Thermex G 20 D Руководство по эксплуатации онлайн [51/58] 807187

Thermex G 20 D Руководство по эксплуатации онлайн [51/58] 807186
49
сәйкес келген кезде дайындаушы оған ГАСЖ сатып алған күннен бастап 12 жыл
қолданылу мерзімін белгілейді.
Су жылытқыштың барлық құрамдас бөлшектері қажет болған жағдайда оны
экологиялық қауіпсіз кәдеге жаратуға мүмкіндік беретін материалдардан жасалған,
ол су жылытқыш пайдаланылатын елдің нормалары мен ережелеріне сәйкес
жүргізілуі тиіс.
Дайындаушы ГАСЖ конструкциясына және сипаттамаларына алдын ала ес-
кертусіз өзгерістер енгізу құқығын өзіне қалдырады.
8. ДАЙЫНДАУШЫНЫҢ КЕПІЛДІКТЕРІ
ГАСЖ пайдаланудың кепілдік мерзімі бөлшек сауда желісі арқылы ГАСЖ
сатылған күннен бастап 2 жылды құрайды, кепілдік міндеттемелер тек ГАСЖ-ға
ғана қолданылады.
Дайындаушы ГАСЖ орнатуға арналған құжаттама болған кезде және
тұтынушы осы «Пайдалану бойынша нұсқаулықта» белгіленген сақтау, құрастыру,
пайдалану және техникалық қызмет көрсету ережелерін сақтаған кезде ГАСЖ-нің
үздіксіз жұмыс істеуіне кепілдік береді. Кепілдік мерзімі кезеңіндегі шағымдар
сатушы-фирманың белгілері және ГАСЖ корпусында сәйкестендіру белгісі бар
осы нұсқаулық болған кезде қабылданады.
Кепілдік міндеттемелерді ГАСЖ орнатуды жүзеге асырған ұйым орындайды.
Бұл ұйымның заңмен белгіленген лицензиялары болуы керек. ГАСЖ орнатуды,
бірінші іске қосуды және кейіннен қызмет көрсетуді жүзеге асыру үшін сізге
THERMEX авторландырылған сервистік орталықтарына жүгінуге кеңес береміз.
Сауда ұйымынан қызмет көрсету орталықтарының мекенжайлары мен
телефондарын сұраңыз.
ГАСЖ кепілдікті жөндеуді арнайы оқытудан өткен және осы жұмыс түрлеріне
рұқсаты бар мамандар жүргізеді.
ГАСЖ сатып алу кезінде сатып алушы ГАСЖ зақымданулардың болмауын
және жиынтықтылығын тексеруі, кепілдікті жөндеуге арналған талондарда
дүкеннің сату туралы белгісі мен мөртабаны бар «Пайдалану бойынша
нұсқаулықты» алуы тиіс.
Кепілдік талондарында ГАСЖ сату күні белгіленген дүкеннің мөртабаны
болмаған кезде кепілдік мерзімі оны дайындаушы шығарған күннен бастап
есептеледі.
ГАСЖ жөндеу кезінде кепілдік талонын жөндеу жүргізетін ұйымның қызметкері
толтырады, бұл ретте Кепілдік талоны алынады.
Дайындаушы келесі жағдайларда ГАСЖ ақаулығы үшін жауапкершілікті
көтермейді және ГАСЖ ақаусыз жұмыс істеуіне кепілдік бермейді:
а) тұтынушы ГАСЖ орнату және пайдалану ережелерін сақтамаған және
төлқұжатта мамандандырылған сервистік ұйымның орнатқаны туралы белгі
болмаған жағдайда;
б) Тұтынушы осы Нұсқаулықта белгіленген мерзімде (жылына бір реттен сирек
емес) ГАСЖ техникалық қызмет көрсету қағидаларын сақтамаған және
ы
KZ

Содержание

Похожие устройства

Скачать