Brayer BR1304 Руководство по эксплуатации онлайн [35/44] 796761

Brayer BR1304 Руководство по эксплуатации онлайн [35/44] 796761
35
KZ
АСПАЗДЫҚ КЕҢЕСТЕР
Салқындатылған ингредиенттерді, мысалы,
майды, жұмыртқаны және т.б. араластырмас
бұрын бөлме температурасына дейін қыздырып
алу керек.
Рецептіңізде қабық бөлшектері немесе бүлінген
жұмыртқа болмауы үшін алдымен жұмыртқаны
бөлек ыдысқа жарып құйыңыз, содан кейін олар-
ды миксер тостағанына қосыңыз.
Әрқашан ингредиенттерді араластыруды төмен
жылдамдықтан бастаңыз және қондырмалардың
айналу жылдамдығын біртіндеп арттырыңыз.
Ыстық сұйықтық құю қажет болса, негізгі ингреди-
енттердің қатты қызып кетуіне жол бермеу үшін
оны аз-аздап қосыңыз.
Егер жұмыс кезінде ингредиенттер жеткілікті түрде
араласпаса, миксерді өшіріңіз, ас үй қалағымен
ингредиенттерді тостағанның ортасына сырғы-
тыңыз да, жұмысты жалғастыру үшін миксерді
қосыңыз.
Миксер тостағанында ингредиенттер мөлшері
аз болса, оларды қол миксерімен араластыру
ұсынылады.
Егер миксер жұмыс істеп жатқан кезде тостағанға
қандай да бір бөгде зат түсіп кетсе, жұмыс режимі
қосқышын дереу «0» күйіне орнатыңыз, содан
кейін миксер тостағанынан бөгде затты шығарып
алыңыз.
Қондырмаларды тазалауды жеңілдету үшін, олар-
ды шешіп алғаннан кейін, бірден қондырмаларды
жылы сумен жуып жіберіңіз.
ҚОЛ МИКСЕРІН ҚОЛДАНУ
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Қол миксерінің (1) үздіксіз жұ-
мыс істеу уақыты 5 минуттан аспауы керек. Жұмыс
циклдерінің арасында 20 минуттан кем емес үзіліс
жасаңыз.
Қамыр илеуге арналған қондырмалар (11)
Қондырмаларды (11) дрожжи қосылған қамырды
илеуге, фаршты және т.б. араластыруға пайда-
ланыңыз
Ескертпе: қамырды араластыруға арналған қонды-
рмаларды (11) қондырмаларды орнатуға арналған
арнайы тесіктерге салыңыз.
Араластыруға/бұлғауға арналған бұлғауыштар
(12)
Кілегейді, жұмыртқаның ақуызын бұлғауға,
бисквит қамырын, пудинг, коктейльдер, крем,
майонез, езбе және тұздықтар әзірлеуге, сонымен
қатар сұйық өнімдерді араластыру үшін бұлға-
уыштарды (12) пайдаланыңыз.
Ескертпе: араластыруға/шайқауға арналған бұлға-
уышты (12) қондырмаларды орнатуға арналған тиісті
тесіктерге салыңыз.
Скачать