Timberk E31 M TEC.E31 M 1500 Инструкция по эксплуатации онлайн [43/56] 793866

Timberk TEC.E31 M 1000 Инструкция по эксплуатации онлайн [43/56] 635908
IM2021
43
Құрметті сатып алушы!
Электр конвекторын жақсы таңдау және сатып алу үшін рахмет. Ол сізге ұзақ
уақыт қызмет етеді.
1. МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ
Аспапты пайдалану алдында пайдалану жөніндегі нұсқаулықпен мұқият
танысуыңызды сұраймыз. Бұл пайдалану нұсқаулығында сіздің қауіпсіздігіңізге
қатысты маңызды ақпарат, сондай-ақ аспапты дұрыс пайдалану және оны күтіп
ұстау жөнінде ұсыныстар бар. Пайдалану жөніндегі нұсқаулықты кепілдік
талонмен, кассалық чекпен, мүмкіндігінше картон қорабымен және орау
материалымен бірге сақтаңыз. Осы пайдалану жөніндегі нұсқаулықта осы үлгідегі
құрылғы түрлері сипатталады. Сіз сатып алған аспап нұсқаулықта сипатталғаннан
өзгеше болуы мүмкін, бұл оны қолдану мен пайдалану тәсілдеріне әсер етпейді.
Өндіруші қосымша ескертусіз бұйымның конструкциясына оның қауіпсіздігіне,
жұмыс қабілеті мен функционалына түбегейлі әсер етпейтін елеусіз өзгерістер
енгізу құқығын өзіне қалдырады. Осы Нұсқаулықтың мәтінінде және цифрлық
белгілерінде елеусіз қателер жіберілуі мүмкін.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Маңызды сақтық шаралары және осы нұсқаулықтағы нұсқаулар кез-келген болуы
мүмкін режимдер мен жағдайларды қамтымайды. Дайындаушы аспап немесе
оның жекелеген бөліктері оны тасымалдау кезінде, дұрыс орнатылмауы
нәтижесінде, кернеу ауытқуы нәтижесінде бүлінген жағдайда, сондай-ақ аспаптың
қандай да бір бөлігі өзгертілген немесе модификацияланған жағдайда жауапты
болмайды.
ЕСКЕРТПЕ
Бұйымда аспап туралы барлық қажетті техникалық деректер мен басқа да
пайдалы ақпарат көрсетілген заттаңба бар. Аспапты осы Нұсқаулықта көрсетілген
мақсаттарда ғана пайдаланыңыз.
2. САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
Аспапты пайдалану кезінде бірнеше сақтық шараларын сақтаған жөн. Бұл
қағидаларды ескермеу салдарынан дұрыс пайдаланбау пайдаланушының және
басқа адамдардың денсаулығына зиян келтіруге, сондай-ақ олардың мүлкіне
нұқсан келтіруге әкеп соқтыруы мүмкін. Өндіруші аспапты дұрыс орнатпау және
пайдаланбау нәтижесінде денсаулыққа келтірілген зиян және мүліктің
зақымдалуы үшін жауапты болмайды.
Қолдану кезінде бұзушылықтарды болдырмас үшін аспапты пайдаланар
алдында бұл нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз.
Бастапқы іске қосар алдында бұйымда көрсетілген техникалық
сипаттамалардың электр желісінің параметрлеріне сәйкестілігін
тексеріңіз.
Аспап жерге тұйықтау контактісі бар еуроашасымен жабдықталған. Аша
қалыпты еуророзеткаға сәйкес келіп және оған ешбір ерекше күш салусыз
кіруі тиіс. Егер аша розеткаға кірмесе немесе тығыз кіретін болса, оны
вертикаль бойымен 180 градусқа аударыңыз және тағы да кіргізіп көріңіз.
Егер бұдан кейін де Сіз ашаны розеткаға оңай кіргізе алмасаңыз,

Содержание

Похожие устройства

Скачать