Alteco JS 800 Руководство по эксплуатации онлайн [13/16] 794261

Alteco JS 800 Руководство по эксплуатации онлайн [13/16] 794261
13
5. Құралға қызмет көрсету
Құрастыру, реттеу, жөндеу немесе техникалық қызмет көрсету бойынша кез-келген
жұмыстарды орындау кезінде қуат сымын розеткадан міндетті түрде ажыратыңыз.
Ұсыныстар
Құралды таза күйінде ұстаңыз!
Құралдың пластмассадан жасалған бөлшектерін тазалау үшін қандай-да бір күйдіргіш заттарды
пайдалануға тыйым салынады.
Жұмыс аяқталғаннан кейін, шаңды кетіру және қозғалтқыш корпусындағы желдету саңылауларын
тазалау үшін құралды сығылған ауамен үрлеп тазарту керек.
Электр қозғалтқышының көмір щеткаларының күйін жүйелі түрде бақылаңыз (ластанған немесе қатты
тозған щеткалар ұшқындардың көп болуын және құрал шпинделінің айналу жиілігінің азаюын, сондай-
ақ құралдың істен шығуына себеп болуы мүмкін).
Бұйымның ҚАУІПСІЗДІГІН ЖӘНЕ БЕРІКТІГІН сақтау үшін көмір щеткаларын жөндеу, кез келген басқа
қызмет көрсету және реттеу техникалық қызмет көрсету жөніндегі уәкілетті орталықтарда, әрқашан
түпнұсқа ауыспалы бөліктерді пайдалана отырып жүргізілуі тиіс.
6. Кепілдеме шарттары
Тұтынушы құралды сақтау мен пайдалану ережелерін сақтаған жағдайда, өндіруші кәсіпорын құралдың
сатып алған күннен бастап 12 айдың ішінде үздіксіз жұмысына кепілдік береді.
Егер кепілдік мерзімінің ішінде құралдың бұзылуы өндірушінің кесірінен болса – өндіруші зауыт кепілдік
бойынша жөндеуді іске асырады.
Келесі жағдайларда кепілдік бойынша жөндеу жүргізілмейді және шағымдар қабылданбайды:
- кепілдеме куәлігінде сатушы ұйымның мөртабаны мен сатылған күннің жоқ болуы;
- құралдың тасымалдау және пайдалану кезіндегі зақымдалуы;
- пайдалану талаптарының сақталмауы;
- кепілдік мерзімінің өтіп кетуі немесе сақтау шарттарының бұзылуы.
Қызмет ету мерзімі үш жыл.
7. Электр құралын сақтау және кәдеге жарату ережелері
7.1 Сақтау
Құралды арнайы қаптамада (кейсте) немесе ластану, зақымдалу, ылғал, тікелей күн сәулелері, жоғары
температура немесе оның күрт өзгеруі әсерінен қорғайтын басқа тәсілмен сақтауға кеңес беріледі.
7.2 Құралды сақтау, қызмет ету мерзімдері. Қолдану мерзімі және кәдеге жарату
Сақтау мерзімі осы пайдалану бойынша нұсқаулықта көрсетілген шарттарды сақтаған жағдайда 10 (он)
жылды құрайды. Сақтау мерзімі өнім шығарылған күннен бастап есептеледі. Осы мерзім аяқталғаннан кейін
өнімнің техникалық күйіне қарамастан, оның сақталуы тоқтатылып, өнімнің техникалық жағдайын тексеру,
оны жөндеуге жіберу немесе кәдеге жаратып, жаңа сақтау мерзімін белгілеу туралы шешім қабылдануы
тиіс. Құралдың шығарылған күні оның заттаңбасында көрсетілген.
Сақтау шарттары мен пайдалану ережелерін, сондай-ақ осы нұсқаулықта көрсетілген құралды дұрыс
құрастыру және орнату ережелерін сақтаған жағдайда бұйымның қызмет ету мерзімі 5 (бес) жылды
құрайды. Қызмет ету мерзімі өнім сатылған күннен бастап есептеледі. Қызмет көрсету мерзімі аяқталғаннан
кейін немесе белгіленген қолдану мерзімі аяқталғаннан кейін, осы құрал кәдеге жаратылатын Еуразиялық
экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағында қолданыстағы нормалар мен ережелерге сәйкес,
қоршаған ортаға экологиялық зиян келтірместен, құрал әрі қарай пайдаланылмай кәдеге жаратылуы тиіс.
Құрал және оның құрамдас бөліктерін кәдеге жарату дегеніміз - бұл оны кейінгі балқыту немесе қайта
жөндеу кезінде пайдалану мақсатында толығымен бөлшектеу, сондай-ақ материалдар мен заттардың түрлері
бойынша сұрыптау.

Содержание

Скачать