Kolner KHPW 2600SP Руководство по эксплуатации онлайн [13/20] 795588

Kolner KHPW 2600SP Руководство по эксплуатации онлайн [13/20] 795588
13
ПАЙДАЛАНУ БОЙЫНША БАСШЫЛЫҚ
Жоғары қысымды жуғыш KHPW
2600SP саяжай құрал-саймандарын,
сатыларды, бақ жолдарын,
хауыздарды, қоршауларды, көлік
құралдарын және тұрмыстық
мұқтаждықтардың аясындағыбасқа да
беттерді ластанулардан тазалау үшін
қолданылады. Сіздің назарыңызды
аталған жуғыштың үздіксіз және кәсіби
жұмыстарға арналмағанына аударамыз.
Оны тағайындалуы бойынша қолданбау
кепілдемелік жөндеуден бас тартудың
негіздемесі болып табылады.
САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
1. Аталған бұйымды осы нұсқаулықта
аталғандардан басқа кез келген
мақсаттар үшін қолданбаңыз.
2. Бұйымды біліксіз, кәмелеттік жасқа
толмаған немесе бұйымды қолдануға
физикалық қабілеттері жеткіліксіз
тұлғалардың қолдануларына
жол бермеңіз. Бұйымды басқа
тұлғаларға берген жағдайда
оны қолдану ережелері жөнінде
толығырақ айтыңыз және аталған
нұсқаулықпен таныстырыңыз.
3. Бұйымды немесе оның жекелей
бөліктерін суға немесе басқа да
сұйықтықтарға батырмаңыз.
4. Бұйымды егер жану немесе жарылыс
қаупі бар болған жағдайда, мәселен,
тез жанғыш сұйықтықтар мен
газдардың маңында қолданбаңыз.
5. Бұйымды оның негізгі тұтқасынан
ұстай отырып жылжытыңыз.
6. Бұйымды іске қосулы күйде
жылжытпаңыз.
7. Тапанша-бүріккіштің қандай да
болмасын элементтерін неме-
се жабдықтарды шешуге немесе
өзгертуге тыйым салынады.
8. Жұмыс аймағында балалардың,
жануарлардың немесе бөгде
тұлғалардың болуларына жол
бермеңіз.
9. Желі параметрлерінің бұйымда және
аталған нұсқаулықта көрсетілген па-
раметрлерге сәйкес екендіктеріне
көз жеткізіңіз.
10. Бұйымды желіге ажыратқыш
«Сөнд» күйінде тұрғандығына көз
жеткізгеннен кейін ғана қосыңыз.
11. Бұйыммен жұмыс жасау кезінде жеке
қорғаныс құралдарын қолданыңыз.
Қажет болған жағдайда арнайы
қолғаптарды, көзілдіріктерді және
құлаққаптарды қолданыңыз.
12. Жұмыс жасау кезінде ешбір
бөліктері бұйыммен жанаспайтын-
дай қолайлы киімді кию ұсынылады.
Сонымен бірге Сізде қажетсіз
салдарларды шақыратын неме-
се жұмысқа кедергі жасай алатын
ештеңе жоқ екендігіне көз жеткізіңіз.
13. Жуғышты іске қосу және жұмыс жа-
сау кезінде құбыршек пен бүріккішті
берік ұстаңыз.
14. Жоғары қысымдағы судың ағысын
адамдарға және жануарларға
бағыттауға тыйым салынады.
Жуғыш жұмыс істеп тұрған кез-
де ешқашан қолыңызды неме-
се саусақтарыңызды бүріккішке
жақындатпаңыз.
15. Жуғыш құралдарды қолдану кезінде
көздерді, тері мен тыныс алу жолда-
рын қорғаныспен қамтамасыз етіңіз.
16. Жеткізілімнің жиынтығына
кіретін тапанша-бүріккішті ғана
қолданыңыз.
17. Жуғыш ыстық суды қайта айдауға
арналмаған. Судың температурасы
40оС аспауы керек.
18. Іске қосулы бұйымды назарсыз
қалдырмаңыз.
19. Желілік кабельдің бұйым арқылы
Скачать