне ғана қосыңыз (~).Құрылғының электр желілік
баусымның айыртетігін электр желіге жалғастырып қоспас бұрын, құрылғының техникалық
сипаттамаларында көрсетілген кернеудің параметрлері Сіздің үйіңіздегі электрлік желісінде
қолданылатын кернеуіне, яғни электрлік желінің параметрлеріне сәйкес келетініне көз
жеткізіңіз.
Құрылғыны тек қана жерге тұйықталған желіге ғана қосуға қажет. Сіздің қауіпсіздігіңізді
қамтамасыз ету үшін жерлендіру бекітілген электр техникалық нормаларға сәйкес келуі тиіс.
Техникалық стандартқа сай келмейтін қуат беру және электрлік қоректендіру көздері мен
ұзартқыш және үшжақты жалғаулық секілді қосу құрылғыларын пайдаланбаңыз.
Қосымша қорғаныс үшін асүй техникасының электр қоректендіру тізбегіне 30 мА-дан
аспайтын, іске қосылуы қарастырылған номиналды тоғы бар қорғаныс сөндіру құрылғысын
(ҚСҚ) орнатуға кеңес беріледі. ҚСҚ орнатқан кезде кеңес алу үшін білікті маманға
хабарласқан жөн.
Кез келген ақау бола тұра құрылғыны іске қосу Сізді кепілдікті қызмет көрсету
құқығынан айырады.
Құрылғымен пайдаланып болғаннан кейін, сонымен қатар, құрылғыны тазартпас бұрын немесе
құрылғы сынып, істен шыққан жағдайда, сондай-ақ, құрылғының бөліктері мен бөлшектерін
орнатпас бұрын немесе оларды бөлшектеу қажет болған жағдайда, оны әрдайым желіден
ажырату қажет.
Электр желінің шамадан артық жұмыс істеуіне жол бермеңіз, әйтпесе оқыс жағдай орын алуы
мүмкін немесе құрылғы зақымдалуы мүмкін. Ол үшін жалғастырғыш құралдың көмегімен өзге
құралдарды бір ашалы розеткаға қоспаңыз.
Құрылғыны оның электрлік қоректену желілік баусымнан ұстап тасымалдауға болмайды.
Сондай-ақ, құрылғыны оның электрлік қоректену желілік баусымнан ұста, тартып электрлік
қоректену желісінен ажыратуға тыйым салынады. Құрылғының қуат өткізетін электрлі
желілік баусымын электрлік қоректену желіден ажыратқан кезде, тек қана оның электр желілік
баусымның штепсельді айыртетігінен ұстаңыз.
Құрылғының электр желілік баусымның штепсельді айыртетігін электр желіге жалғастырып
қосқан кезде немесе оны электр желіден ажырату барысында, электрлік тоқ соққыснан сақтану
үшін, оның электр желілік баусымдағы штепсельді айыртетігінің металл бөліктеріне
қолыңызды тигізбеңіз.
Құрылғымен пайдаланып болған соң, оның электрлі қоректендіргіш баусымын құрылғыны
айналдыра орауға болмайды, себебі, уақыт өте келе бұл баусымның үзілуіне әкеп соғуы
мүмкін. Қашанда құрылғыны сақтау үшін оның электр желілік баусымын жақсылап
тарқатыңыз.
Құрылғының электр желілік баусымын тек қана білікті мамандар қызмет көрсету
орталығының қызметкерлері ғана ауыстыра алады. Жөндеу жұмыстарын біліктілігі жоқ немесе
біліктілілігі төмен деңгейдегі не санаты жоқ тұлға тарапынан жасалған болса, бұл
қолданушыны қауiп-қатерге ұшыратуы мүмкін.

Содержание

Похожие устройства

Скачать