Атлант СМА70У1214-С-01 Руководство по эксплуатации онлайн [8/40] 803301

Атлант СМА70У1214-С-01 Руководство по эксплуатации онлайн [8/40] 803301
8
KAZ
(көрсеткішті өзгерту аралығы 1 сағат).
Опцияны болдырмау үшін, «H:XX» орнына жуудың ұзақтығы
уақыт индикаторы жанбағанша немесе бағдарлама таңдау тетігін
бұрғанша
түймесін басыңыз – опцияның индикаторы сөнеді.
1.10 БАҒДАРЛАМАНЫ ҚОСУ ЖӘНЕ ЖУУДЫ БАСТАУ
1.10.1 Жуудың таңдалған бағдарламасы
түймесімен
қосылады, түйме индикаторы жанады, дыбыстық сигнал беріледі,
есіктің блоктау құрылғысы іске қосылады жəне жуу басталады.
Уақыт индикаторында жууды аяқтағанға дейінгі уақыттың кері
есебі басталады. Жуу кезінде келесі индикаторлар жанады:
жуудың орындалып жатқан операциясы, есікті блоктау, температу-
ра, сығу жылдамдығы жəне қосылған қосымша опциялар. Темпе-
ратура мен сығу жылдамдығы индикаторларында параметрлердің
таңдалған мəндері көрінеді. Егер «Кейінге қалдырып бастау
»
қосымша опциясы қосылған болса, онда уақыт индикаторында
жууды бастағанға дейінгі уақытты есептеу басталады (уақыт
индикаторы жыпылқтайды,
түймесінің индикаторы жанады).
1.10.2 Киім-кешекті жуғаннан кейін крахмалдаған жөн.
Крахмалдау үшін машинаға шамамен 15 л су құйылу есебімен
өндірушінің кеңестеріне сəйкес суда арнайы құралды еріту керек.
Крахмалдауға арналған сұйық құралды пайдалану нұсқаулығына
сəйкес машинаның астаушасына құйыңыз (6-тарау). Тұтқаны
«Шаю» бағдарламасына орнатып, сығу жылдамдығын (қажет
болса) таңдап, бағдарламаны
түймесімен қосыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Крахмалдауға арналған киім-кешек
кондиционермен өңделмеуі тиіс.
1.11 МАШИНА ЖҰМЫСЫНДАҒЫ ҮЗІЛІС/КИІМ-КЕШЕКПЕН
ТОЛТЫРУ
1.11.1 Бағдарламадан машинаның жұмысы
түймесін ұзақ
(кемінде 3 секунд) басып тоқтатылады, дыбыстық сигнал естіледі,
түймесінің индикаторы жыпылықтайды, уақытты есептеу мен
жуу тоқтайды, уақыт индикаторында «Р» жанады.
Егер шамамен 2 минуттан кейін
индикаторы сөнсе, есікті
ашуға болады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Машина багында су деңгейі жоғары
болса және/немесе су температурасы 60
0
С-дан жоғары
болса, сондай-ақ, барабан айналған кезде есік ашылмайды.
Есікті ашып, киім-кешекті салыңыз немесе алыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Киім-кешекпен толтырғанда/оны
алғанда есікті ұзақ уақыт бойы ашық қалдырмаңыз. Киім-
кешектен су ағуы мүмкін.
Жууды жалғастыру үшін
түймесін басу керек. Машина
жуудың тоқтатылған операциясынан бастап бағдарлама орында-
луын жалғастырады, жууды аяқтау уақыты көбеюі мүмкін.
Бакта су деңгейінің жоғары болуы байланысты «Аралас»,
«Жібеу», «Жүн», «Нəзік жуу» бағдарламаларында машинаның
жұмысын тоқтатып, есікті ашуға болмайды.
1.12 БАҒДАРЛАМАДАН БАС ТАРТУ
1.12.1 Орындалатын бағдарламадан бас тарту үшін 3 секунд
бойы
түймесін басып ұстап тұру қажет. Уақыт индикаторында
сөнгенге дейін (мысалы, «3...2...1») қалған уақытты (секундпен)
есептеу басталады, «OFF» жазбасы жанады. Содан кейін машина
сөнеді жəне орындалатын бағдарламадан бас тартылады. Есікті
ашу қажет болса, «Төгу/Сығу» бағдарламасын таңдап қосып,
түймесімен «---» (сығу сөндірілген) сығу жылдамдығының
мəнін таңдау керек.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Егер барабандағы судың деңгейі
визуалды түрде есіктің әйнегі арқылы анықталса, машинаның
есігін ашпаңыз.
1.13 МАШИНАНЫ СӨНДІРУ
1.13.1 Соңғы жуу операциясы аяқталғаннан кейін уақыт ин-
дикаторында «End» («Аяқтау») жазуы пайда болады, есік құлпы
өшеді, дыбыстық сигнал естіледі, жуу жұмысының индикаторла-
ры, есік құлпы индикаторы жəне түйме индикаторы сөнеді
.
Егер машина электр желісінен ажыратылмаса, дыбыстық
сигнал бір минут аралықпен тағы бес рет шығады, ал жуу
аяқталғаннан кейін 15 минуттан кейін көрсеткіш өшіп, электр
қуатын үнемдеу үшін машина автоматты түрде өшеді.
1.13.2 Жуу аяқталғаннан кейін түймені басыңыз
машина
өшеді. Содан кейін қуат сымын розеткадан ажыратып, су беру
шүмегін жабыңыз. Есікті ашып, кірді алыңыз.
2 ЖУУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ
2.1 Машинада 1-кестеге сəйкес негізгі жуу бағдарламалары
(Мақта, Синтетика, Аралас, Жүн) жəне арнайы жуу бағдарламалары
(Жылдам 15’/30’, Балалардың киімі, Жібек, Жаңарту, Жейде,
Джинс, Қара түсті киімдер, Төсек жапқышты жуу, Төсек-орын
тысы, Нəзік жуу, Сүйікті бағдарлама, Барабанды тазалау, Шаю,
Төгу/Сығу) қарастырылған.
2.2 Арнайы бағдарламалар жуылатын заттардың
ерекшеліктерін ескереді.
«Жылдам 15’/30’» уақыт пен электр қуатын үнемдей отырып,
аз ластанған заттарды тез жууға мүмкіндік береді. Бағдарламаны
пайдаланып, түрлі матадан (жүн мен жібектен, сондай-ақ, қолмен
жуатын бұйымдардан басқа) жасалған киім-кешекті жууға болады.
20
0
С немесе 30
0
С температурасын таңдаған кезде жуу ұзақтығы
15 минутты құрайды. 40
0
С жуу температурасын таңдаған кезде
жуу ұзақтығы 30 минутты құрайды.
«Балалардың киімі» балалардың киімін, жөргегін,
төсек-орын тысын, орамалдарын, майлықтарын жəне т.б. жууға
арналған бағдарлама. Бағдарламаны жуу құралдарына аллер-
гиясы бар адамдарға тиесілі заттарды жуу үшін пайдаланған
жөн. Бағдарламаны орындаған кезде жуу мен шаюдың жоғары
тиімділігі қамтамасыз етіледі.
Бағдарламаны таңдаған кезде
түймесімен сөндіруге бола-
тын «Алдын ала жуу
» функциясы автоматты түрде қосылады.
«Жібек» жібектен, вискозадан жасалған заттарды, іш киімді,
перделерді жууға арналған бағдарлама. Бағдарламадағы аяп
сығу режимі матаны мыжылудан қорғайды.
«Жаңарту» тек жаңартуды қажет ететін киімдерге арналған
бу бағдарламасы, жуу кірмейді. Бумен пісіру кезінде жағымсыз
иістер жойылып, мата жаңарады. Бағдарлама жұқа жəне нəзік
маталар үшін жарамсыз.
«Жейде» түрлі матадан жəне түстегі жейделерді жууға
арналған бағдарлама. Бағдарлама заттарды барынша сақтап,
жуу кезінде аяп сығу арқасында матаның мыжылуын азайтады.
«Джинс» джинс матадан жасалған заттарды жууға арналған
бағдарлама. Жуу кезінде түлеу жəне джинс матасының түсі кету
ықтималдығы азаяды.
«Қара түсті заттар» ерекше күтімді қажет етпейтін мақта
жəне синтетикалық матадан жасалған қара түсті заттарды жууға
арналған бағдарлама.
«Төсек жапқышты жуу» жүн мен жібектен жасалған заттар-
дан басқа жапқыштар мен көрпелерді жууға арналған бағдарлама.
«Төсек-орын тысы» жібек пен нəзік матадан жасалған
заттардан басқа, төсек-орын тысын (сейсепті, тысты, жастық
тысын) жууға арналған бағдарлама.
«Нәзік жуу» таңбасында
күтім жасау символы бар өте
жұқа əрі нəзік матадан жасалған заттарды жууға арналған.
Бағдарлама қысқа аяп сығумен аяқталады.
«Сүйікті бағдарлама» жиі қолданылатын бағдарламаны,
жуу параметрлерін (жуу температурасы мен сығу жылдамдығы)
жəне қосымша опцияларды жазуға жəне кейіннен қайта өңдеуге
арналған. Əдепкі бойынша, құрылғыдағы таңдаулы бағдарлама
«Жылдам 15’/30’» бағдарламасы болып табылады. Жаңа
«Сүйікті бағдарлама» қалпына келтіруге жуу басталғанға дейін
ғана рұқсат етіледі.
Бағдарламаны жазу үшін:
– қажетті бағдарламаны, жуу параметрлерін жəне қосымша
функцияларды таңдау;
түймесін 3 с бойы басып ұстаңыз, «Сүйікті бағдарлама»
сақталып, жуу басталады.
Сақталған баптауы бар бағдарламаны жандандыру үшін:
«Сүйікті бағдарламаны» таңдау керек («Сүйікті
бағдарлама» индикаторы жанады, жазылған бағдарлама инди-
каторы жыпылықтайды, дисплейде қажет болса өзгертілетін жуу
параметрлері көрінеді);
– жууды бастау үшін
түймесін басыңыз.
«Шаю» киім-кешекті, оның ішінде қолмен жуылған киімді
шаюға арналған бағдарлама. Бағдарлама сығумен жəне суды
төгумен аяқталады.
«Төгу/Сығу» суды төгу жəне киім-кешекті сығуды қамтыған
біріктірілген бағдарлама. «Төгу» (сықпай) бағдарламасын қосу
үшін
түймесімен «---» (сығу сөндірілген) мəнін таңдау қажет.
«Барабанды тазалау» кір жуу машинасының ішкі бөліктерін
таза күйде ұстау бағдарламасы. Бағдарлама жуғаннан кейін
бак пен барабанның бетінде отыратын ерімейтін бөлшектерді
кетіруге ықпал етеді жəне жағымсыз иістердің пайда болуына
жол бермейді.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! «Барабанды тазалау» бағдар-
ламасын таңдаған кезде жуу құралдарын қолданбаңыз.
Информация для предварительного ознакомления. Официальной информацией изготовителя не является

Содержание

Похожие устройства

Скачать
Случайные обсуждения

Ответы 1

Как обслуживается лоток
1 год назад