Alteco CPW 120-6 66878 Инструкция онлайн [4/28] 816819

Alteco CPW 120-6 66878 Инструкция онлайн [4/28] 816819
KZ
alteco.hk4
Электр айыры желілік розеткаға сәйкес келуі қажет. Жуғыштағы кернеу
розеткадағы кернеуге сәйкес келетіндігіне көз жеткізіңіз. Жуғыштың электр
айырын тек қана жерге тұйықталған жалғасуы бар розеткаға ғана қосу қажет.
Құралды ешқашан электр қуат беру бауысымынан ұстап жүрмеңіз. Баусымды
розеткадан алып тастау мақсатында жұлқымаңыз. Баусымды жоғары
температураның, майлайтын материалдары мен үшкір шеттері бар заттардың
әсерінен қорғаңыз.
Қуат беретін электр кабелінің шамадан тыс қызып кетуін болдырмау
мақсатында оны толығымен тарқату қажет. Ұзартқышты қолдану кезінде
сымдардың қимасын ескеріңіз. Сымдардың қимасы жуғыштың тұтыну қуатына
сәйкес болуы тиіс:
Қимасы 1.0 мм
2
болғанда 12.5 м-аспайтын
Қимасы 1.5 мм
2
болғанда 20.0 м-ден аспайтын
Қимасы 2.5 мм
2
болғанда 30.0 м-ден аспайтын
Жуғышты қуат беру желісіне тиісті номиналдағы қорғаныстық ажырату
құрылғысы арқылы қосу қажет (максималды жылыстау тогы 3 Ом).
Құралдың бетінде көзге көрінетін ақаулардың бар болуын, сонымен қатар
барлық тетіктер мен функциялардың дұрыс жұмыс жасауын тексеріңіз.
Егер қандай да бір бөлшектерге зақым келтірілсе, оларды құралға қызмет
көрсету және жөндеу орталығында ауыстыру қажет.
Жуғыш таза сумен жұмыс істеуге арналған. Лас су немесе механикалық
қосындылары бар су жуғыштың ресурсын төмендетіп, оның бұзылуына әкеліп
соғады, бұл кепілдеме жағдайына жатпайды. Су айдындарынан суды алған
кезде жуғыштың алдына ақтап тазарту сүзгісін орнатыңыз.
Қоршаған ауа температурасы теріс болғанда ішінде су бар жуғышты
қалдырмаңыз. Жуғыштың ішінде қатып қалған су сорғының бұзылуына әкеліп
соғады, бұл кепілдеме жағдайына жатпайды.
Жуғыштан шығатын су ағыны жоғары қысыммен шашырайды. Сондықтан су
ағынын адамдар немесе жануарларға қарай бағыттамаңыз.
Жуудың алдында су ағыны Сіз жууды қалайтын заттың бетіне зиян
келтірмейтініне көз жеткізіңіз.
Жуғыштың жұмыс қалпы тік. Тік қалпында болмаған жуғышпен жұмыс істеуге
тыйым салынады.
Қоршаған ауа температурасы теріс болған кезде жуғышты пайдалануға тыйым
салынады. Бұл судың қатып қалуы мен сорғының істен шығуына әкеліп соғуы
мүкін, бұл кепілдеме жағдайына жатпайды.
Жеке қорғаныс құралдарын қолданыңыз (көзілдірік, қорғаныс аяқ киімі мен
киім).
Қауіпсіздік шаралары

Похожие устройства

Скачать