Атлант СМА-80С1214-01 Руководство по эксплуатации онлайн [14/48] 797825

Атлант СМА-80С1214-01 Руководство по эксплуатации онлайн [14/48] 797825
14
KAZ
қалдырып бастау » қосымша функциясы қосылған болса, онда
уақыт индикаторында жууды бастағанға дейінгі уақытты есептеу
басталады (уақыт индикаторы жыпылқтайды,
түймесінің
индикаторы жанады).
1.9.2 Киім-кешекті жуғаннан кейін крахмалдаған жөн.
Крахмалдау үшін машинаға шамамен 15 л су құйылу есебімен
өндірушінің кеңестеріне сəйкес суда арнайы құралды еріту керек.
Крахмалдауға арналған сұйық құралды пайдалану нұсқаулығына
сəйкес машинаның астаушасына құйыңыз (6-тарау). Тұтқаны
«Шаю» бағдарламасына орнатып, сығу жылдамдығын (қажет
болса) таңдап, бағдарламаны
түймесімен қосыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Крахмалдауға арналған киім-кешек
кондиционермен өңделмеуі тиіс.
1.10 МАШИНА ЖҰМЫСЫНДАҒЫ ҮЗІЛІС/КИІМ-КЕШЕКПЕН
ТОЛТЫРУ
1.10.1 Бағдарламадан машинаның жұмысы
түймесін ұзақ
(кемінде 3 секунд) басып тоқтатылады, дыбыстық сигнал естіледі,
түймесінің индикаторы жыпылықтайды, уақытты есептеу мен
жуу тоқтайды, уақыт индикаторында «Р» жанады.
Егер шамамен 2 минуттан кейін
индикаторы сөнсе, есікті
ашуға болады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Машина багында су деңгейі жоғары
болса және/немесе су температурасы 60
0
С-дан жоғары
болса, сондай-ақ, барабан айналған кезде есік ашылмайды.
Есікті ашып, киім-кешекті салыңыз немесе алыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Киім-кешекпен толтырғанда/оны
алғанда есікті ұзақ уақыт бойы ашық қалдырмаңыз. Киім-
кешектен су ағуы мүмкін.
Жууды жалғастыру үшін
түймесін басу керек. Машина
жуудың тоқтатылған операциясынан бастап бағдарлама орында-
луын жалғастырады, жууды аяқтау уақыты көбеюі мүмкін.
Бакта су деңгейінің жоғары болуы байланысты «Аралас»,
«Жібеу», «Жүн», «Нəзік жуу», «Жейде» бағдарламаларында
машинаның жұмысын тоқтатып, есікті ашуға болмайды.
1.11 БАҒДАРЛАМАДАН БАС ТАРТУ
1.11.1 Орындалатын бағдарламадан бас тарту үшін 3 секунд
бойы
түймесін басып ұстап тұру қажет. Уақыт индикаторында
сөнгенге дейін (мысалы, «3...2...1») қалған уақытты (секундпен)
есептеу басталады, «OFF» жазбасы жанады. Содан кейін машина
сөнеді жəне орындалатын бағдарламадан бас тартылады. Есікті
ашу қажет болса, «Төгу/Сығу» бағдарламасын таңдап қосып,
түймесімен «---» (сығу сөндірілген) сығу жылдамдығының мəнін
таңдау керек.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Егер барабандағы судың деңгейі
визуалды түрде есіктің әйнегі арқылы анықталса, машинаның
есігін ашпаңыз.
1.12 МАШИНАНЫ СӨНДІРУ
1.12.1 Жуудың соңғы операциясы аяқталғаннан кейін
уақыт индикаторында «End» жазбасы пайда болса, есікті
блоктау құрылғысы сөнеді, дыбыстық сигнал естіледі, жуу
операцияларының индикаторлары, есікті блоктау индикаторы
жəне
түймесінің индикаторы сөнеді.
Егер машина электр желісінен сөнбеген болса, дыбыстық
сигнал бір минуттық аралықпен тағы бес рет естіледі, ал жууды
аяқтағаннан соң 15 минуттан кейін индикация сөнеді жəне машина
электр қуатын үнемдеу үшін автоматты түрде сөнеді.
1.12.2 Жууды аяқтағаннан кейін
түймесін басу керек.
Машина сөнеді. Содан кейін қорек бауының ашасын розеткадан
суырып, суды беру кранын жабу қажет. Есікті ашып, киім-кешекті
алыңыз.
2 ЖУУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ
2.1 Машинада 1-кестеге сəйкес негізгі жуу бағдарламалары
(Мақта, Синтетика, Аралас, Жүн) жəне арнайы жуу бағдарламалары
(Жылдам 15’/30’, Балалардың киімі, Жібек, Спорт, Жейде, Джинс,
Қара түсті киімдер, Төсек жапқышты жуу, Төсек-орын тысы, Нəзік
жуу, Сүйікті бағдарлама, Барабанды тазалау, Шаю, Төгу/Сығу)
қарастырылған.
2.2 Арнайы бағдарламалар жуылатын заттардың
ерекшеліктерін ескереді.
«Жылдам 15’/30’» уақыт пен электр қуатын үнемдей отырып,
аз ластанған заттарды тез жууға мүмкіндік береді. Бағдарламаны
пайдаланып, түрлі матадан (жүн мен жібектен, сондай-ақ, қолмен
жуатын бұйымдардан басқа) жасалған киім-кешекті жууға болады.
20
0
С немесе 30
0
С температурасын таңдаған кезде жуу ұзақтығы
15 минутты құрайды. 40
0
С жуу температурасын таңдаған кезде
жуу ұзақтығы 30 минутты құрайды.
«Балалардың киімі» балалардың киімін, жөргегін,
төсек-орын тысын, орамалдарын, майлықтарын жəне т.б. жууға
арналған бағдарлама. Бағдарламаны жуу құралдарына аллер-
гиясы бар адамдарға тиесілі заттарды жуу үшін пайдаланған
жөн. Бағдарламаны орындаған кезде жуу мен шаюдың жоғары
тиімділігі қамтамасыз етіледі.
Бағдарламаны таңдаған кезде
түймесімен сөндіруге бола-
тын «Алдын ала жуу
» функциясы автоматты түрде қосылады.
«Жібек» жібектен, вискозадан жасалған заттарды, іш киімді,
перделерді жууға арналған бағдарлама. Бағдарламадағы аяп
сығу режимі матаны мыжылудан қорғайды.
«Спорт» түрлі спорт киімін, спорт аяқ киімін, сондай-ақ,
кейбір спорт заттарын (футбол, волейбол, теннис доптарын
жəне т.б.) жууға арналған бағдарлама. «Спорт» бағдарламасын
жаттығулар арасында заттарды жуу үшін қолданады.
Спорт аяқ-киімін жəне заттарын жуғанда минутына 400 ай-
налым сығу жылдамдығын таңдау керек.
«Жейде» түрлі матадан жəне түстегі жейделерді жууға
арналған бағдарлама. Бағдарлама заттарды барынша сақтап,
жуу кезінде аяп сығу арқасында матаның мыжылуын азайтады.
«Джинс» джинс матадан жасалған заттарды жууға арналған
бағдарлама. Жуу кезінде түлеу жəне джинс матасының түсі кету
ықтималдығы азаяды.
«Қара түсті заттар» – ерекше күтімді қажет етпейтін мақта
жəне синтетикалық матадан жасалған қара түсті заттарды жууға
арналған бағдарлама.
«Төсек жапқышты жуу» жүн мен жібектен жасалған заттар-
дан басқа жапқыштар мен көрпелерді жууға арналған бағдарлама.
«Төсек-орын тысы» жібек пен нəзік матадан жасалған
заттардан басқа, төсек-орын тысын (сейсепті, тысты, жастық
тысын) жууға арналған бағдарлама.
«Нәзік жуу» таңбасында
күтім жасау символы бар өте
жұқа əрі нəзік матадан жасалған заттарды жууға арналған.
Бағдарлама қысқа аяп сығумен аяқталады.
«Сүйікті бағдарлама»жиі қолданылатын бағдарламаны,
жуу параметрлерін (жуу температурасы мен сығу жылдамдығы)
жəне қосымша функцияларды жазуға жəне кейіннен қайта өңдеуге
арналған.
Бағдарламаны жазу үшін:
– қажетті бағдарламаны, жуу параметрлерін жəне қосымша
функцияларды таңдау;
түймесін 3 с бойы басып ұстаңыз, «Сүйікті бағдарлама»
сақталып, жуу басталады.
Сақталған баптауы бар бағдарламаны жандандыру үшін:
«Сүйікті бағдарламаны» таңдау керек («Сүйікті
бағдарлама» индикаторы жанады, жазылған бағдарлама инди-
каторы жыпылықтайды, дисплейде қажет болса өзгертілетін жуу
параметрлері көрінеді);
– жууды бастау үшін
түймесін басыңыз.
«Шаю» киім-кешекті, оның ішінде қолмен жуылған киімді
шаюға арналған бағдарлама. Бағдарлама сығумен жəне суды
төгумен аяқталады.
«Төгу/Сығу» суды төгу жəне киім-кешекті сығуды қамтыған
біріктірілген бағдарлама. «Төгу» (сықпай) бағдарламасын қосу
үшін
түймесімен «---» (сығу сөндірілген) мəнін таңдау қажет.
«Барабанды тазалау» кір жуу машинасының ішкі бөліктерін
таза күйде ұстау бағдарламасы. Бағдарлама жуғаннан кейін
бак пен барабанның бетінде отыратын ерімейтін бөлшектерді
кетіруге ықпал етеді жəне жағымсыз иістердің пайда болуына
жол бермейді.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! «Барабанды тазалау» бағдар-
ламасын таңдаған кезде жуу құралдарын қолданбаңыз.
Информация для предварительного ознакомления. Официальной информацией изготовителя не является

Содержание

Похожие устройства

Скачать
Случайные обсуждения