Scarlett S4 (SC 21.1005 S4) Руководство по эксплуатации онлайн [37/40] 794296

Scarlett S4 (SC 21.1005 S4) Руководство по эксплуатации онлайн [37/40] 794296
IM2022
37
Сонымен бірге сіз аспаптың қуаттылығын неғұрлым жоғарыға ауыстыра аласыз
(«II» немесе «III»).
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Аспаптың қалыпты жұмысы үшін электр желісіндегі кернеу деңгейі аспапта
көрсетілген техникалық параметрлерге қатаң сәйкестілікте жеткілікті болуы тиіс.
Техникалық жапсырмамен, сондай-ақ аспаптың үстіңгі бетінде орналасқан
арнайы ескертулері бар барлық жапсырмалармен мұқият танысып шығыңыз.
9. ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
1. Жылыту бөлімдерінің бетінен шаңды кетіру үшін құрылғыны үнемі тазалап
отыру керек екенін ұмытпаңыз. Құрылғының бетіндегі шаң мен ластану
құрылғының тиімділігіне теріс әсер етеді, жанған шаңның иісі кейбір жағдайларда
бас ауруы мен жүрек айнуын, сондай-ақ денсаулығыңызға басқа да жағымсыз
әсерлерді тудыруы мүмкін. Сондай-ақ, лас құрылғы 100% тиімді жұмыс істей
алмайды, бөлмені жылытудың температуралық параметрлері бұзылуы мүмкін.
2. Құрылғыны тазалау бойынша алдын-алу жұмыстарын жүргізбес бұрын,
құрылғыны өшіріңіз, оны электр желісінен ажыратыңыз "Сақтық шараларын"
қараңыз) және құрылғыны суытып алыңыз.
3. Құрылғының бөліктерін және басқа беттерді жұмсақ, сәл дымқыл
шүберекпен/матамен сүртіңіз. Мата құрылғының бетіне түк қалдырмауы керек.
4. Жуғыш заттарды, оның ішінде абразивтік құрамдары бар құралдарды
пайдалану ұсынылмайды.
5. Тазалау кезінде құрылғының бетіне өткір заттармен зақым келтірмеңіз (қатты
губка, егеуқұм қағазы және т.б.). Боялған бетіндегі сызаттар тоттың пайда
болуына әкелуі мүмкін.
6. Барлық "Сақтық шараларын" орындау арқылы құрылғыны қайтадан қосыңыз
және қолданыңыз; сондай-ақ, құрылғының беті мүлдем құрғақ екеніне көз
жеткізіңіз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Бөлімдер түсінің өзгеруі ақау емес, бірақ қатты ластанған ауасы бар бөлмеде
құрылғыны пайдалану нәтижесі болып табылады.
10. АҚАУЛАРДЫ ЖОЮ
Мүмкін болатын ақаулар және оларды жою әдістері 2-кестеде көрсетілген.
Егер ақауды ұсыныстарға сәйкес жою мүмкін болмаса немесе басқа ақаулар
пайда болса, өкілдік қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

Содержание

Похожие устройства

Скачать