Coolfort CF-3410 Инструкция по эксплуатации онлайн [12/28] 811800
![Coolfort CF-3410 Инструкция по эксплуатации онлайн [12/28] 811800](/views2/2043671/page12/bgc.png)
12
ҚАЗАҚША
ҮТІК CF-3410
Үтік киімді, төсек жайманы үтіктеуге және маталарды тік
булауға арналған.
СИПАТТАМАСЫ
1. Су шашыратқышы
2. Құятын саңылау қақпағы
3. Қосымша бу беру пернесі
4. Су шашыратқыш пернесі
5. Қыздырғыш элементтің іске қосылу/сөну/автосөну
индикаторы
6. Қолсабы
7. Желілік баудың қорғанысы
8. Үтіктің негізі
9. Суға арналған сұйыққойма
10. Температураны реттегіш
11. Тұрақты бу беруді реттегіш
12. Үтіктің бу камерасын өздігінен тазалау батырмасы
«Clean»
13. Судың максималды деңгейін «MAX» көрсетуші
14. Үтіктің табаны
15. Өлшейтін стақанша
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Қосымша қорғаныс үшін қоректендіру тізбегінде номи-
налды іске қосылу тогы 30 мА аспайтын қорғаныс
сөндіру құрылғысын (ҚСҚ) орнатқан дұрыс, ҚСҚ-ны орна-
ту үшін маманға хабарласыңыз.
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
Электр аспабын пайдалану алдында берілген пайдалану
бойынша нұсқаулықты зейін қойып оқып шығыңыз және
оны анықтамалық материал ретінде пайдалану үшін
сақтап қойыңыз.
Берілген нұсқаулықта көрсетілгендей, құрылғыны тек оның
тікелей міндеті бойынша ғана пайдаланыңыз. Құрылғыны
дұрыс пайдаланбау оның бұзылуына, тұтынушыға немесе
оның мүлігіне зиян келтіруіне әкелуі мүмкін.
• Іске қосу алдында электр желісінің кернеуі үтіктің
жұмыс істеу кернеуіне сәйкес келетініне көз
жеткізіңіз.
• Желілік баусым «еуроашамен» жабдықталған; оны
сенімді жерлендіру түйіспесі бар электрлік ашалыққа
қосыңыз.
• Өрттің пайда болу қаупіне жол бермеу үшін аспапты
электр ашалығына қосқан кезде ауыстырғыштарды
пайдаланбаңыз.
• Электрлік желінің асыра жүктелуіне жол бермеу
үшін тұтынатын қуаты жоғары бірнеше құрылғыны
бірмезгілде іске қоспаңыз.
• Үтікті панажайлардан тыс және ылғалдылығы жоғары
панажайларда пайдаланбаңыз.
• Үтікті жазық тұрақты бетке қойыңыз немесе тұрақты
үтіктеу тақтасын пайдаланыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Үтіктің беттері жұмыс
уақытында қызады. Күйікке шалдығудың алдын-алу үшін
терінің ашық бөліктерінің үтіктің ыстық беттерімен
немесе шығып жатқан бумен түйісуіне жол бермеңіз.
• Суға арналған сауытқа хош иістендіргіш сұйықтықтарды,
сірке суын, крахмал ерітіндісін, қақты жоюға арналған
реагенттерді, химиялық заттарды және т.с.с. құюға
тыйым салынады.
• Құрылғыны сепкіштер шашыратылатын немесе тез
тұта натын сұйықтықтар пайдаланылатын жерлерде
қоспаңыз.
• Үтік табанының бүлінуіне жол бермеу үшін металл
сырғымасы немесе металл түймелері бар заттарды
үтіктеген кезде сақ болыңыз.
• Жұмыс кезінде желілік баусымның үтіктеу
тақтайшасында болмауын және ыстық беттер мен
үшкір жиектерге тимеуін қадағалаңыз.
• Желіге қосылған құрылғыны қараусыз қалдырмаңыз.
Жұмыс кезіндегі үзілістер және салқындау уақытында
үтікті негізіне (тік күйінде) қойыңыз.
• Үтікті электрлік желіге қосу/ажырату алдында темпе-
ратура реттегішін минималды күйіне белгілеңіз және
тұрақты бу беруді сөндіріңіз.
• Үтікті пайдаланбасаңыз, онда оны міндетті түрде
электр желісінен ажыратыңыз.
• Сауытты сумен толтырғанда желілік баусым ашасын
міндетті түрде электрлік ашалықтан суырыңыз.
• Су құятын саңылаудың қақпағы үтіктеу уақытында
жабық болуы керек.
• Үтікті электр желісінен сөндірген кезде әрқашан
желілік ашадан ұстаңыз, ешқашан желілік баусымнан
тартпаңыз.
• Электр тоғы соққысына жол бермеу үшін үтікті, желілік
баусымды немесе желілік баусым ашасын суға немесе
кез-келген басқа сұйықтыққа матырмаңыз.
• Үтікті жинап қойғанға дейін оған толық салқындауға
уақыт беріңіз және судың қалдығын төгіңіз.
• Үтікті желіден ажыратқаннан кейін ғана суды сауыт-
тан төгіңіз.
• Құрылғыны тұрақты тазалап тұрыңыз.
• Құрылғы корпусын және желілік баусым ашасын сулы
қолмен ұстамаңыз.
• Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда балаларға үтіктің кор-
пусына және желілік баусымға қолын тигізуге рұқсат
етпеңіз.
• Аспаппен ойнауларына жол бермеу үшін балаларды
қадағалау керек.
• Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында
қаптама ретінде пайдаланылатын полиэтилен қаптарды
қараусыз қалдырмаңыз.
Назар аударыңыз! Балаларға полиэтилен қаптармен
немесе қаптама үлдірмен ойнауға рұқсат бермеңіз.
Баланың тұншығу қаупі бар!
• Берілген құрылғы балалардың пайдалануына
арналмаған. Жұмыс кезінде және суу кезінде құрылғыны
балалардың қолы жетпейтін жерге орналастырыңыз.
• Дене, сенсорлық немесе ақыл-сана мүмкіндіктері
төмендетілген тұлғалардың (балаларды қоса алғанда)
немесе оларда өмірлік тәжірибесі немесе білімі болма-
са, егер олар бақыланбаса немесе олардың қауіпсіздігі
үшін жауап беретін тұлғамен аспапты пайдалану тура-
лы нұсқаулықтар берілген болмаса, аспап олардың
пайдалануына арналмаған.
• Қуаттандыру бауының айыры немесе қуаттандыру
бауы зақымдалған кезде құралды пайдалануға тыйым
салынады. Қуаттандыру бауы зақымданғанда қауіп
тудырмау үшін оны дайындаушы, сервистік қызмет
немесе баламалы білікті маман ауыстыруы керек.
• Аспапты өз бетімен жөндеуге тыйым салынады.
Аспапты өз бетіңізбен бөлшектемеңіз, кез-келген
ақаулықтар пайда болғанда, сонымен қатар құрылғы
құлағаннан кейін аспапты электрлік ашалықтан
суырыңыз және кепілдеме талоны мен www.coolfort.ru
сайтында көрсетілген байланысу мекен-жайлары бой-
ынша кез-келген туындыгерлес (өкілетті) қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
Похожие устройства
- Coolfort CF-3409 Инструкция по эксплуатации
- Coolfort CF-3420 Инструкция по эксплуатации
- Coolfort CF-3941 Инструкция по эксплуатации
- Coolfort CF-3942 Инструкция по эксплуатации
- Coolfort CF-3940 Инструкция по эксплуатации
- Merach Q1S Инструкция по эксплуатации
- Kettler Air R1 Инструкция по эксплуатации
- Esperanza OE8104D B Инструкция по эксплуатации
- Esperanza OE7804D B Инструкция по эксплуатации
- Esperanza OE7801 B Инструкция по эксплуатации
- Esperanza HG4G2 BR Инструкция по эксплуатации
- Esperanza HG4G2 CR Инструкция по эксплуатации
- Esperanza HG4G3 B Инструкция по эксплуатации
- Esperanza HG4G12 CR Инструкция по эксплуатации
- Esperanza HG4G12 BR Инструкция по эксплуатации
- Esperanza HG4G12 W Инструкция по эксплуатации
- Esperanza HG4G12W B Инструкция по эксплуатации
- Esperanza HG4G12 C Инструкция по эксплуатации
- Esperanza HG4S2 BR Инструкция по эксплуатации
- Esperanza HG2S5 W Инструкция по эксплуатации