Timberk МК T-HG3-Q15M Инструкция по эксплуатации онлайн [25/28] 799330
![Timberk МК T-HG3-Q15M Инструкция по эксплуатации онлайн [25/28] 799330](/views2/1908570/page25/bg19.png)
IM2022
25
Қатты қызып кетуден қорғау
Аспап корпус қызып кеткен жағдайда жылыту элементтерін өшіру құрылғысымен
жабдықталған. Корпустың қызып кетуі келесі себептерден туындауы мүмкін:
- кіретін және шығатын қорғаныш торлары бөгде заттармен жабылған немесе қатты
ластанған;
- құрылғының жылу қуаты ол жұмыс істейтін үй-жайдың жылу шығынынан асып түседі;
- желдеткіштің электр қозғалтқышы ақаулы.
Авариялық ажырату құрылғысы іске қосылған соң, аспап 5-10 минуттан кейін автоматты
түрде қосылады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Авариялық өшіру құрылғысының жиі іске қосылуы жылу зеңбірегінің қалыпты жұмыс
режимі болып табылмайды. Бұл жағдайда аспаптың шынымен ақаулы екеніне көз
жеткізген соң, авторландырылған сервистік орталыққа хабарласыңыз.
Өшіру
Термостаттың тұтқасын сағат тіліне қарсы бағытта бұраңыз және жылыту элементтерін
салқындату үшін, аспапты желдету режимінде 3 минут жұмыс істетіңіз, содан кейін жұмыс
режимдерін ауыстырып-қосқыштың тұтқасын "0" күйіне орнатыңыз және құрылғыны қорек
көзінен ажыратыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Жылу зеңбірегін бірінші рет қосқанда, өзіне тән иіс пен түтін пайда болуы мүмкін (жылыту
элементтерінің бетіндегі май жанады). Сондықтан аспапты орнату алдында, жақсы
желдетілетін үй-жайда 10-20 минутқа жылыту режимінде қосу ұсынылады.
9. ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Аспапты пайдалану кезінде ауа кіретін, ауа шығаратын торларда немесе құрылғының
корпусында шаң немесе басқа да ластың пайда болуы мүмкін. Аспаптың жұмыс
қабілеттілігі мен сыртқы түрін сақтау үшін, оны шаң мен ластан үнемі тазалап отыру керек.
Аспаптың сыртқы беттерін тазалау алдында, оны электр желісінен ажыратып, толық
салқындауына мүмкіндік беріңіз. Аспап корпусының сыртқы бетін сәл дымқыл, жұмсақ
шүберекпен тазалаңыз, содан кейін құрғатыңыз және аспапты толық құрғатыңыз. Тазалау
үшін абразивті тазартқыштарды пайдаланбаңыз. Аспапты үшкір заттармен зақымдамаңыз,
өйткені боялған бетіндегі сызаттар тот басуға әкелуі мүмкін.
10. АҚАУЛЫҚТАРДЫ ЖОЮ
Ықтимал ақаулықтар және оларды жою әдістері 2-кестеде келтірілген.
Егер ақаулықты ұсыныстарға сәйкес жою мүмкін болмаса немесе басқа ақаулықтар пайда
болса, авторландырылған сервистік орталыққа жүгініңіз.
2-кесте
Ақаулық
Ықтимал себептер
Жою
Аспап электр желісіне
сенімді етіп қосылған, бірақ
жұмыс істемейді.
Электор қорегі жоқ
Электр қорегінің аспаптан
ажыратылғанын тексеріңіз,
қажет болған жағдайда,
аспапқа электр қорегін
беріңіз.
Жұмыс режимдерін
ауыстырып-қосқыш ақаулы
Авторландырылған сервистік
орталыққа жүгіну керек.
Электр қозғалтқыш ақаулы
Термостат үй-жайды
жылытудың төмен
температурасы жағдайында
орнатылады
Термостат тұтқасын сағат
тілімен бұрап, термостатты
үй-жайдың жылу
температурасынан едәуір
Содержание
Похожие устройства
- Kitfort КТ-3123 Руководство по эксплуатации
- Flama AG 14217 белая Руководство по эксплуатации
- Hisense 100L9H Руководство по эксплуатации
- Omoikiri Nagare Slim 1250-AZ Руководство по эксплуатации
- APPLEGATE T3 Руководство по эксплуатации
- Dewal Beauty Blossom HI2090-Black Руководство по эксплуатации
- X-Match Liberty 641495 Руководство по эксплуатации
- X-Match Delta 641369 Руководство по эксплуатации
- Moby Kids Dragon 641444 Руководство по эксплуатации
- Интерскол 649.0.0.70 Руководство по эксплуатации
- Интерскол ПА-24/18В(579.0.0.70) Руководство по эксплуатации
- Интерскол П-32/1000Э(594.0.0.00) Руководство по эксплуатации
- Patriot OS 125 Руководство по эксплуатации
- Xiaomi Buds 4 Lite Руководство по эксплуатации
- Интерскол ДАУ-13/18ВК Инструкция по эксплуатации
- Интерскол ДАУ-13/18ВК Инструкция по эксплуатации
- Hikoki DS18DBL2 Презентация
- Thermex Onyx 6500 Руководство по эксплуатации
- Kitfort КТ-3120-1 Руководство по эксплуатации
- Korting KSI 8181 Руководство по эксплуатации