Bosch Serie 4 BGS21WX100 Инструкция по эксплуатации онлайн [64/96] 785713

Bosch Serie 4 BGS21WX100 Инструкция по эксплуатации онлайн [64/96] 785713
kk Қауіпсіздік
64
Құрылғыны электр желісінен ажырату үшін желілік кабельден
тартуға тыйым салынады. Желіге қосу кабелді ашасынан
тартыңыз.
Құрылғыны желілік кабельден тартуға немесе тасымалдауға
тыйым салынады.
Құрылғы немесе желілік кабель зақымданған жағдайда, желі
кабелінің ашасын розеткадан дереу шығарып алыңыз немесе
сақтандырғыш блогындағы сақтандырғышты өшіріңіз.
Қолдау көрсету қызметіне хабарласыңыз.
Құрылғыны тек жабық бөлмелерде пайдаланыңыз.
Құрылғыға қатты жылудың немесе ылғалдың тиюіне жол
бермеңіз.
Құрылғыны тазалау үшін булап тазартқыш немесе жоғары
басымдылықты булап тазартқышты пайдаланбаңыз.
Еш жағдайда желі кабелін ыстық құрылғы бөліктеріне немесе
жылу көздеріне тигізбеңіз.
Желі кабелін өткір ұштарға немесе шеттерге тигізбеңіз.
Желі кабелін бүкпеңіз, баспаңыз немесе өзгертпеңіз.
Бұйымды тек қана бұйым тақташасында көрсетілген
мәліметтері бойынша іске қосып қолданыңыз.
Құрылғыны тазалаған кезде жанғыш немесе спиртті заттарды
қолданбаңыз.
Желілік кабельді толықтай суырып алыңыз.
Киім, шаш, саусақ және басқа дене мүшелерін құрылғыдағы
саңылаулардан және жылжымалы бөліктерден алшақ ұстаңыз.
Еш жағдайда құбырды немесе саптамаларды көзге, шашқа,
құлаққа немесе ауызға бағыттамаңыз.
Сатыда тұрып шаң сорған кезде, құрылғы астында
адамдардың жоқтығына көз жеткізіңіз.
Жұмыста үзіліс жасаған кезде құрылғыны өшіріп, желілік
ашаны суырып алыңыз.
Желілік кабельді ішке тартыңыз.
Кабель автоматты түрде тартылғанда, желілік аша адамдарға,
дене мүшелеріне, жануарларға немесе заттарға
лақтырылмағанына көз жеткізіңіз.
Орама материалды балалардан алыс ұстаңыз.
Балаларға орам материалдарымен ойнауға рұқсат етпеңіз.

Содержание

Похожие устройства

Скачать