Alteco DN 1200 T Инструкция по эксплуатации онлайн [10/13] 794437

Alteco DN 1200 T Инструкция по эксплуатации онлайн [10/13] 794437
Жұмыс кезінде сорғы ешқандай техникалық қызмет көрсетуді қажет етпейді.
Апатты алдын алу үшін максималды сорғы қысымын пен қуат шығынын мезгіл-
мезгіл тексеру ұсынылады. Максималды қысымның төмендеуі тозуды, ал энергия
тұтынудың артуы сорапта механикалық үйкелістің болуын білдіреді.
Сорғының жұмысында осындай немесе басқа өзгерістер анықталған жағдайда
қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
6. Кепілдеме шарттары
Тұтынушы құралды сақтау мен пайдалану ережелерін сақтаған жағдайда, өндіруші
кәсіпорын құралдың сатып алған күннен бастап 12 айдың ішінде үздіксіз жұмысына
кепілдік береді.
Егер кепілдік мерзімінің ішінде құралдың бұзылуы өндірушінің кесірінен болса
өндіруші зауыт кепілдік бойынша жөндеуді іске асырады.
Келесі жағдайларда кепілдік бойынша жөндеу жүргізілмейді және шағымдар
қабылданбайды:
- кепілдеме куәлігінде сатушы ұйымның мөртабаны мен сатылған күннің жоқ болуы;
- құралдың тасымалдау және пайдалану кезіндегі зақымдалуы;
- пайдалану талаптарының сақталмауы;
- кепілдік мерзімінің өтіп кетуі немесе сақтау шарттарының бұзылуы.
Қызмет ету мерзімі – үш жыл.
7. Электрқұралды сақтау және кәдеге жарату ережелері
7.1. Сақтау
Құралды арнайы қаптамада (кейсте) немесе ластанудан, зақымданудан, ылғалдың әсерінен,
тікелей күн сәулесінен, жоғары температурадан немесе олардың күрт өзгеруінен
қорғанысты қамтамасыз ететін өзге де тәсілмен сақтау және тасымалдау ұсынылады.
7.2. Сақтау, қызмет мерзімдері. Ресурс және кәдеге жарату.
Бұйымды сақтау мерзімі осы пайдалану жөніндегі нұсқаулықта көрсетілген сақтау
шарттары сақталған кезде 10 (он) жылды құрайды. Сақтау мерзімі бұйым шығарылған
күннен бастап есептеледі. Осы мерзім аяқталғаннан кейін бұйымның техникалық жай-
күйіне қарамастан сақтау тоқтатылуы және бұйымның техникалық жай-күйін тексеру,
жөндеуге жіберу немесе кәдеге жарату туралы және жаңа сақтау мерзімін белгілеу туралы
шешім қабылдануы тиіс. Дайындалған күні құралдың заттаңбасында көрсетілген.
Бұйымның қызмет ету мерзімі сақтау шарттары мен пайдалану ережелері, сондай-ақ осы
пайдалану жөніндегі нұсқаулықта көрсетілген құралды құрастыру мен монтаждаудың
дұрыстығы сақталған кезде 5 (бес) жылды құрайды. Қызмет ету мерзімі бұйым сатылған
күннен бастап есептеледі.
Қызмет ету мерзімі аяқталғаннан кейін немесе белгіленген ресурсқа қол жеткізгеннен кейін
құрал пайдаланылмауы және осы құралды кәдеге жарату жүзеге асырылатын Еуразиялық
Экономикалық Одаққа мүше мемлекеттің аумағында қолданылатын нормалар мен
ережелерге сәйкес қоршаған ортаға экологиялық залал келтірмей кәдеге жаратылуы тиіс.

Содержание

Похожие устройства

Скачать