Gorenje MO20E2BH Руководство по эксплуатации онлайн [123/136] 786198

Gorenje MO20E2BH Руководство по эксплуатации онлайн [123/136] 786198
123
ЕСКЕРТУ! Тағамды тығыз жабылған ыдыстарда жылытпаңыз,
өйткені олар жарылып кетуі мүмкін.
Балалардың аспаппен ойнамауын қадағалаңыз.
Шағын толқынды пештің аяқтарын шешіп алмаңыз, желдету
тесіктерін жаппаңыз.
Шағын толқынды пештерде пайдалану үшін жарамды асүй
ыдыс-аяғын және керек-жарақтарды пайдаланыңыз.
Жұмыс істеп тұрған пешті қараусыз қалдырмаңыз, әсіресе,
егер қағаздан, пластиктен және басқа жанғыш заттардан
жасалған ыдысты пайдалансаңыз, өйткені олар балғып және
жанып кетуі мүмкін.
Егер сіз түтін немесе от байқасаңыз, пештің есігін ашпаңыз,
аспапты өшіріңіз және айырын штепсель розеткасынан
шығарыңыз немесе пешті электр қорек көзінен ажыратыңыз.
Сұйықтықты қыздыру кезінде абай болыңыз! Егер сіз шағын
толқынды пештен қайнау температурасына жақын сұйықтығы
бар сауытты тез шығарып алсаңыз, ол бұрқылдап, сіздің
қолыңызға төгілуі мүмкін.
Банкілердегі және бөтелкелердегі балалар тағамын
жылытқаннан кейін, бірқалыпты температураны қамтамасыз
ету үшін, ішіндегісін мұқият араластырыңыз немесе сілкіңіз.
Тамақтандырар алдында балалар тағамының температурасын
міндетті түрде тексеріңіз. ҚҮЙІП ҚАЛУ ҚАУПІ БАР!
Шағын толқынды пеште қабығы бар жұмыртқаны және қатып
пісірілген жұмыртқа дайындамаңыз және жылытпаңыз, өйткені
олар жарылып кетуі мүмкін.
Есігін, тығыздауышын, жұмыс камерасын тазарту үшін жұмсақ
абразивті емес тазарту құралдарын және жұмсақ губкаларды
немесе шүберектерді пайдаланыңыз.
Пешті үнемі тазартып тұрыңыз. Камера қабырғасында қалған
тағам қалдықтарын жойыңыз.

Содержание

Скачать