Thermex G 20 TD Руководство по эксплуатации онлайн [43/58] 807188

Thermex G 20 TD Руководство по эксплуатации онлайн [43/58] 807188
41
ҰСЫНЫМДАР:
Кермек суды қолдану кезінде пайдалану мерзімін арттыру үшін жылу
алмастырғышты әр алты ай сайын тазалау ұсынылады (5.3.3-тармақты қараңыз).
Қақтың пайда болу қарқындылығын азайту үшін газ реттегішінің тұтқасын суды
60 С-тан аспайтын қыздыруды қамтамасыз ететін күйге орнату қажет.
Қақтың пайда болуы уақыт өте келе жылу алмастырғышта жылытылған су
температурасының төмендеуіне және ыстық су ағынының әлсіреуіне әкелуі мүмкін.
Кермек судың температурасын реттеудің барлық басқа әдістері қолайлы.
Судың қажетті температурасын орнатқаннан кейін суды реттеу тұтқасын және
газды реттеу тұтқасын қолдануға болмайды, өйткені жанарғыны қосу және өшіру
ыстық су кранын ашу немесе жабу арқылы қамтамасыз етіледі.
4.3 ГАСЖ ұзақ уақытқа өшіру
ГАСЖ пайдалану аяқталғаннан кейін (түнгі уақыт, үйде ұзақ уақыт болмау және
т. б.) оны келесі реттілікті сақтай отырып өшіру қажет:
ыстық судың тиекті шұрасын жабыңыз;
ГАСЖ кірісіндегі бекітпе газ кранын жабыңыз;
суық судың тиекті шұрасын жабыңыз.
Кермек су кезінде ГАСЖ пайдалану аяқталғаннан кейін:
ыстық судың су бөлетін кранына ашыңыз;
газды реттеу тұтқасын шеткі оң жаққа орнатыңыз;
ГАСЖ арқылы суды жылы күйге дейін ағызыңыз;
ГАСЖ кірісінде бекітпе газ кранын жабыңыз;
ГАСЖ кірісінде суық судың тиекті шұрасын жабыңыз.
4.4. Қатып қалудан сақтау
Егер ГАСЖ өшірілгеннен кейін ондағы судың қатып қалуы мүмкін болса, ГАСЖ-
ден суды төмендегідей ағызу қажет:
ГАСЖ алдында газдың бекітпе кранын және судың бекітпе кранын
жабыңыз;
ыстық су кранын ашыңыз;
қауіпсіздік клапанын 15 бұраңыз (қатып қалудан қорғау) (2, 5 -суретті
қараңыз);
суды ағызыңыз;
қауіпсіздік клапанын 15 түбіне дейін бұраңыз (қатып қалудан қорғау)
(2,5-суретті қараңыз) және ыстық судың тиекті шұрасын жабу қажет.
ы
KZ

Содержание

Похожие устройства

Скачать