Samsung RB38A7B6239/WT Инструкция по эксплуатации онлайн [109/232] 804703

Samsung RB33A32N0WW Инструкция по  эксплуатации онлайн [109/0] 881463
Қазақ 25
Қауіпсіздік туралы ақпарат
Салқындатқыш ретінде R-600a немесе R-134a
пайдаланылған. Тоңазытқышыңызда қандай тоңазытқыш
сұйық қолданылғанын, құрылғының артындағы
компрессордың жапсырмасынан немесе құрылғының
ішіндегі техникалық ақпарат тақтайшасынан қараңыз. Бұл
тоңазытқышта тұтанғыш газ (R-600a салқындатқышы) бар
болса, бұл құрылғыдан қауіпсіз түрде арылу үшін жергілікті
уәкілетті мекемеге хабарласыңыз.
Бұл тоңазытқышты тастаған кезде, кішкене балалар немесе
жануарлар қамалып қалмас үшін тоңазытқыштың есігін/
есігінің тығыздағышын және есігінің бекітпесін ағытып алыңыз.
Балаларды құрылғымен ойнамас үшін қадағалап отыру керек.
Бала ішіне қамалып қалса, жарақат алуы немесе тұншығып
мерт болуы мүмкін.
- Бала қамалып қалса, жарақат алуы және тұншығып мерт
болуы мүмкін.
Оқшаулау үшін циклопентан қолданылған. Оқшаулау
материалындағы газды тастау үшін арнайы қоқысқа тастау
шарасын орындау керек. Осы құрылғыны қоршаған ортаға
залал тигізбейтін етіп тастау үшін жергілікті уәкілетті мекемеге
хабарласыңыз.
Орам материалдарының барлығын балалардың қолы
жетпейтін жерде ұстаңыз, себебі орам материалдары
балалар үшін қауіпті болуы мүмкін.
- Бала басына қалтаны киіп алса, тұншығып қалуы мүмкін.
Untitled-14 25 2021-04-02  6:48:29

Содержание

Похожие устройства

Скачать