Alteco SDS-Max RH 1400-50 Инструкция по эксплуатации онлайн [10/14] 794244

Alteco SDS-Max RH 1400-50 Инструкция по эксплуатации онлайн [10/14] 794244
10
KZ
4. Құралдың жұмыс тәртібі
Соққымен айналмалы бұрғы функциясы
• анкер тесіктерін бұрғылау
• бетонде тесіктерді бұрғылау
• кафельде тесіктерді бұрғылау
Айналмалы бұрғылау функциялары
• болат пен ағашты бұрғылау (қосымша жиынтық бөлшектерімен)
• бұрандаларды металл мен ағашқа бұрап кіргізу (қосымша жиынтық бөлшектерімен)
Пайдалануға дайындық
Электр қуатының көзі.
Қолданылатын электр қуатының көзі бұйымның үлгілік тақтайшасындағы көрсетілген электр қуатының көзіне
қойылатын талаптарға сай екендігін тексеріңіз.
Ажыратып қосқыш «Қосу\Өшіру»
Қосқыш «Өшірулі» күйінде болғанына көз жеткізіңіз. Егер Сіз штепсельді розеткаға қосып, ал ажыратып қосқыш
«Қосулы» күйінде болса, құрал бірден жұмыс жаса бастайды, бұл ауыр жарақатқа себеп болуы мүмкін.
Ұзартқыш.
Жұмыс орны қуат көзінен алыс болған кезде, ұзартқышты қолданыңыз. Ұзартқыш талап етілетін көлденең қимаға
ие болуы керек және қуат көзінің тиісті қуаттағы жұмысын қамтамасыз етеді.
Бұрғы қондырмасын ауыстыру
Бұрғы қондырмасын немесе бұрғының өзін бұрғылау патронына орнатыңыз және оны 2 суретте көрсетілгендей
бекітіңіз
2 сурет
Бұрғының қажетті қондырмасын таңдау
Бетон мен тасты бұрғылау үшін сол мақсаттарға арналған, тиісті диаметрі бар бұрғы қондырғыларын
пайдаланыңыз. Металл немесе пластмассаны бұрғылау үшін қалыпты металлды бұрғылау қондырмасын
қолданыңыз. Өлшемдері - 0,8 мм бастап бұрғылау патронының диаметрімен анықталатын максимумға дейін.
Ағашты бұрғылау үшін қалыпты ағашты бұрғылау қондырмасын қолданыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Материалды кәдімгі бұрғылау функциясы арқылы бұрғылау мүмкіндігі болса, электр құралын ешқашан
соққымен бұрғылау режиміне ауыстырмаңыз. Өзге жағдайда бұрғы қондырмасы мен электр құралының өнімділігі
түсіп, сондай-ақ бұрғы қондырмасының өзі бұзылуы мүмкін. Перфоратордың функцияларының сөндіргішін
ауыстыру кезінде ажыратып қосқыш тірелгеніне дейін орнын ауыстырғанын бақылаңыз.
Қосымша тұтқаны орнату
Тұтқаның бұрандамасын босатып, корпустағы тұтқаны бұрғылауға қолайлы қалыпта бекітіңіз, тұтқаның
қамытын корпустағы жыраға бағыттаңыз және бұрандаманы қатты тарттып бұрыңыз. Тұтқаны алу үшін
бұрандаманы босатып, тұтқаны бұрап шығарыңыз.

Похожие устройства

Скачать