Coolfort CF-3940 Инструкция по эксплуатации онлайн [12/28] 811805

Coolfort CF-3940 Инструкция по эксплуатации онлайн [12/28] 811805
12
ҚАЗАҚША
КОНВЕКТОР CF-3940
Конвектор үй-жайларды қосымша жылыту үшін ғана
арналған және негізгі жылытқыш аспап ретінде жұмыс
істеуге арналмаған.
СИПАТТАМАСЫ
1. Тірек аяқшалары
2. Температура бергіштері
3. Қуаттандыруды сөндіргіш
4. Корпусы
5. Басқару / жұмыс режимдерін көрсету тақтасы
6. Ыстық ауаның шығуына арналған тесік
Басқару тақтасы (5)
Сенсорлық басқару түймелері
7. Қосу/сөндіру сенсорлы түймесі « »
8. Жұмыс режимін таңдаудың сенсорлы
батырмасы « »
9. Температураны немесе таймер уақытын
азайтатын сенсорлық түйме « »
10. Температураны немесе таймер уақытын
ұлғайтатын сенсорлық түйме « »
11. Таймерді орнататын сенсорлық түйме (1-24 сағ.)
« »
12. Wi-Fi қызметін қосатын сенсорлық түйме « »
Индикациясы
13. Wi-Fi басқаруды қосу индикаторы « »
14. Қосу/өшіру индикаторы « »
15. Цифрлық таңбалар
16. Үй-жайдағы ауа температурасының таңбасы «°C»
17. Таймерді қосу индикаторы « »
18. Максималды қыздыру қуатының
индикаторы « »
19. Минималды қыздыру қуатының
индикаторы « »
20. Автоматты режим индикаторы « »
21. Мұздатудан қорғау режимінің индикаторы « »
Қашықтықтан басқару пульты
22. Қашықтықтан басқару пульты
23. Іске қосу/сөндіру түймесі « »
24. Жұмыс режимін таңдау түймесі
25. Күту режимінде таймерді қосу түймесі « »
26. Жылыту температурасын/таймердің жұмыс
уақытын орнату түймелері « , »
27. Қоректендіру элементінің ұстауышы
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Жылытқыштың қоректендіру тізбегіне қосымша
қорғау үшін токтың номиналды іске қосылуы, 30 мА
аспайтын, қорғаныс сөндіру құрылғысын (ҚСҚ)
орнатқан тиімді; ҚСҚ-ны орнату үшін маманға
жүгініңіз.
ЕСКЕРТУ! Қызып кетуді болдырмас үшін
жылытқышты жаппаңыз.
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
Электрқұралды қолдану алдында осы пайдала-
ну нұсқаулығын мұқият оқып шығыңыз және оны
анықтағыш материал ретінде пайдалану үшін сақтап
қойыңыз. Құрылғыны осы нұсқаулықта айтылғандай,
тікелей тағайыны бойынша пайдаланыңыз. Құрылғыны
дұрыс пайдаланбау жағдайы оның бұзылуына әкеліп
соғуы, пайдаланушыға немесе оның мүлкіне зиян
келтіруі мүмкін.
Құралды алғаш қосар алдында, электр желісінің
кернеуі құрылғы кернеуіне сәйкес екендігіне көз
жеткізіңіз.
Желі бауы «евроашамен» қамтамасыз етілген; оны
сенімді жерлендіру түйісі бар электр розеткасына
қосыңыз.
Құралды электр розеткасына қосар алдында өрт
шығу қауіпін болдырмау үшін, жалғастырғыштарды
пайдаланбаңыз.
Электр желісінің шамадан тыс жүктелуін болдыр-
мау үшін, осы құрал қосылған электр розетка-
сына тұтыну қуаты үлкен электрқұралдарының
қосылмауын қадағалаңыз.
Құралды сыртқы таймерлерге немесе дистанциондық
басқаруы бар электрлік розеткаларға қосуға тыйым
салынады.
Жылытқышты тікелей электр розеткасының астына
қоюға болмайды.
Оны электр розетка құрал деңгейінен төмен бола-
тындай етіп орналастырыңыз, осы жерде розеткаға
қолжетімділік еркін болуы керек.
Күйіп қалмас үшін қыздырылған беттердің дененің
ашық жерлерімен жанасуына жол бермеңіз.
Бұл жылытқышты ваннаға, душқа немесе жүзу
бассейніне жақын жерде пайдаланбаңыз.
Аспапты ылғалдылығы жоғары үй-жайларда да
пайдалануға тыйым салынады.
Құрылғыны тез жанғыш материалдар мен заттар-
дан, ашық оттан немесе су ыдыстарынан кемінде
1-1,5 метр қашықтықта орнатыңыз.
Құрылғы корпусына ылғалдың тиюіне жол бермеңіз.
Егер құрылғының корпусына су тиіп кетсе, онда
құрылғыға қол тигізбес бұрын, электр сымының
ашасын электр розеткасынан суырып алыңыз,
содан кейін ғана су тамшыларын сүртуге болады.
Құрылғыны бөлмеден тыс немесе суланған
беттердің үстінде пайдалануға тыйым салынады.
Құрылғыны дымқыл киімдерді, сүлгілерді және т. б.
кептіру үшін пайдалануға тыйым салынады.
Киімнің немесе интерьердің шағын габаритті затта-
рын ғана кептіруге рұқсат етіледі.
Аспапты орнатқан кезде тірек аяқшаларын міндетті
түрде пайдалану керек және оны тегіс тұрақты
бетте пайдаланыңыз. Пайдаланбас бұрын тірек
аяқшалары дұрыс орнатылғанын тексеріңіз.
Құрылғыны тез тұтанатын сұйықтықтар пайдаланы-
латын үй-жайларда пайдаланбаңыз.
Егер бөлме температурасы +30ºС-дан жоғары
болса, құрылғыны пайдаланбаңыз.
Аспапты ұйықтау уақытында және ұйықтап жатқан
адамның қасында іске қоспаңыз.
Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда бүркеп жабуға тыйым
салынады.
Құрылғының тесіктерін үй-жайдың кез-келген затта-
рымен немесе интерьер элементтерімен бұғаттауға
жол бермеңіз.