Thunderobot Warrior Ultimate Инструкция по эксплуатации онлайн [19/36] 811324

Thunderobot Warrior Ultimate Инструкция по эксплуатации онлайн [19/36] 811324
Кіріспе
Thunderobot маркасының үстел ДК (жүйелік блокты)
таңдағаныңыз үшін алғыс білдіреміз.
Құрылғыңызбен жұмысты бастар алдында осы нұсқаулықты
мұқият оқуды және әрі қарай пайдалану үшін оны сақтауыңызды
сұраймыз. Бұл нұсқаулықта пайдаланылатын суреттер құрылғы
қызметтерін көрсетуге арналған және нақты құрылғыдан сәл
ерекше болуы ықтимал.
Өндіруші осы нұсқаулыққа алдын ала ескертусіз өзгерістер енгізу
құқығын өзіне қалдырады.
Бұл өнім тек қана тұрмыстық пайдалануға арналған және
өнеркәсіптік немесе коммерциялық мақсаттарда пайдаланылуы
мүмкін емес. Өнімді онда көрсетілген манипуляциялық
белгілерге сәйкес зауыттық қаптамада тасымалдау және сақтау
қажет. Тиеу, түсіру және тасымалдау кезінде сақтық танытыңыз.
Көлік пен қоймалар өнімді атмосфералық жауын-шашыннан
және механикалық зақымданудан қорғауды қамтамасыз етуі тиіс.
Аспаптың жұмысында ақаулықтар анықталған жағдайда оны
пайдалануды дереу тоқтатып, тестілеу, ауыстыру немесе жөндеу
үшін Haier компаниясының жақын жердегі сервистік орталығына
тапсыру керек. Қауіпсіздік мақсатында құрылғыны жөндеу
және қызмет көрсету бойынша барлық жұмыстарды тек HAI-
ER компаниясының уәкілетті қызмет көрсету орталықтарының
өкілдері ғана орындауы тиіс.
Қызмет көрсету орталықтарының мекенжайлары мен
телефондарын https://haieronline.kz/ сайтынан немесе
8-800-070-01-29 телефоны арқылы білуге болады.

Похожие устройства

Скачать