Huawei MatePad 11.5 Wi-Fi 6/128Gb Space Gray (BTK-W09) Руководство по эксплуатации онлайн [11/14] 805608

Huawei MatePad 11.5 Wi-Fi 6/128Gb Space Gray (BTK-W09) Руководство по эксплуатации онлайн [11/14] 805608
немесе қысым салуға болмайды, себебі бұл оның ағуына,
қызып кетуіне, тұтануына немесе тіпті жарылуына себеп
болуы мүмкін.
Өрт немесе электр тоғының соғу қаупін азайту үшін
адаптерге немесе қосалқы құралдарға судың немесе
ылғалдың әсерін тигізбеңіз. Адаптерді микротолқынды пеш,
пеш немесе радиатор сияқты жылу көздеріне жақын
қоймаңыз. Адаптерге немесе құрылғыға ылғалды қолдармен
тимеңіз. Бұл қысқа тұйықталу, бұзылу немесе электр тоғының
соғу жағдайларына әкелуі мүмкін. Адаптерді өздігіңізден
бөлшектеуге немесе жөндеуге болмайды. Ақаулық
анықталса, адаптерді қуат көзі мен құрылғыдан ажыратып,
көмек алу үшін өкілетті сервистік орталыққа немесе дилерге
хабарласыңыз.
Құрылғыңызды пайдалануыңыз медициналық құрылғы
жұмысына кедергі келтіретінін анықтау үшін дәрігерге және
құрылғы өндірушісіне хабарласыңыз.
Ауруханалар мен денсаулықты сақтау мекемелері орнатқан
ережелерді немесе нормаларды ұстаныңыз.
Балаларға арналған барлық қауіпсіздік ережелерін
ұстаныңыз. Адаптер мен оның сымы ойыншықтар емес.
Кейбір адаптерлердің сымдары жұтып қою қаупін төндіреді.
Оны балалар жетпейтін жерде сақтаңыз. Балалардың
адаптерді немесе сымын аузына салуына рұқсат бермеңіз.
Бұл адаптер мен сым балалардың пайдалануына
арналмаған.
Батареяны өз бетіңізбен ауыстыруға әрекет етпеңіз, сіз
батареяға зақым келтіріп, бұл қызып кетуге, өртке және
жарақатқа себеп болуы мүмкін. Құрылғыға кірістірілген
батареяға Huawei немесе өкілетті қызмет көрсетуші қызмет
көрсетуі керек.
Жарылыс болуы мүмкін орта болып табылатын кез келген
аумақта құрылғы қуатын өшіріңіз және барлық белгілер мен
нұсқаулардың талаптарын орындаңыз.
10

Содержание

Похожие устройства