Alteco CP 32-8/180 Руководство по эксплуатации онлайн [10/15] 794353

Alteco CP 32-8/180 Руководство по эксплуатации онлайн [10/15] 794353
Сорғыны ағаш негізде немесе сорғының жұмысы кезінде бөлінетін жылу теріс
әсер етуі мүмкін кез келген басқа материалдың негізінде орнатуға жол берілмейді.
Сорғыны орнатпас бұрын мыналарды: сорғыны орнату аймағындағы барлық
дәнекерлеу және пісіру жұмыстары аяқталғанын; барлық бөгде материалдарды
толығымен алып тастау үшін жүйенің мұқият жуылғанын; ауаны шығаратын құбыр
мен кіріс құбыры сорғы ауаны сорып алмайтындай және жоғары ағынмен жұмыс
жасамайтындай етіп орналастырылғанын тексеріңіз. Сондай-ақ, жұмыс
доңғалағының еркін айналуын тексеру керек, ол үшін оны шығару келтеқұбыры
жағынан қолмен бұру қажет.
Сорғы корпусындағы көрсеткімен белгіленген беру бағытын анықтаңыз және
сорғыны тиекті шұралардың арасына орнатыңыз. Сорғыны ауыстырған кезде беру
бағыты сақталуы тиіс.
Пайдалануға рұқсат етілген қосалқы материалдар мен коррозиядан қорғайтын
құралдарды қолданыңыз және өндірушінің нұсқауларын орындаңыз. Коррозиядан
қорғау құралы, егер ол сұйықтықпен толтырылмаған болса да, жүйеде бар екеніне көз
жеткізіңіз. Сорғыны орнату, ауаны шығару кезінде сорылатын орта сорғының электр
қозғалтқышына немесе оның электрлік қосылыстарына түспейтініне көз жеткізіңіз,
әйтпесе, сорғы қосылған кезде электр тогымен жарақаттану қаупі бар.
Сорғыны ауа жиналуы мүмкін жүйенің жоғарғы нүктесінде және шөгінділер
пайда болуы мүмкін жүйенің төменгі нүктесінде орнатуға жол берілмейді.
Жүктемені азайту үшін сорғының екі жағындағы құбырларда тіректер болуы
керек және қызып кету қаупін азайту үшін сорғыны орнатпас бұрын дәл туралануы
керек.

Содержание

Скачать