Vitek VT-2438 Инструкция по эксплуатации онлайн [13/28] 811789
![Vitek VT-2438 Инструкция по эксплуатации онлайн [13/28] 811789](/views2/2043660/page13/bgd.png)
13
ҚАЗАҚША
• Аспаппен ойнауларына жол бермеу үшін
балаларды қадағалау керек.
• Құрал жұмыс істеп тұрғанда балалардың
жұмыс бетін, құралдың корпусын, желілік бауды
немесе желілік баудың айырын ұстауына жол
бермеңіз.
• Егер жұмыс істеп тұрған құралдың маңында
балалар немесе мүмкіндіктері шектеулі
адамдар болса, онда ерекше мұқият
болыңыз.
• Жұмыс істеу уақытында және жұмыс циклдері
арасындағы үзілістерде құралды балалардың
қолы жетпейтін жерде орналастырыңыз.
• Дене, жүйке немесе сана мүмкіндіктері
төмендетілген тұлғалардың (балаларды қоса
алғанда) немесе оларда тәжірибесі немесе
білімі болмаса, егер олар бақыланбаса
немесе олардың қауіпсіздігі үшін жауап
беретін тұлғамен аспапты пайдалану туралы
нұсқаулықтар берілген болмаса, аспап олардың
пайдалануына арналмаған.
• Қуаттандыру бауының бүтіндігін жүйелі түрде
тексеріп отырыңыз.
• Қуаттандыру бауы зақымданғанда қауіп
тудырмау үшін оны дайындаушы, сервистік
қызмет немесе баламалы білікті маман
ауыстыруы тиіс.
• Қуаттандыру бауы немесе қуаттандыру
бауының айырыы зақымданған болса, егер
құрал кідіріспен жұмыс істесе, сондай-ақ ол
құлаған болса, онда құралды пайдалануға
тыйым салынады.
• Аспапты өз бетіңізбен жөндеуге тыйым
салынады. Аспапты өздігіңізден бөлшектеуге
болмайды, кез-келген бұзылыс пайда
болғанда, сондай-ақ құрал құлаған жағдайда
құралды розеткадан алып тастаңыз және
кепілдік талонында және www.vitek.ru сайтына
көрсетілген байланыс мекен-жайлары бойынша
кез-келген авторландырылған (уәкілетті)
сервистік орталыққа хабарласыңыз.
• Бұзылуларға жол бермеу үшін құралды тек
зауыттық қаптамада тасымалдаңыз.
• Құралды құрғақ салқын, балалар және
мүмкіндіктері шектеулі адамдардың қолы
жетпейтін жерде сақтау керек.
ОСЫ ҚҰРАЛ ТЕК ТҰРМЫСТЫҚ ЖАҒДАЙЛАРДА
ПАЙДА ЛАНУҒА АРНАЛҒАН. ҚҰРАЛДЫ КОММЕР
ЦИЯЛЫҚ ПАЙДАЛАНУҒА ЖӘНЕ ӨНДІРІСТІК
АЙМАҚТАР МЕН ЖҰМЫС ҮЙЖАЙЛАРЫНДА
ПАЙДАЛАНУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.
АЛҒАШ РЕТ ПАЙДАЛАНУ АЛДЫНДА
Құралды төмен температура жағдайында
тасы малдаған немесе сақтағаннан кейін,
оны бөлме температурасында үш сағаттан
кем емес уақыт бойы ұстау керек.
• Құрылғыны қаптамасынан шығарыңыз және
қаптама материалдары мен жарнамалық
жапсырмаларды алып тастаңыз.
• Жұмыс бетінде (6) қорғаныс үлдірі бар болған
жағдайда, оны шешіп тастаңыз.
• Зауыт қаптамасын сақтап қойыңыз.
• Қауіпсіздік шаралары мен пайдалану нұсқаула-
рымен танысыңыз.
• Жинақталымын тексеріңіз.
• Құралды зақымдануына қатысты байқаңыз
зақымдануы болған жағдайда оны желіге
қоспаңыз.
• Құралдың қуаттандыру кернеуінің көрсетілген
параметрлері электр желісінің параметрлеріне
сәйкес келетініне көз жеткізіңіз. Құралды 60 Гц
жиілікті электрлік желіде пайдаланған кезде
ешқандай қосымша әрекет талап етілмейді.
• Шаңды кетіру үшін буландырғышты сәл ылғал
матамен сүртіңіз, одан кейін құрғатып сүртіңіз.
БУЛАНДЫРҒЫШТЫҢ НЕГІЗГІ МАҚСАТЫ
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Буландырғышты киімді жылдам булау және
киімдерге сәнді түр беру үшін пайдалануға
болады. Қыртыстары қатты заттар үшін
қосымша үтікті пайдалануға кеңес беріледі.
– Буландырғыш тек тұрмыс жағдайында
пайдалануға арналған.
– Буландырғыш нәзік маталарға күтім
көрсетуге арналған, киімдегі немесе интерьер
бұйымындағы қыртыстарды тегістеуге
көмектеседі.
– Егер сіз белгілі типтегі мата немесе киімге
буландырғышты пайдалануға күмәндансаңыз,
онда матаны ішкі жағынан булап көріңіз.
– Нәзік матаны буландырған кезде буландыр-
ғышты бұйымнан 5-15 сантиметр аралықта
ұстаңыз.
– Қондырма-қылшақ (5) киімнен түк пен майда
кірлерді кетіреді, қыртыстарды тегістеуді
жеңілдетеді, будың қалың және ауыр матаға
енуін жақсартады.
БУЛАНДЫРҒЫШТЫ ПАЙДАЛАНУ
Суды таңдау
• Түпқоймаға (3) су құбырының суын құйыңыз,
тұрмыстық сүзгішпен қосымша тазалаудан
өткен суды пайдалануға кеңес беріледі.
• Егер су құбырының суы қатты болса, онда
оны дистилденген сумен 1:1 қатынасында
араластыруға кеңес беріледі, су өте қатты
болған жағдайда дистилденген сумен 1:2
қатынасында араластырыңыз немесе тек
дистилденген суды ғана пайдаланыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Түпқойманы (3) ажыратардың алдында
желілік баудың айыры электрлік розеткаға
салынбаған дығына көз жеткізіңіз.
• Суға арналған түпқойманы (3) сағат тіліне
қарсы бұрап жіне төмен қарай тартып, оны
буландырғыштың корпусынан шешіңіз.
• Түпқойманың төменгі бөлігінле (1) орналасқан
су құятын тесіктің қақпағын (2) ашыңыз.
• Түпқоймаға (3) су құйыңыз және қақпақты (2)
мықтап жабыңыз. Максималдық деңгейдің
белгісінен асырмаңыз. Түпқоймадағы (3) судың
тамшыларын қағаз орамалмен немесе құрғақ
матамен сүртіп алыңыз.
Похожие устройства
- Vitek VT-2662 Инструкция по эксплуатации
- Vitek VT-2067 Инструкция по эксплуатации
- Coolfort CF-3205 Инструкция по эксплуатации
- Coolfort CF-3206 Инструкция по эксплуатации
- Coolfort CF-3101 Инструкция по эксплуатации
- Coolfort CF-3004 Инструкция по эксплуатации
- Coolfort CF-3060 Инструкция по эксплуатации
- Coolfort CF-3006 Инструкция по эксплуатации
- Coolfort CF-3041 Инструкция по эксплуатации
- Coolfort CF-3430 Инструкция по эксплуатации
- Coolfort CF-3410 Инструкция по эксплуатации
- Coolfort CF-3409 Инструкция по эксплуатации
- Coolfort CF-3420 Инструкция по эксплуатации
- Coolfort CF-3941 Инструкция по эксплуатации
- Coolfort CF-3942 Инструкция по эксплуатации
- Coolfort CF-3940 Инструкция по эксплуатации
- Merach Q1S Инструкция по эксплуатации
- Kettler Air R1 Инструкция по эксплуатации
- Esperanza OE8104D B Инструкция по эксплуатации
- Esperanza OE7804D B Инструкция по эксплуатации
Скачать
Случайные обсуждения
Ответы 0
нет пара. Нагреватель и насос работат. Как разобрать для ремонта своими руками?
1 месяц назад