Coolfort CF-3942 Инструкция по эксплуатации онлайн [12/28] 811804

Coolfort CF-3942 Инструкция по эксплуатации онлайн [12/28] 811804
12
ҚАЗАҚША
КОНВЕКТОР CF-3942
Конвектор үй-жайларды қосымша жылыту үшін ғана
арналған және негізгі жылытқыш аспап ретінде жұмыс
істеуге арналмаған.
СИПАТТАМАСЫ
1. Ыстық ауа шығатын саңылаулар
2. Басқару панелі/дисплей
3. Корпусы
4. Тірек аяқшалары
Басқару панелі/дисплей
5. Іске қосу/сөндіру батырмасы « »
6. Жұмыс тәртіптерінің индикаторлары
7. Жұмыс тәртіптерін орнататын
батырмалар « , »
8. Ағымды уақытты орнатуды/таймер уақытын
орнатуды қосатын батырма « »
9. Дисплей
10. Wi-Fi бойынша басқаруды қосатын батырма « »
(басқару бағдарламасын пайдалануға қатысты
нұсқаулықты қар.)
11. Жұмыс тәртіптерін таңдайтын батырма « »
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Жылытқыштың қоректендіру тізбегіне қосымша
қорғау үшін токтың номиналды іске қосылуы, 30 мА
аспайтын, қорғаныс сөндіру құрылғысын (ҚСҚ) орнатқан
тиімді; ҚСҚ-ны орнату үшін маманға жүгініңіз.
ЕСКЕРТУ! Қызып кетуді болдырмас үшін
жылытқышты жаппаңыз.
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
Электрқұралды қолдану алдында осы пайдала-
ну нұсқаулығын мұқият оқып шығыңыз және оны
анықтағыш материал ретінде пайдалану үшін сақтап
қойыңыз. Құрылғыны осы нұсқаулықта айтылғандай,
тікелей тағайыны бойынша пайдаланыңыз. Құрылғыны
дұрыс пайдаланбау жағдайы оның бұзылуына әкеліп
соғуы, пайдаланушыға немесе оның мүлкіне зиян
келтіруі мүмкін.
Құралды алғаш қосар алдында, электр желісінің
кернеуі құрылғы кернеуіне сәйкес екендігіне көз
жеткізіңіз.
Желі бауы «евроашамен» қамтамасыз етілген; оны
сенімді жерлендіру түйісі бар электр розеткасына
қосыңыз.
Құралды электр розеткасына қосар алдында өрт
шығу қауіпін болдырмау үшін, жалғастырғыштарды
пайдаланбаңыз.
Электр желісінің шамадан тыс жүктелуін болдыр-
мау үшін, осы құрал қосылған электр розетка-
сына тұтыну қуаты үлкен электрқұралдарының
қосылмауын қадағалаңыз.
Құралды сыртқы таймерлерге немесе дистанциондық
басқаруы бар электрлік розеткаларға қосуға тыйым
салынады.
Жылытқышты тікелей электр розеткасының астына
қоюға болмайды.
Оны электр розетка құрал деңгейінен төмен бола-
тындай етіп орналастырыңыз, осы жерде розеткаға
қолжетімділік еркін болуы керек.
Күйіп қалмас үшін қыздырылған беттердің дененің
ашық жерлерімен жанасуына жол бермеңіз.
Бұл жылытқышты ваннаға, душқа немесе жүзу
бассейніне жақын жерде пайдаланбаңыз.
Аспапты ылғалдылығы жоғары үй-жайларда да
пайдалануға тыйым салынады.
Құрылғыны тез жанғыш материалдар мен заттар-
дан, ашық оттан немесе су ыдыстарынан кемінде
1-1,5 метр қашықтықта орнатыңыз.
Құрылғы корпусына ылғалдың тиюіне жол бермеңіз.
Егер құрылғының корпусына су тиіп кетсе, онда
құрылғыға қол тигізбес бұрын, электр сымының
ашасын электр розеткасынан суырып алыңыз,
содан кейін ғана су тамшыларын сүртуге болады.
Құрылғыны бөлмеден тыс немесе суланған
беттердің үстінде пайдалануға тыйым салынады.
Құрылғыны дымқыл киімдерді, сүлгілерді және т. б.
кептіру үшін пайдалануға тыйым салынады.
Киімнің немесе интерьердің шағын габаритті затта-
рын ғана кептіруге рұқсат етіледі.
Аспапты орнатқан кезде тірек аяқшаларын міндетті
түрде пайдалану керек және оны тегіс тұрақты
бетте пайдаланыңыз. Пайдаланбас бұрын тірек
аяқшалары дұрыс орнатылғанын тексеріңіз.
Құрылғыны тез тұтанатын сұйықтықтар пайдаланы-
латын үй-жайларда пайдаланбаңыз.
Егер бөлме температурасы +30 ºС-дан жоғары
болса, құрылғыны пайдаланбаңыз.
Аспапты ұйықтау уақытында және ұйықтап жатқан
адамның қасында іске қоспаңыз.
Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда бүркеп жабуға тыйым
салынады.
Құрылғының тесіктерін үй-жайдың кез-келген затта-
рымен немесе интерьер элементтерімен бұғаттауға
жол бермеңіз.
Жарақаттар алуға немесе құрылғының бүлінуіне,
өртенуіне жол бермеу үшін құрылғының торларына
бөтен заттарды салуға тыйым салынады.
Жұмыс істеп тұрған кезінде құрылғыны аудармаңыз.
Аспапты тасымалдау алдында оны ажыратыңыз,
желілік баудың ашасын электрлік розеткасынан
шығарыңыз және аспаптың толық салқындауын
күтіңіз.
Балалардың қауіпсіздігі үшін қаптама ретінде пай-
даланылатын полиэтилен пакеттерді қараусыз
қалдырмаңыз.
Назар аударыңыз! Балаларға полиэтилен
пакеттерімен немесе қаптама үлдірімен ойнауға
рұқсат етпеңіз. Тұншығу қауіпі!
Аспаппен ойнауларына жол бермеу үшін балалар
қадағалану керек.
Құрылғы балалардың немесе мүмкіндіктері шектеулі
адамдардың қасында пайданылған кезде жіті назар-
да болыңыз.
Берілген құрал балалардың пайдалануы-
на арналмаған. Жұмыс кезінде және суу кезінде