Scarlett SC-VC80B64 Инструкция по эксплуатации онлайн [8/8] 809990

Scarlett SC-VC80B64 Инструкция по эксплуатации онлайн [8/8] 809990
IM023
www.scarlett.ru SC-VC80B64
8
Электр бауды орауға арналған тиісті ноқатты басыңыз, сонымен қатар, баудың бұралып кетуі не зақымдануына жол
бермеу үшін оны қолмен ұстап тұру ұсынылады.
Шаң сорғыштың қозғалтқышы қызып кетпеуі үшін 30 минуттан көп толассыз жұмыс істемеңіз және 15 минуттан кем
емес міндетті үзіліс жасаңыз.
СІЗДІҢ ШАҢ СОРҒЫШЫҢЫЗДЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ
Сіздің шаңсорғышыңыз кеп деңгейлі ауа сүзу жүйесімен жарақталған:
Үш қабатты матадан жасалған шаңжинағыш.
Қозғалтқыш бөлімшесіне ауа кіретін жерде орналасқан, талшықты ішкі тазартқыш сүзгі.
Артқы алмалы тордың артында орналасқан, аса ұсақ шаңнан тазартатын HEPA сүзгісі жууға болады, аспаптың бүкіл
қызмет мерзіміне шақталған.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТІМ
Шаң сорғышты өшіріңіз және оны электр жүйесінен сөндіріп тастаңыз.
Тұлғаның сыртын қайрақты заттарсыз жуғыш құрал қосып жұмсақ матамен сүртіңіз.
Бұйым және электр бауын суға немесе басқа сұйықтықтарға батыруға тиым салынады.
ШАҢ ЖИНАҒЫШТЫ ТАЗАЛАУ
Шаң жинағыгты ұдайы тазалап тұрыңыз. Оның толтырылу барысында индикатор шкаласы терезе бойымен жылжиды;
оның орта жайы шаң жинағышты тазалау қажеттігін білдіреді.
Шлангіні шығарыңыз, шаң сорғыш бөлігінің қақпағын ашыңыз, қапты алыңыз, қаптың төменгі жиегінен қысқышты шетке
жылжытып алыңыз, қапты тазалаңыз, қапты жабыңыз және қысқышты кигізіңіз, шаң жинағышты орнына ұқыппен
орнатыңыз.
Шертілге дейін басып, қақпақты жабыңыз.
НАЗАР: Егер шаң жинағыш дұрыс орнатылмаса, шаң сорғыштың қақпағы жабылмайды.
СҮЗГІЛЕРДІ ТАЗАЛУ
Сүзгілерді жылына бір реттен сирек емес тазалау қажет. Шаң сорғышты жиі қолдансаңыз, шаң жинағыштарды әрбір 3-
5 тазалағаннан кейін сүзгілерді жуып тазартыңыз.
Электр жүйесініен шаң сорғышты сөндіріп тастаңыз.
Шаң жинағыштың бөлігінің қақпағын ашыңыз да электр қозғалтқыштың алдындағы сүзгіні шығарыңыз.
Ауа шығуында орналасқан сүзгіні алыңыз.
Сүзгілерді жылы ағын сумен жуыңыз және ауада толық кептіріңіз.
Сүзгілерді орнына орнатыңыз.
НАЗАР:
Сүзгілерді орннатпай шаң сорғышты қоспаңыз, бұл электр қозғалтқышы қатардан шығаруы мүмкін.
Сүзгілерді мәшіңкеде жумаңыз және олады фенмен кептірмеңіз.
САҚТАУ
Шаң сорғышты тік орнатыңыз.
Құбырды айнала шлангіні орап қойыңыз.
Тұлғадағы арнайы саңылауға щөткелі құбырды бекітіп қойыңыз.
Өнімдегі, қораптағы және/немесе қосымша құжаттағы осындай белгі қолданылған электрлік және электрондық
бұйымдар кәдімгі тұрмыстық қалдықтармен бірге шығарылмауы керек дегенді білдіреді. Оларды арнайы қабылдау
бөлімшелеріне өткізу қажет.
Қалдықтарды жинау жүйелері туралы қосымша мәліметтер алу үшін жергілікті басқару органдарына хабарласыңыз.
Қалдықтарды дұрыс кәдеге жарату бағалы ресурстарды сақтауға және қалдықтарды дұрыс шығармау салдарынан
адамның денсаулығына және қоршаған ортаға келетін теріс әсерлердің алдын алуға көмектеседі.
Скачать