Alteco JS 800 Руководство по эксплуатации онлайн [8/16] 794261

Alteco JS 800 Руководство по эксплуатации онлайн [8/16] 794261
8
Қазақ тілі
1. Қауіпсіздік шаралары
Электр құралын пайдалану алдында жану, электр тогымен жарақаттану қаупін азайту, жарақат алу және
құралға зиян келтіру мүмкіндігін төмендету мақсатында барлық қажетті шаралар қолданылуы тиіс. Бұл
сақтық шаралары төменде көрсетілген тармақтарды қамтиды.
Жеке қауіпсіздік
Қорғаныш көзілдірігін қолданыңыз. Шаңдылық деңгейінің жоғары болу жағдайында арнайы сүзгіш
бетпердесін қолданыңыз.
Арнайы киімді киіңіз. Құралдың айналмалы бөліктеріне ілінуі мүмкін бос киім мен әшекейлерді киюге
кеңес берілмейді.
Жұмыс кезінде арнайы қорғайтын қолғап және тайғанамайтын аяқ киім кию жөн. Егер шашыңыз ұзын
болса, оларды бас киімнің астына жинау қажет.
Салауатты пайым қағидаларын басшылыққа алыңыз. Егер сіз шаршап тұрсаңыз, мас күйінде немесе
дәрілік заттың әсерінде болсаңыз құралмен жұмыс істемеңіз.
Қуат беруші кабель құралдың әрекет ету аймағынан тыс жерде болуын қадағалаңыз.
Құралды ешқашан электр қуат беру баусымынан алып тасымаңыз. Айырды розеткадан алу үшін
баусымды жұлқымаңыз. Баусымды жоғары температурадан, майлау материалдары мен өткір шеттері бар
заттардың әсерінен қорғаңыз.
Құралдың бетінде көзге көрінетін ақаулардың бар болуын, сонымен қатар барлық функциялар мен
тетіктердің дұрыс жұмыс жасауын тексеріңіз.
Егер қандай да бір бөлшектерге зақым келтірілсе, олар құралға қызмет көрсету мен жөндеудің арнайы
авторизацияланған орталығында жөнделуі немесе ауыстырылуы тиіс.
Жұмыс кезінде Сіздің дене қалпыңыз әрдайым тұрақты әрі қауіпсіз болуы үшін тепе-теңдікті сақтауға
тырысыңыз
Қыл араны пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережелері және пайдалану бойынша ұсыныстар
Электр қыл арасы таңбалау тақтасында көрсетілген кернеуге сәйкес келетін кернеумен желіге қосылуы
керек. Төмен кернеу тогын қолдану құралдың шамадан тыс жүктелуіне әкелуі мүмкін. Ток түрі-айнымалы,
бір фазалы
Электр тогының соғуынан сақ болыңыз. Жерге тұйықталған құрылымдармен, мысалы, құбырлармен,
радиаторлармен, ас үй плитасымен, тоңазытқыш корпусымен жанасудан аулақ болыңыз.
Құралдарды балалардан алыс қойыңыз. Бөтен адамдарға сіздің жұмыс орныңызға жақын болуына рұқсат
бермеңіз.
Электр құралдарын тез тұтанатын сұйықтықтардың жанында, сондай-ақ газ тәрізді, жарылыс қауіпті
ортада пайдаланбаңыз.
Жаңбыр астында жұмыс жасамаңыз, ылғалдылығы жоғары бөлмелерде пайдаланбаңыз.
Жұмыс орнында жақсы жарықтандыруды сақтаңыз. Жұмыс орнындағы тәртіпсіздік апат қаупін
тудырады.
Электр құралы міндетті түрде 5 минут бойы жүктемесіз сынамалы іске қосумен сыналуы тиіс.
Электр құралына мұқият күтім жасаңыз. Барлық қозғалатын бөліктердің дұрыстығын, сынулардың
немесе зақымданулардың болмауын тексеріңіз. Зақымдалған бөліктер қолданар алдында жөнделуі керек.
Электр құралына нашар қызмет көрсету апаттардың негізгі себебі болып табылады.
Қыл араны, оның керек-жарақтарын, жұмыс құралдарын мақсатқа сәйкес қолданыңыз. Қыл араны оның
жұмыс мақсатына сай емес пайдалану қауіпті жағдайларға әкелуі мүмкін.
Қолыңызды аралау аймағына, дайындаманың астына қоймаңыз. Қозғалатын аралау тақтасына жақын
жерде қолыңыздың болуы жарақатқа әкелуі мүмкін.
Электр құралын бөлікке тек қосылған күйде жеткізіңіз. Әйтпесе, жұмыс құралы бөліктің ішінде кептеліп
қалған кезде кері соққы беру қаупі бар.
Аралау кезінде тіреу тақтасы (9) құралдың бетіне мықтап жанасуы қажет (1 сурет.). Тіреу тақтасының
қисықтығы аралау тақтасының қисаюына әкеледі, бұл араның сынуына және кері соққыға әкелуі мүмкін.
Тек бүлінбеген, деформацияланбаған аралау тақталарын қолданыңыз. Иілген, бұлдыр аралар кесу
сапасына теріс әсер етуі мүмкін, сонымен қатар кесу кезінде кептеліп қалса, бұл жарақат алуға әкелуі мүмкін.
Электр сымдары, өзге де инженерлік желілер жасырылуы мүмкін беттер бойынша жұмыстар жүргізу
кезінде құбырлардың, өткізгіштердің қабырғасында осындай желілерді табу үшін металл іздегіштерді
пайдаланыңыз. Электр сымымен жанасу нәтижесінде өртке, электр тогының соғуы қаупі пайда болады. Газ
құбырының зақымдануы жарылысқа әкелуі мүмкін. Су құбырының зақымдануы материалдық зақымға
әкеледі немесе электр тогының соғуына әкелуі мүмкін.

Содержание

Скачать