Thermex G 20 TD Руководство по эксплуатации онлайн [39/58] 807188

Thermex G 20 TD Руководство по эксплуатации онлайн [39/58] 807188
37
Жану өнімдерін шығару үшін желдету және жалпы арналарды
пайдаланбаңыз. Өйткені жану өнімдерін мәжбүрлі шығару кезінде,
олар көрші арналарға түседі.
3.3 Суды қосу
ГАСЖ қызмет ету мерзімін ұзарту және оның пайдалану сипаттамаларын
жақсарту үшін ГАСЖ алдында 200 мкм кем емес тазалау дәрежесі бар (жеткізу
жиынтығына кірмейді) суды алдын ала тазарту сүзгісін орнату ұсынылады.
Қатты суы бар аймақтарда ГАСЖ алдында су жұмсартқыштарды орнату
ұсынылады (жеткізу жиынтығына кірмейді).
ГАСЖ су құбыры желісіне қосуды ішкі диаметрі 13 мм кем емес және
құбыржеңдерінің ұзындығы 1,5 м кем емес икемді құбыржеңдермен орындау
қажет.
Бұрын пайдалануда болған иілгіш құбыржеңдерді пайдалануға
тыйым салынады.
Суық және ыстық су құбыржолдарын қосу ГАСЖ-ның жекелеген бөлшектері
мен бөліктерінің жылжуын немесе сынуын және су жүйесінің саңылаусыздығының
бұзылуын болдырмау үшін ГАСЖ құбырлары мен бөлшектерінің өзара
тартылуымен қатар жүрмеуге тиіс.
ГАСЖ су құбыры желісіне қоспас бұрын, ГАСЖ-ге ластанулардың және оны
бірінші рет қосқан кезде шөгінділердің ықтимал қажетсіз түсуін болдырмау үшін
қысымды құбырдан суды ағызу қажет.
Құбыржолдарды ГАСЖ-ға қосқаннан кейін ГАСЖ құбыржолының ішкі
қуыстарын сумен алдын ала толтырып, қосылу орындарының саңылаусыздығын
тексеру қажет. Саңылаусыздықты тексеру суық судың тиекті шұрасын ашу
арқылы жүргізіледі (су тарату крандары жабық кезінде). Қосылу орындарында ағуға
жол берілмейді.
Суды қосқаннан және құбыржолды сынағаннан кейін жанарғының электронды
тұтануының жұмысқа жарамдылығын тексеру қажет, ол үшін:
полярлықты сақтай отырып, батареяны батарея бөліміне салу керек.
Бұл шартты сақтамау электрондық блоктың жұмыс істемеуіне әкеледі;
ыстық су кранын ашу керек, бұл ретте электронды тұтану білтелері
мен қыздырғыш секциясы арасында үздіксіз электронды разряд орын
алуы тиіс, бұл электрондық блоктың жұмысқа жарамдылығын және
электрондық жүйенің дұрыс орнатылуын көрсетеді.
Разряд болмаған жағдайда, қосудың принциптік электр сұлбасына сәйкес
жүйені орнатудың сенімділігін мұқият тексеріңіз (3, 6-суретті қараңыз).
3.4 Газды қосу
ГАСЖ тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін газ желісін ішкі диаметрі 13 мм
кем емес металл құбырлармен немесе Ду-мен 13 мм кем емес және ұзындығы 2,5
метрден аспайтын икемді шлангілермен жүргізу қажет.
ы
KZ

Содержание

Похожие устройства

Скачать