Coolfort CF-3041 Инструкция по эксплуатации онлайн [13/28] 811798

Coolfort CF-3041 Инструкция по эксплуатации онлайн [13/28] 811798
13
ҚАЗАҚША
Жинастыруды бастау алдында, құрылғының
бұзылуына жол бермеу үшін еденнен үшкір заттарды
алыңыз.
Егер жинастыру кезінде шаңсорғыштың сорғызу
қуаты кенет азайып қалса, оны дереу сөндіріңіз
және телескопты түтіктің (4) немесе құбыршектің (6)
қоқыстануын тексеріңіз. Шаңсорғышты сөндіріңіз,
содан кейін оны электрлік желіден ажыратыңыз,
қоқыстануды жойыңыз, осыдан кейін ғана
жинастыруды жалғастыруға болады.
ПАЙДАЛАНУ
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! - шаңсорғышты тек орнатылған
шаң жинағыш-қаппен (12) және орнатылған қозғалтқыш
сүзгісімен (29), сондай-ақ орнатылған НЕРА -сүзгісімен
(23) қосуға болады. Сүзгілердің (23) дұрыс орнатылғанын
міндетті түрде тексеріп отырыңыз.
Жұмысты бастамас бұрын желі бауын қажетті
ұзындыққа тартыңыз және желі бауының ашасын
электр розеткасына қосыңыз.
Желі бауындағы сары белгі желі бауының
максималды ұзындығын білдіреді.
Желілік бауды қызыл белгіден әрі шығаруға тыйым
салынады.
Шаңсорғышты қосу үшін қосу/сөндіру батырмасын
(14) басыңыз.
Жұмыс кезінде сіз сору қуаттылығын сабын (17)
бұрау арқылы, сондай-ақ, иілгіш құбыршектің (5)
сабында орналасқан сору қуаттылығының қол
реттегішін (3) пайдалану арқылы реттей аласыз.
Үй-жайдағы жинастыруды аяқтағаннан кейін қосу/
сөндіру батырмасын (14) басыңыз және желі бауын
электр розеткасынан шығарыңыз.
Желі бауын орау батырмасы (16) шаңсорғыштың
корпусында орналасқан, желі бауын орау үшін орау
батырмасын (16) басыңыз, оралып жатқан бауды
зақымданбауы және қабатталмауы үшін қолыңызбен
ұстап тұрыңыз.
Жинастыру арасындағы үзілістерде қылшақты (1)
«тұрақ» орнына (18) орнатуға болады.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТІМ
Қайта пайдалануға болатын шаң жинағыш қапты (12)
пайдаланған жағдайда, бөлмені әрбір тазалағаннан
кейін шаң жинағыш қапшықтан қоқыс пен шаңды (12)
алып тастап отырыңыз.
Бір реттік қап-шаң жинағышты (12) пайдаланған
жағдайда, оны толтырған кезде және қапты толтыру
индикаторы іске қосылған кезде ауыстырыңыз.
Шаңсорғышты сөндіріңіз және оны желіден
ажыратыңыз.
Түймені (13) басыңыз, иілгіш құбыршектің ұштығын
(8) абайлап шешіп алыңыз және шаңсорғыштың
қақпағын (7) көтеріңіз. Шаң жинағыш қаптың тұтқасын
(9) ұстаңыз және өзіңізге қарай тартып, шаң жинағыш
қапты (12) шаңсорғыш корпусынан шығарып алыңыз.
Қайта пайдалануға болатын шаң жинағыш қапты (12)
қоқыс шелегі үстіне орналастырыңыз.
Қайта пайдалануға болатын шаң жинағыш-қаптан
(12) шаң мен қоқысты алып тастаңыз.
Шаң жинағыш-қапты (12) орнына орнатыңыз.
Сүзгіні (23) және қайта пайдалануға болатын шаң
жинағыш қапты (12) тазалау.
Жоғарыда сипатталғандай, қоқыс пен шаңнан
шаңжинағыш-қапты (12) алдын ала тазалаңыз.
HEPA-сүзгісін (23) абайлып шығарып алыңыз (сур. 3).
Ескертпе:
су ағынын сүзгілердің сыртына бағыттау арқылы
сүзгілерді жуып отырыңыз.
сүзгіні жуу үшін ыдыс жуатын машинаны
қолданбаңыз.
сүзгіні мұқият құрғатыңыз.
Сүзгілерді кептіру үшін фенді пайдалануға тыйым
салынады.
НЕРА-сүзгіні (23) жинаңыз және оны орнату орнына
орнатыңыз.
Құрастырылған шаң жинағыш қапты (12) шаңсорғыш
корпусына орнатыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Шаң жинағыш-қапты (12) шаңсорғыш корпусына
орнатпас бұрын, сүзгісі құрғақ, ал шаң жинағыш
қаптың ішінде (12) ылғал жоқ екеніне көз жеткізіңіз.
Шаңсорғыш корпусы
Шаңсорғыш корпусын (27) сәл дымқыл жұмсақ
матамен сүртіңіз, содан кейін құрғатып сүртіңіз.
Шаңсорғыш корпусын (27), желілік сымды (11)
және желілік сым ашасын суға немесе кез келген
басқа сұйықтықтарға батыруға тыйым салынады.
Шаңсорғыш корпусының (27) ішіне сұйықтық төгілуіне
жол бермеңіз.
Шаңсорғыштың корпусын және аксессуарларын
тазалау үшін еріткіштер мен қажайтын тазалағыш
заттарды пайдалануға тыйым салынады.
САҚТАУ
Шаңсорғышты ұзақ уақытқа сақтауға алып қоярдың
алдында, құрылғы корпусын және шаң жинағышты
және сүзгіні (23) тазалаңыз.
Сақтау кезіндегі ыңғайлылық үшін шаңсорғыш
корпусының түбінде орналасқан қылшақ тұрағы
орнын (18) пайдаланыңыз.
Құрылғыны балалардың және мүмкіндіктері
шектеулі адамдардың қолы жетпейтін жерде
сақтаңыз.
ЖАБДЫҚТАЛУЫ
Сүзгілер және шаңжинағыш-қап орнатылған
шаңсорғыш – 1 дн.
Иілгіш құбыршек 1 дн.
Телескопиялық ұзартқыш түтік – 1 дн.
Еден/кілем жабындыларына арналған қылшақ – 1 дн.
Саңылауларға арналған қондырма 1 дн.
Нұсқаулық – 1 дн.
Кепілдік талоны 1 дн.
ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ
Электрқуаттандыруы: 220-240 В ~ 50 Гц
Қуаттау бауы: 5 м
Номиналдық тұтыну қуаттылығы: 1600 Вт
Сору қуаттылығы: 255 Вт
Шаңға арналған қапшық сыйымдылығы: 3 л
Скачать