Alteco JS 800 37252 Руководство по эксплуатации онлайн [13/16] 819556
![Alteco JS 800 37252 Руководство по эксплуатации онлайн [13/16] 819556](/views2/2026015/page13/bgd.png)
13
5. Құралға қызмет көрсету
Құрастыру, реттеу, жөндеу немесе техникалық қызмет көрсету бойынша кез-келген
жұмыстарды орындау кезінде қуат сымын розеткадан міндетті түрде ажыратыңыз.
Ұсыныстар
Құралды таза күйінде ұстаңыз!
Құралдың пластмассадан жасалған бөлшектерін тазалау үшін қандай-да бір күйдіргіш заттарды
пайдалануға тыйым салынады.
Жұмыс аяқталғаннан кейін, шаңды кетіру және қозғалтқыш корпусындағы желдету саңылауларын
тазалау үшін құралды сығылған ауамен үрлеп тазарту керек.
Электр қозғалтқышының көмір щеткаларының күйін жүйелі түрде бақылаңыз (ластанған немесе қатты
тозған щеткалар ұшқындардың көп болуын және құрал шпинделінің айналу жиілігінің азаюын, сондай-
ақ құралдың істен шығуына себеп болуы мүмкін).
Бұйымның ҚАУІПСІЗДІГІН ЖӘНЕ БЕРІКТІГІН сақтау үшін көмір щеткаларын жөндеу, кез келген басқа
қызмет көрсету және реттеу техникалық қызмет көрсету жөніндегі уәкілетті орталықтарда, әрқашан
түпнұсқа ауыспалы бөліктерді пайдалана отырып жүргізілуі тиіс.
6. Кепілдеме шарттары
Тұтынушы құралды сақтау мен пайдалану ережелерін сақтаған жағдайда, өндіруші кәсіпорын құралдың
сатып алған күннен бастап 12 айдың ішінде үздіксіз жұмысына кепілдік береді.
Егер кепілдік мерзімінің ішінде құралдың бұзылуы өндірушінің кесірінен болса – өндіруші зауыт кепілдік
бойынша жөндеуді іске асырады.
Келесі жағдайларда кепілдік бойынша жөндеу жүргізілмейді және шағымдар қабылданбайды:
- кепілдеме куәлігінде сатушы ұйымның мөртабаны мен сатылған күннің жоқ болуы;
- құралдың тасымалдау және пайдалану кезіндегі зақымдалуы;
- пайдалану талаптарының сақталмауы;
- кепілдік мерзімінің өтіп кетуі немесе сақтау шарттарының бұзылуы.
Қызмет ету мерзімі – үш жыл.
7. Электр құралын сақтау және кәдеге жарату ережелері
7.1 Сақтау
Құралды арнайы қаптамада (кейсте) немесе ластану, зақымдалу, ылғал, тікелей күн сәулелері, жоғары
температура немесе оның күрт өзгеруі әсерінен қорғайтын басқа тәсілмен сақтауға кеңес беріледі.
7.2 Құралды сақтау, қызмет ету мерзімдері. Қолдану мерзімі және кәдеге жарату
Сақтау мерзімі осы пайдалану бойынша нұсқаулықта көрсетілген шарттарды сақтаған жағдайда 10 (он)
жылды құрайды. Сақтау мерзімі өнім шығарылған күннен бастап есептеледі. Осы мерзім аяқталғаннан кейін
өнімнің техникалық күйіне қарамастан, оның сақталуы тоқтатылып, өнімнің техникалық жағдайын тексеру,
оны жөндеуге жіберу немесе кәдеге жаратып, жаңа сақтау мерзімін белгілеу туралы шешім қабылдануы
тиіс. Құралдың шығарылған күні оның заттаңбасында көрсетілген.
Сақтау шарттары мен пайдалану ережелерін, сондай-ақ осы нұсқаулықта көрсетілген құралды дұрыс
құрастыру және орнату ережелерін сақтаған жағдайда бұйымның қызмет ету мерзімі 5 (бес) жылды
құрайды. Қызмет ету мерзімі өнім сатылған күннен бастап есептеледі. Қызмет көрсету мерзімі аяқталғаннан
кейін немесе белгіленген қолдану мерзімі аяқталғаннан кейін, осы құрал кәдеге жаратылатын Еуразиялық
экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағында қолданыстағы нормалар мен ережелерге сәйкес,
қоршаған ортаға экологиялық зиян келтірместен, құрал әрі қарай пайдаланылмай кәдеге жаратылуы тиіс.
Құрал және оның құрамдас бөліктерін кәдеге жарату дегеніміз - бұл оны кейінгі балқыту немесе қайта
жөндеу кезінде пайдалану мақсатында толығымен бөлшектеу, сондай-ақ материалдар мен заттардың түрлері
бойынша сұрыптау.
Содержание
- Alteco 1
- Js 800 1
- Ru руководство по эксплуатации kz пайдалану және қызмет көрсету бойынша нұсқаулық 1
- Лобзик электрический alteco 1
- Шаг зубьев материал 6
- Айналу жиілігі айн мин 10
- Алюминий бойынша кесу тереңдігі мм 10
- Ағаш бойынша кесу тереңдігі мм 10
- Жинақтау 10
- Жұмыс құралының жүрісі мм 10
- Кабель қимасы ұзындығы 10
- Кернеу және жиілігі в гц 10
- Металл бойынша кесу тереңдігі мм 10
- Номиналды қуаты вт 10
- Алюминий және жұмсақ болат жылдам кесу үшін 12
- Ара тістерінің аралығы материал 12
- Ағаш пен фанерде жылдам кесу үшін 12
- Жұмсақ болат алюминий және қатты ағаш кесуге арналған 12
- Кесу үшін 12
- Орташа дөңгелектеу радиусымен кесу ағаш пен фанерде таза кесу үшін 12
- Түзу сызық бойынша кесу жұмсақ болат тот баспайтын болат және пластмассаны кесу үшін ағаш пен фанераны таза кесу үшін 12
- Шағын дөңгелектеу радиустарымен кесу 12
- Үлкен дөңгелектеу радиустарымен 12
Похожие устройства
- Bosch GST 90 E 0.601.58G.000 Инструкция к товару
- Белмаш SS-400VS S227A Инструкция к товару
- Белмаш SS-450VS S226A Инструкция к товару
- Gigant SSJ-90 Инструкция к Gigant SSJ-90
- Jet JWSS-18B 727300BM Инструкция к JET JWSS-18B 727300BM
- JIB SSA22V 0.125 кВт, 230В 1310020280000 Руководство по эксплуатации JIB SSA22V
- POLIMER GROUP 32 мм AK01010105 Руководство по установке
- Ryobi RSW1240G 5133002860 Инструкция к Ryobi RSW1240G 5133002860
- Zitrek ZS-150 067-1020 Инструкция по эксплуатации
- Patriot LS501 190301707 Инструкция по эксплуатации
- Patriot LS 601 190301709 Инструкция по эксплуатации
- Patriot LS 650 190301710 Инструкция
- Patriot LS 710 190301700 Инструкция к товару
- Patriot LS 900 190301790 Инструкция по эксплуатации
- P.I.T. 750Вт, 110мм, 1000-3100 ход/мин, 3 режима PST110-C Инструкция к товару
- P.I.T. МАСТЕР PST70-C Инструкция по эксплуатации
- Bosch 0.603.3A0.720 Инструкция к товару
- RedVerg Basic JS450 6621683 Инструкция по эксплуатации
- RedVerg Basic JS600 6622812 Инструкция на лобзик JS600 REDVERG BASIC
- RedVerg RD-JS600-65 5022675 Инструкция по эксплуатации