Coolfort CF-3041 Инструкция по эксплуатации онлайн [11/28] 811798

Coolfort CF-3041 Инструкция по эксплуатации онлайн [11/28] 811798
11
ҚАЗАҚША
ПЫЛЕСОС CF-3041
Шаңсорғыш панажайларды құрғақ жинастыруға
арналған.
СИПАТТАМАСЫ
1. Еденге / кілем жабындыларына арналған қылшақ
2. «ЕДЕН / КІЛЕМ» режимдерінің қосқышы
3. Сорғызу қуатының қол реттегіші
4. Телескопиялық ұзартқыш түтік
5. Иілгіш құбыршектің қолсабы
6. Иілгіш құбыршек
7. Шаңсорғыштың қақпағы
8. Иілгіш құбыршек ұштамасы
9. Шаң жинағыш қаптың тұтқасы
10. Ауатартқыш саңылау
11. Желілік бау
12. Шаң жинағыш қап
13. Бекіткіш батырмасы
14. Шаңсорғышты қосу / өшіру батырмасы
15. Шаңсорғышты тасымалдауға арналған қолсап
16. Желі бауын орау батырмасы
17. Сорғызу қуатының реттегіші
18. Қылшақтың «тұрақ» орны
19. Дисплей
20. Минималды сору қуаты
21. Орташа сору қуаты
22. Алдыңғы доңғалақ
23. НЕРА-сүзгі
24. Артқы доңғалақ
25. Максималды сору қуаты
26. Қапты толтыру индикаторы
27. Корпусы
28. Саңылауларға арналған қондырма
29. Қозғалтқыш сүзгісі
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Қосымша қорғаныс үшін қуаттандыру тізбегіне
номиналды іске қосылу тоғымен 30 мА-дан аспайтын,
қорғаныс ажырату құралын (ҚАҚ) орнатқан дұрыс;
орнату және кеңес алу үшін маманға жүгіну қажет.
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
Құрылғыны пайдалану алдында берілген пайдалану
бойынша басшылықты зейін қойып оқып шығыңыз және
оны бүкіл пайдалану мерзімі бойы сақтаңыз. Құрылғыны
тек оның тікелей міндеті бойынша ғана берілген
басшылықта жазылғандай пайдаланыңыз. Аспапты
дұрыс қолданбау оның бұзылуына, пайдаланушыға
немесе оның мүлігіне зиян келтіруі мүмкін.
Өртену, электр тоғымен зақымдану немесе жарақат алу
тәуекелін азайту үшін төмендегі қауіпсіздік шаралары
бойынша ұсыныстарды орындау керек.
Құрылғыны электр желісіне қосу алдында, құрылғыда
көрсетілген жұмыс істеу кернеуі сіздің үйіңіздің электр
желісіндегі кернеуге сәйкес болуына көз жеткізіңіз.
Өрт тәуекеліне жол бермеу үшін құрылғыны
электр ашалығына қосқан кезде ауыстырғыштарды
пайдаланбаңыз.
Шаңсорғыш желілік ашалыққа қосулы кезде,
оны қараусыз қалдырмаңыз. Сіз шаңсорғышты
пайдаланбаған жағдайда, қондырмаларды
ауыстырған кезде, сонымен қатар техникалық қызмет
көрсету алдында, желілік бауды электрлік ашалықтан
міндетті суырыңыз.
Электр тоғы соққысы тәуекелін азайту үшін
шаңсорғышты бөлмелерден тыс пайдаланбаңыз,
шаңсорғышты суды немесе кез-келген басқа
сұйықтықтарды жинау үшн пайдалануға тыйым
салынады (шаңсорғышты дымқыл беттерде
пайдаланбаңыз).
Шаңсорғышты тасымалдауға арналған қолсаптан
ұстап қана тасымалдауға болады.
Желілік бауды шаңсорғышты тасымалдау үшін
пайдаланбаңыз, егер желілік бау есік саңылауын
өтетін болса, есікті жаппаңыз, желілік баудың
жиһаздың үшкір шеттермен немесе бұрыштарымен
жанасуына жол бермеңіз. Бөлмені жинаған кезде
желілік баудан шаңсорғышпен жүруге тыйым
салынады сіз оны бүлдіре аласыз. Алдымен
шаңсорғышты іске/сөндіру батырмасымен сөндіріңіз
және содан кейін ғана желілік баудың айыртетігін
электрлік ашалықтан шығаруға болады.
Құрылғыны электрлік желіден ажыратқан кезде
желілік баудан тартпаңыз, ал желілік баудың
айыретігінен қолыңызбен ұстаңыз.
Желілік айыретікті немесе шаңсорсғыш корпусын
сулы қолмен ұстамаңыз.
Желілік бауды орау кезінде бауды қолыңызбен
ұстаңыз, желілік айыртетіктің еденге соғылуына жол
бермеңіз.
Құрылғының шығаратын саңылауын қандай да бір
заттармен жабуға тыйым салынады.
Егер құрылғының қандай да бір саңылауы бөгеттелген
болса, оны іске қосуға тыйым салынады.
Шаштардың, сонымен қатар бос салбыраған киім
бөліктері, саусақтар немесе басқа дене мүшелері
шаңсорғыштың ауатартқыш саңылауларының
қасында орналаспауын қадағалаңыз.
Баспалдақ алаңшаларын жинастырғанда аса назар
болыңыз.
Шаңсорғышты бензин, еріткіштер сияқты жеңіл
тұтанатын сұйықтықтарды жинауға пайдалануға
тыйым салынады; шаңсорғышты осындай
сұйықтықтарды сақтайтын жерлерде пайдалануға
тыйым салынады.
Шаңсорғыш көмегімен суды немесе басқа
сұйықтықтарды, жанып немесе түтіндеп жатқан
темекілерді, сіріңкелерді, шоқты, сонымен қатар
сылақтың, бетонның, ұнның немесе күлдің майда
түйіршікті шаңын жинауға тыйым салынады.
Егер мыналар орнатылмаған болса шаңсорғышты
пайдалануға тыйым салынады:
шаңжинауыш орнатылмаған немесе дұрыс
құрастырылмаған;
кіргізетін және шығаратын сүзгілер.
Шаңсорғыш корпусын суға немесе кез-келген басқа
сұйықтықтарға матырмаңыз.
Жеткізілім жинағына кіретін жабдықтар мен
қондырмаларды ғана пайдаланыңыз.
Шаңсорғышты мезгілімен тазалауды жүргізіңіз.
Шаңсорғышты құрғақ салқын жерде сақтаңыз.
Шаңсорғышты үй жануарларын тазалау үшін
пайдаланбаңыз.
Скачать