Ставр САИ-220Э Руководство по эксплуатации онлайн [20/25] 796070

Ставр САИ-220Э Руководство по эксплуатации онлайн [20/25] 796070
ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДАУ
1. Дәнекерлеу аппаратын қуат
беруші желіге қосудың алдын-
да, желі параметрлерінің аталған
нұсқаулықта және дәнекерлеу аппара-
тында көрсетілген талаптарға жауап
беретіндіктеріне көз жеткізіп алыңыз.
2. Қосу алдында, электр желісінің жерге
тұйықталушы бейтараппен бір фазалы
екендігіне көз жеткізіңіз.
3. Дәнекерлеу аппаратының және желілік
кабелдің бүтіндігін тексеріңіз.
4. Ұзартқышты қолданудың алдын-
да, оның дәнекерлеу аппаратының
қуаттылығына есептелгеніне көз
жеткізіңіз.
5. Дәнекерлеу аппаратын орнатудың/
қолданудың алдында, қоршаған
кеңістіктегі мүмкін болатын электр
магниттерін бағалау қажет. Дәнекерлеу
жұмыстарын жүргізудің келесі сым-
дар мен құрылғыларға кедергілер
тудырмайтындығына көз жеткізіп
алу керек болады: а) дәнекерлеу
аппаратының үстінен, астынан және
тура жанына өтетін желілік кабел-
дер, басқару сымдары, телефон және
күзет коммуникациялары; б) радио
және телевизиялық қабылдағыштар
және таратқыштар; в) компьютерлер
және басқа да кеңсе техникалары; г)
өндірістік нысандардың қауіпсіздігіне
жауап беретін жабдықтар; д) қоршаған
адамдардың денсаулығымен байла-
нысты құрылғы (жүректі электрондық
ынталандырғыштар, есту аппаратта-
ры және басқалар); е) электрондық
бақылау-өлшеу аспаптары және т.б.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Өмірмен
қамтамасыз етуші электрондық
аспаптарды (жүректі электрондық
ынталандырғыштар және басқалар)
қолданушы тұлғаларға дәнекерлеу
жұмыстарын жүргізудің немесе оларға
тікелей жақын жерде болудың алдында
өз емдеуші дәрігерінен кеңес алу қатаң
ұсынылады.
ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІМЕН ҚАМТАМАСЫЗ
ЕТУ
Дәнекерлеу жұмыстары өтетін орынның
тура маңында өрт сөндіру құралдары (өрт
сөндіргіш, су, құм және т.б.) қолжетімді
болулары керек. Дәнекерлеу аппара-
тымен жұмыс жасаушы тұлғалар өрт
сөндіру құралдарын қалай қолдануды
білулері міндетті. Барлық өрт қаупі бар
және жарылыс қаупі бар материалдар
дәнекерлеу жұмыстары жүргізілетін
орыннан кем дегенде 10 м қашықтыққа
алыстатылуы керек. Дәнекерлеу
жұмыстарын шаң, өрт қауіпі бар газдар
немесе ыстық сұйықтықтардың булануы
атмосферада шоғырланған бөлмелерде
жүргізуге тыйым салынады. Дәнекерлеу
жұмыстары аяқталғаннан кейін, оны
қолмен ұстаудың немесе жанғыш және
жарылыс қаупі бар материалдардың
орналасу аймағына апарудың алдын-
да дәнекерленуші немесе кесілуші
бұйымның жеткілікті суынғанына көз
жеткізіп алыңыз.
КАБЕЛДЕРДІ ОРНАТУ
Жұмыс кабелдерін орнату үшін кабель
істікшесін тиісті немесе жалғағышқа
істікшенің түйіспесі пазаға аяғына дейін
кіргенше дейін орнату қажет. Одан
кейін кабель істікшесін оң жаққа әбден
бекітілгенше дейін бұраңыз және оның
сенімді бекітілгеніне көз жеткізіңіз. Кері
жағдайда нашар түйіскен орын жа-
нады және тез істен шығады. Жұмыс
кабелдері тура және кері қарама-қарсы
қосылыстарға бөлінеді:
1. Тура қарама-қарсылық кезінде
электродтың нашар қызуы орын алады.
Металдың балқу аймағы тар, сонымен
бірге терең.
ПАЙДАЛАНУ БОЙЫНША БАСШЫЛЫҚ20
KAZ

Содержание

Похожие устройства

Скачать