Elica PANDORA IX/F/90 Руководство по эксплуатации онлайн [148/164] 806116

Elica PANDORA IX/F/90 Руководство по эксплуатации онлайн [148/164] 806116
147
ҚҚ - құрастыру, қызмет ету және пайдалануға берілген нұсқаулық
Осында берілген нұсқауларды мұқият
орындаңыз. Өндіруші моторға келген
зақымдарға немесе дұрыс күтім жасамау,
немесе жоғарыдағы нұсқауларды орындамау
салдарынан шыққан өртке жауапты
болмайды. Бұл сорғыш тағам пісірген кезде
шығатын түтін жəне буларды сорғызып алуға
жəне үй жағдайында пайдалануға арналған.
Сорғыштың эстетикасы осы кітапшадағы
сызбаларынан қарағанда өзгеше болуы
мүмкін, алайда, пайдалану, техникалық
қызмет көрсету және орнату нұсқаулары
сол қалпында қалады.
! Бұл нұсқаулықты кейін қарау үшін сақтап
қойыңыз. Құрылғыны сатқан, тасымалдаған
немесе басқа жерге жылжытқан кезде,
нұсқаулық өніммен бірге болатынына көз
жеткізіңіз.
! Нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз
олардың ішінде орнатуға, пайдаланушыға
жəне қауіпсіздікке қатысты маңызды ақпарат
болады.
! Өнімнің немесе оның ауа шығару түтіктерінің
электр немесе механикалық жабдығын
өзгертпеңіз.
! Орнату жұмысын бастау алдында барлық
бөлшектері зақымдалған емес екенін
тексеріңіз.
Олай болмаған жағдайда, сатушыға
хабарласыңыз жəне орнату жұмысын
жалғастырмаңыз.
Ескертулер
Құрылғыны тазаламас немесе
оған қызмет көрсетпес бұрын,
қуат айырын ағыту немесе
негізгі айырып қосқышты
ажырату арқылы оны токтан
ағыту керек.
Құрылғыны орнатқан жəне
оған қызмет көрсеткен кезде
жұмыс қолғаптарын киіңіз.
8 е толмаған балаларға
үздіксіз бақылау болмаса,
құрылғыдан аулақ ұстау керек.
Бұл құрылғыны қауіпсіз түрде
қолдану бойынша кеңес не
нұсқау берілген жəне ықтимал
қауіпқатерлерді түсінетін
жағдайда, оны 8-ге толған
балалар мен дене, сезіну
немесе ой қабілеті төмен немесе
тəжірибесі мен білімі жеткіліксіз
адамдар қолдана алады.
Балаларға құрылғымен
ойнауға болмайды. Балаларға
бақылаусыз құрылғыны
тазалауға жəне оған қызмет
көрсетуге болмайды.
Газды немесе басқа отын
түрлерін жағатын тұрмыстық
аспаптардың бірлесіп жұмыс
жасауын қамтамасыз ету
үшін, қолданыстағы нормалар
мен ережелерге сəйкес үй-
жайлардың берік желдетілуі
қамтамасыз етілуі тиіс.
Сорғыштың іші мен сыртын жиі
тазалап тұру қажет ем дегенде
айына бір рет) сонымен қатар,
осы нұсқаулықта көрсетілген
сақтау шараларды бұлжытпай
орындаңыз.
Сорғышты тазалау жəне
сүзгілерді тазалау/ ауыстыру
нұсқаулары орындалмаса, өрт
шығуы мүмкін.
Сорғыш астында жалаң отпен
тағам пісіруге қатал тыйым
салынады;
Кез келген жағдайда жалаң отты
пайдаланбау керек, өйткені
ол сүзгілерді зақымдауы жəне
өртке себеп болуы мүмкін.
Қызған май жанып, өрттің
шығуына əкеп соғуы мүмкін,
сондықтан асты қуыру кезінде
ұнемі қадағалап отыру керек.

Содержание

Похожие устройства

Скачать