Timberk МК T-HG3-Q15M Инструкция по эксплуатации онлайн [23/28] 799330

Timberk МК T-HG3-Q15M Инструкция по эксплуатации онлайн [23/28] 799330
IM2022
23
7. Аспаптың тұрақты негізі
6. ЖЕТКІЗУ ЖИНАҒЫ
1. Электрлік үрлемелі жылытқыш – 1 дана.
2. Пайдалану жөніндегі нұсқаулық – 1 дана.
3. Кепілдік талоны – 1 дана.
4. Қаптама – 1 дана.
7. ЭЛЕКТР ЖЕЛІСІНЕ ҚОСУ
1. Іске қосар алдында жұмыс істейтін орнындағы электр желісі параметрлерінің аспаптың
техникалық деректері бар таңбалау тақташасында көрсетілген параметрлерге сәйкес
келетініне көз жеткізіңіз.
2. Аспапты электр желісіне қосу жұмыстарын "Электр қондырғыларын орнату
қағидаларына" және "1000 В дейінгі кернеу кезінде жұмыс істейтін электр қондырғыларын
пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларына" сәйкес білікті мамандар ғана
жүргізуі тиіс.
3. Құрылғыны қосар алдында, Сіздің электр желіңізде жерге қосу сұлбасының бар екеніне
көз жеткізіңіз. Дұрыс жерге қосу электр тогының соғуы мен өрт қаупін азайтуда зор маңызға
ие.
Қорғаныштық ажырату құрылғысы (ҚАҚ)
Электр тогының соғуынан қорғау мақсатында, электрмен жылыту аспаптары 100-300 мА
ағу тогы бар ҚАҚ-пен жабдықталуы мүмкін.
Егер аспап желіге ағу тогымен жұмыс істейтін қорғаныштық ажырату құрылғысы (ҚАҚ)
арқылы қосылған болса және қосылған кезде ол іске қосылса, бұл жылыту элементтерінің
оқшаулау ылғалдылығына байланысты болуы мүмкін. Бұл, әдетте, ылғалды жағдайда ұзақ
уақыт сақтаудың нәтижесі. Мұны ақаулық ретінде қарастыруға болмайды және аспапты
ҚАҚ-сыз уақытша қосу арқылы жойылады. Кептіру бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін
созылуы мүмкін. Ұзақ жұмыс істеу кезінде ылғалдың жиналуын болдырмау үшін, аспапты
мезгіл-мезгіл қысқа уақытқа қосып отыруды ұсынамыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Электр розеткасы ең жоғары қуаты 2000 Вт-қа дейінгі модельдер үшін кемінде 10 А
номиналды токқа және ең жоғары қуаты 3000 Вт-тан асатын модельдер үшін кемінде 16А
номиналды токқа есептелуі тиіс.
8. АСПАПТЫ ПАЙДАЛАНУ
Басқару панелі 2000 Вт

Похожие устройства

Скачать