ТЕПЛОФОН БИН-15-Д Руководство по эксплуатации онлайн [24/34] 791064

ТЕПЛОФОН БИН-15-Д Руководство по эксплуатации онлайн [24/34] 791064
ЖШҚ «ТЕПЛОФОН»
Электр жылытқыштың «Теплофон» үлгісінің ТӨЛҚҰЖАТЫ
ТШ 3468-012-10188045-2014
Бет 24 барлығы 34
4 тарау. Жұмысқа дайындық.
4.1. Қызмет көрсету қызметкерлеріне қойылатын талаптар.
Электр жылытқыштардың қызмет көрсету және жөндеуге байланысты жұмыстарына,
жұмысты орындауға құқығы бар құжаттар немесе лицензиялары бар, ІІІ төмен емес рұқсат
тобына ие (ғимараттың электр қондырғыларын пайдалану 1000 В дейін), сондай-ақ биіктікте
жұмыс істеу кезінде нұсқамалықты өткен ұйымның оқыған қызметкерлеріне рұқсат етіледі.
4.2. Бөлмеге қойылатын талаптар.
4.2.1. Бұйым қабырғаға орнатылады.
Қабырға беттеріне электр жылытқыштың сыртқы жағындағы тіреуіш тесіктерінің
өлшемдеріне сай бұрама шегелер немесе дюбелдер орнатылуы тиіс.
Электр жылытқышты орнату кезінде сенімді тіреуіш қамтамасыз етілуі қажет.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ:
Жылытқышты ванна немесе душ қабылдаушы адамның оған жете алмайтындай
түрде орнату керек.
Тіреуіш үшін пайдалануға РҰҚСАТ ЕТІЛМЕЙДІ:
жылу иілімді металдар;
иілгіш кабелдер және сымдар;
созылуға ұшырауы мүмкін материалдар.
!!! Электр жылытқыштың тіреуіші ретінде электр желісінің сымын/кабелін қолдануға
РҰҚСАТ ЕТІЛМЕЙДІ!!!
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ:
Электр жылытқыштарды ғимараттың терең қуыстарында (мысалы, терезе алды тақтайы
астында) орнатуға ұсынылмайды, бұл жылытылған ауаның ауа ағынының еркінді
конвекциясының бұзылуына әкеп соғады.
Еденнен электр жылытқыштың бетіне дейінгі арақашықтық 0,1 м-ден кем емес.
Электр жылытқыштың жоғарғы бөлігінен терезе алды тақтайына дейінгі
арақашықтығы 0,25 м-ден кем емес.
!!! РҰҚСАТ ЕТІЛМЕЙДІ:
электр жылытқыштарды орнату орындарында ауа ағынының конвекциясына
бөгет болатын сәндік элементтерді (торлар, перделер және т.с.с.) қолдануға;
электр жылытқыштарды ашық алаңдарда орнатуға.
4.2.2. Еденде орнатылатын бұйым.
Еден үстіне орналастыру үшін электр жылытқыш корпусының төменгі бетіне аяқтар
(құрал жинақтамасынан) орнатыңыз.
Құралдың қабырғалық бекіткіші үшін электр жылытқыштың сырт жағынан тіреуішті
шешіңіз.
Құралды пайдалануға ыңғайлы жерде орналастырыныз. Электр жылытқышты электр
желісіне қосыңыз.
Құралды ваннаға, душқа, жүзу әуітіне немесе сұйықтығы бар басқа
сыйымдылықтармен тікелей жақындықтықта қолданбаңыз.
Жылытқышты жақын заттарға дейін 0,5 м-ден кем арақашықтықта орналастырмаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ:
Электр жылытқышты пайдалану кезінде жоғарыда аталған талаптарды және
ұсыныстарды орындаңыз.

Содержание

Похожие устройства

Скачать