Era CНК-500-УЦ 140-260В/220В 500ВА Руководство по эксплуатации онлайн [8/16] 784018
![Era CНК-500-УЦ 140-260В/220В 500ВА Руководство по эксплуатации онлайн [8/16] 784018](/views2/2015767/page8/bg8.png)
1. Тұрақтандырғыштың тағайындалуы
Сізге ЭРА кернеу тұрақтандырғышын таңдағаныңыз үшін алғыс айтамыз.
ЭРА кернеу тұрақтандырғышы желілік кернеу мәндері ауытқыған жағдайда, тұрмыстық мақсатта тұрақты
бір фазалы қорек кернеуін ұстап тұруға арналған.
2. Кернеу тұрақтандырғышын таңдау
Кернеу тұрақтандырғышын таңдау кезінде назар аударуды қажет ететін негізгі бастапқы деректер:
• кіріс кернеулерінің диапазоны;
• тұрақтандырғыштың толық қуаттылығы;
• жүктеменің тұтынатын қуаттылығы.
Тұрақтандырғышты таңдаудағы алғашқы қадам оның қуаттылығын есептеу болып табылады. Сізге
қандай электр жабдығын таңдау керектігін анықтап алу қажет: бір аспап, аспаптар тобы (желіде кернеудің
құлдырауларына аса сезімтал) немесе бүкіл үйге (кеңсеге) арналған техника. Содан кейін тұрақтандырғышқа
қосылатын электр тұтынушылардың жиынтық қуаттылығын есептеу қажет.
Кернеу тұрақтандырғышының қуаттылығын таңдаудың негізгі шарты – оған қосылатын жүктеменің жиынтық
қуаттылығы тұрақтандырғыштың өзінің қуаттылығынан аспауы тиіс (кері жағдайда тұрақтандырғыштың
автоматикасы оларды тоқтатып тастайды). Дәлме-дәл мәндерді Өзіңіздің нақты тұтынушыңыздың
паспорттық деректерінен ғана білуге болады.
Бұдан әрі электр қозғалтқыштары бар тұтынушының толық қуаттылығын есептеу үшін, Белсенді және
Реактивтік жүктеме ұғымдарын ендіру қажет. Белсенді жүктеме ватпен өлшенеді. Жүктеменің осы түрінің
тұтынатын электр энергиясы энергияның басқа түрлеріне түрленеді, мысалы: жылу немесе жарық
энергиясы (теледидарлар, кір жуу машиналары, үтік және т.б.). Реактивтік жүктеме (жүктеменің осы
барлық қалған түрлері) индуктивтік және сыйымдылық жүктемелерден тұрады. Сөйтіп, толық қуаттылық
(ВА) пен белсенді қуаттылықты (Вт) әрқашан Cos(Fi) коэффиценті байланыстырады. Мәселен, электр
қозғалтқышынан құралған кез келген аспап үшін (тұрмыстық техника, электр аспабы) толық тұтынылатын
қуаттылықты есептеу үшін белгілі бір ереже қолданылады. Осындай құрылғыларда таңбалау арқылы
ватпен белсенді қуаттылық көрсетіледі. Мысалы, 1000 Вт қуаттылық көрсетілген шаңсорғыш үшін. Егер
аспапта коэффициент көрсетілмесе, онда жуық шамада оны 0,7 деп қабылдау керек, сөйтіп, оның толық
қуаттылығын (ВА) алу үшін, қажетті белсенді қуаттылықты коэффицентке бөлу керек. 1000/0,7 = 1428
ВА аламыз. Бұл жағдайда конструкцияларында электр қозғалтқыштар көзделген тұтынушылар үшін
тұтынушының паспортында оның номиналды қуатылығының көрсетілуі маңызды екенін ескеру керек,
іске қосу токтары ескерілмейді, олар бір кезеңде номиналдың 3-7 мәндеріне жетуі мүмкін. Қосылатын
жүктеменің жиынтық қуаттылығы да тұрақтандырғыштың кіріс орнындағы кернеуге байланысты. Шамамен
қуаттылық туралы деректерді Сіз келесі кестеден ала аласыз:
Жүктеме қуаттылығы бойынша 25-30% қоры бар қоры бар кернеу тұрақтандырғышының моделін таңдау
керек. Біріншіден, Сіз тұрақтандырғыштың «аяушы» жұмыс режимін қамтамасыз етесіз, сол арқылы оның
қызмет атқару мерзімін ұлғайтасыз, екіншіден, өзіңізге қосымша жабдықты қосуға арналған қуаттылық
резервін жасайсыз.
3. Тұрақтандырғышты пайдалану кезіндегі сақтық шаралары
Тыйым салынады:
• Тұрақтандырғышты өз бетінше бөлшектеуге және бөлшектенген күйінде желіге қосуға
• Тұрақтандырғышта артық жүктеме салуға. Тұрақтандырғышқа ұзақ уақыт артық жүктеме берілуі оның жиі
өшіп қалуына және оның қызмет атқару мерзімінің қысқаруына және істен шығуына әкеледі.
• Тұрақтандырғышты жерге тұйықтамай қосуға
• Тұрақтандырғыштың жарылысқа қауіпті бөлмелерде немесе химиялық белсенді ортада, сондай-ақ ылғал
әсер ететін жағдайларда (су конденсатының пайда болуы), ашық кеңістіктерде жұмыс істеуіне жол беруге
• Тұрақтандырғыштың үстін кез келген заттармен жабуға, желдеткіш саңылауларды жабуға,
тұрақтандырғышқа кез келген сұйықтықтың төгілуіне жол беруге
• Түтін, жанып жатқан оқшаулауға тән иіс пайда болғанда, жоғары шу пайда болғанда (жұмыс істеу кезінде
сырт етуі – оның жұмысына тән ерекшелік және ақау болып саналмайды), корпусы сынғанда немесе
корпусында сызаттар пайда болғанда, тұрақтандырғыштың кабелі зақымдалғанда, тұарқтандырғышты
пайдалануға.
4. Қосу тәртібі және жұмыс режимдері
Желілік кабельді тұрмыстық желіге, ал тұрақтандырғыштың розеткасына тұтынушыларды қосу
керек. Тұрақтандырғыштың 7 үстіңгі бетінен қосуды кідірту 6 немесе 180 с шамасын таңдау қажет
(конструкциясында электр қозғалтқыштар қарастырылған тұтынушыларды тұрақтандырғышқа қосу кезінде,
қосуды кідіртуді 180 с таңдау керек, бұл осындай тұтынушылардың қызмет атқару мерзімін ұзартады).
Тұрақтандырғышты қосу үшін, бүйір жағындағы ажыратқышты 1 «ҚОСУ» қалпына келтіру керек. Кіріс
кернеуі рұқсат етілген шекте тұрғанын тексерген соң, қосудың кідіру уақыты біткеннен кейін, оған қосылған
электр аспаптарына жүктеме береді. Тұрақтандырғыш қалыпты жұмыс істеген жағдайда, индикатор 3
жанады. Тұрақтандырғыш қалыпты жұмыс істеген жағдайда, индикатор 2 жанады. Тұрақтандырғыш
қосуды кідіртудің таңдалған уақытын есептеу режимінде тұрған кезде, индикатор 4 үзік-үзік жанады (бұл
жағдайда СНК-...-Ц моделдерінің дисплейлерінде өзіне қосылған аспапқа тұрақтандырғыштың қорек
беру сәтіне дейін қалған уақыттар секундпен көрсетіледі). Кіріс кернеуі рұқсат етілген шекте орнатылған
жағдайда, тұрақтандырғыш кідіру уақытын есептеген соң, өзіне қосылған тұтынушыға қайта қорек береді.
Тұрақтандырғышқа қосылған рұқсат етілген жүктеме шегінен тыс шықса (№1 кестені қараңыз), индикатор 5
жанады. Бұл жағдайда аспапқа қорек беру тоқтайды (СНК-…-Ц моделдерінің дисплейінде қоректі ажырату
алдында жоғары кернеуде «Н» символы немесе төменгі кернеуде «L» символы көрінеді). Кіріс кернеуін
бағалау үшін, батырманы 6 пайдалануға болады. Кіріс кернеуі рұқсат етілген шекте орнатылған жағдайда
(№1 кестені қараңыз), тұрақтандырғыш кідіру уақытын есептеген соң, өзіне қосылған тұтынушыға қайта
KZ
Содержание
- Снк 500 м ц снк 1000 м ц снк 1500 м ц снк 2000 м ц 1
- Технические характеристики техникалық сипаттамалары техникалык мүнөздөмөлөрү տեխնիկական բնութագրիչներ 3
- График зависимости мощности нагрузки от входного напряжения жүктеме қуатының кіру кернеуінен тәуелділік кестесі жүктөмдүн кубаттуулугунун кириүүчү чыңалуудан көз карандылыгынын графиги բեռնվածության հզորության կախվածության գրաֆիկը մուտքային լարումից 4
- Модели снк м 5
- Модели снк ц 5
- Гарантийный ремонт производится при наличии у покупателя правильно и четко заполненного гарантийного талона кепілді жөндеу сатып алушыда дұрыс және айқын толтырылған кепілдік талоны болған жағдайда кепилдик оңдоо сатып алуучунун туура жана так толтурулган кепилдик талону болгондо гана жүргүзүлөт երաշխիքային նորոգումն իրականացվում է գնորդի մոտ ճիշտ և հստակ լրացված երաշխիքային կտրոնի առկայության դեպքում 14
- Гарантийный талон кепілдік талоны кепилдик талону երաշխիքային կտրոն 14
- Отметка о проведённом ремонте заполняет сотрудник сервисного центра жүрізілген жөндеу туралы белгі сервистік орталықтың қызметкері толтырады жүргүзүлгөн оңдоо тууралуу белгилөө кызмат көрсөтүү борборунун кызматкери толтурат նշում կատարված նորոգման մասին լրացնում է սպասարկման կենտրոնի աշխատակիցը 14
- Подпись покупателя сатып алушының қолы сатып алуучунун кол тамгасы գնորդի ստորագրությունը 14
- С условиями гарантии ознакомлен а к комплектации и внешнему виду товара претензий не имею кепілдік шарттарымен таныстым тауардың жиынтықтамасына және сыртқы түріне шағымым жоқ кепилдиктин шарттары менен тааныштым товардын топтомдолушуна жана сырткы көрүнүшүнө дооматым жок ծանոթացել եմ երաշխիքային պայմաններին ապրանքի լրակազմի և արտաքին տեսքի վերաբերյալ պահանջներ չունեմ 14
- Отметка о проведённом ремонте заполняет сотрудник сервисного центра жүрізілген жөндеу туралы белгі сервистік орталықтың қызметкері толтырады жүргүзүлгөн оңдоо тууралуу белгилөө кызмат көрсөтүү борборунун кызматкери толтурат նշում կատարված նորոգման մասին լրացնում է սպասարկման կենտրոնի աշխատակիցը 15
- Www eraworld ru 16
Похожие устройства
- Бюрократ CH-608/FABRIC-RED Руководство по эксплуатации
- Бюрократ CH-608/FABRIC-DBLUE Руководство по эксплуатации
- Бюрократ CH-340M/VELV88 Руководство по эксплуатации
- Zitrek Green 16.8-Li-ion Руководство по эксплуатации
- Zitrek Green 12-Li-ion Руководство по эксплуатации
- Deko DKAG1400W Инструкция по эксплуатации
- Deko DKID650W Руководство по эксплуатации
- Deko DKJS900 PRO Руководство по эксплуатации
- Deko DKID650W / DKAG650W / DKJS650 Руководство по эксплуатации
- Deko DKCW125 Руководство по эксплуатации
- Deko DKCW170 PRO Руководство по эксплуатации
- Zitrek GreenCut 12 Руководство по эксплуатации
- Бюрократ T-9950SL/VELV73 Руководство по эксплуатации
- Бюрократ T-9950SL/ALFA44 Руководство по эксплуатации
- Бюрократ T-9950SL/LT-20 Руководство по эксплуатации
- Бюрократ T-9927WALNUT-AV/MUST Руководство по эксплуатации
- Бюрократ T-9926WALNUT/BLACK Руководство по эксплуатации
- Zombie VIKING TANK ORANGE Руководство по эксплуатации
- Zombie VIKING TANK GREY Руководство по эксплуатации
- Zombie VIKING TANK BLUE Руководство по эксплуатации