Alteco АВН-1100 Руководство по эксплуатации онлайн [6/10] 794431

Alteco АВН-370 Руководство по эксплуатации онлайн [6/10] 794430
6
KZ
Қазақ тілі
1. Қауіпсіздік шаралары
Осы пайдалану бойынша нұсқаулық құралды орнату, пайдалану мен техникалық қызмет
көрсету кезінде орындалуы тиіс түбегейлі нұсқаулықтарды қамтиды. Жазатайым
оқиғаларды алдын алу және құралдың бұзылып қалуын болдырмау мақсатында бұйымды
пайдаланудың алдында осы нұсқаулықпен мұқият танысу қажет. Бұйымдардың
құрылмаларына, жеткізілім жиынтығына осы нұсқаулыққа енбеген, сапаны төмендемейтін
өзгерістер енгізілуі мүмкін.
1. Жүйені жерге тұйықтаусыз пайдалануға тыйым салынады.
2. Тұтанғыш және жарылыс қаупі бар сұйықтықтарды айдап қотаруға тыйым салынады.
3. Сусыз немесе лас сумен жұмысқа жол берілмейді.
4. Сорғының ішінде судың қатып қалуына жол берілмеуі тиіс.
5. Суды ашық су көзінен айдап қотару кезінде сорғыны іске қосылу тогы 30 мА-ден
аспайтын қорғаныстық ажырату құрылғысы арқылы қосу қажет;
2. Қолдану аясы және құрылманың сипаттамасы
АВН сериялы автоматты сумен жабдықтау станциясы саяжайда, коттеджде және т.б. судың
қысымы автоматты түрде сақталатын су құбырының желісін қамтамасыз ету үшін арналған.
Сорғы құдықтан, ұңғыма, ашық су көздерінен таза су тартуды қамтамасыз етеді, қысымы
жеткіліксіз магистральді су құбыры бар болғанда қысымды жоғарылату жүйесін жасау
үшін қолданылуы мүмкін. Табиғи түрде желдетілетін тұрмыстық үй-жайларда орнатуға
арналған.
Судың жалпы қаттылығы 8 мгэкв/л - ден аспауы тиіс. Судағы рН деңгейі 6-9
салыстырм.бірл. болуы керек. Механикалық қосындылардың жалпы саны 100 г/м3,
бөлшектердің өлшемі 2 мм аспауы тиіс.
3. Техникалық сипаттамалары
Үлгісі
АВН-370
АВН-750
АВН-1100
Номиналдық қуаты , с.л./Вт
0,5 / 370
1,0 / 750
1.5 / 1100
Электр қуатын беру
220В + 10% ~ 50 Гц
Максималды сору жоғарылығы:, м
8
9
9
Максималды өнімділігі, л/мин
45
90
100
Макс. көтерілу биіктігі , м
32
46
52
Кіріс және шығыс тесіктерінің
диаметрі
1”
Гидроаккумулятордың
сыйымдылығы, л
2
4. Сорғыны пайдалану
Жұмыс принципі бұл су құбыры желісінің әрдайым қысым астында болатыны. Су
құбыры желісінен суды тұтынудың басында гидроаккумуляторда жинақталған су қоры
қолданылады және жүйедегі қысым түсе бастайды. Су қысымының шамасы қосу
қысымынан төмен түскенде, қысым релесі су шығын өтеу үшін автоматты түрде электр
сорғысын іске қосады. Шүмекті жапқаннан кейін электр сорғысы біраз уақыт бойы жұмыс
істейді. Ол гидроаккумуляторды сумен бастапқы күйіне дейін толтырады. Жүйедегі қысым
өшіру қысымының шамасына дейін артқанда, қысым релесі 3 тармақ (2 сурет) электр
сорғысын автоматты түрде өшіреді.
Скачать