Ariston ABS BLU EVO R 15 3100587 Инструкция к Ariston ABS BLU EVO R 10U 3100586 онлайн [20/32] 825240
![Ariston ABS BLU EVO R 15 3100587 Инструкция к Ariston ABS BLU EVO R 10U 3100586 онлайн [20/32] 825240](/views2/2058649/page20/bg14.png)
2.2. Гидравликалық қосу
Назар аударыңыз! Жеткізілім жинағына кіретін сақтандырғыш клапанды орнату міндетті талап
болып табылады. Сақтандырғыш клапаны мен бактің аузына кез келген ілмекті арматураны
орнатуға, сондай-ақ сақтандырғыш клапанының су ағызатын саңылауын жауып тастауға тыйым
салынады.
Су жылытқышты сумен қамту жүйесіне қосу ажырамалы қосылыстардың көмегімен жүзеге
асырылуы тиіс.
Стандартты қосу
2.2.1. Жеткізу жинағына кіретін сақтандырғыш клапанды (А 2-сур.) су жылытқыштың суық су кірісіне (көк
сақинамен белгіленген) орнату қажет. Сақтандырғыш клапанды 3-4 айналымнан асырмай бүрауға және
тығыздықты кез келген су оқшаулағыш материалмен қамтамасыз етуге кеңес беріледі.
2.2.2. Сақтандырғыш клапан аузындағы келте қүбырды қүбырдың немесе иілгіш шлангтің көмегімен суық
су магистраліне жалғаңыз.
2.2.3. Ыстық суды су бөлетін жерге бүру үшін су жылытқыштың ыстық су шығатын жеріне (қызыл
сақинамен белгіленген) қүбырды немесе иілгіш шлангті жалғаңыз.
2.2.4. Суды төменнен жеткізетін үлгілерге қызмет көрсету ыңғайлы болу үшін су жылытқыштың суық
су кірісі мен сақтандырғыш клапан арасына ілмекті шүмегі бар үшайыр орнату қажет (В 2-сур.). Бүл
сақтандырғыш клапанды шешпестен су жылытқыштағы суды төгуге мүмкіндік береді.
Бүл сақтандырғыш клапанды бөлшектемей, су жылытқыштың суын ағызуға мүмкіндік береді.
2.2.5. Суды төменнен жеткізетін үлгілерде суды ағызу кезінде бакке ауа кіруін жеңілдету үшін су
жылытқыштан ыстық су шығатын жерге ілмекті шүмегі бар үшайыр орнату керек.
2.2.6. Су жеткізу желісінің қысымы 5 бардан жоғары болғанда сақтандырғыш клапанының алдына су
қысымының редукторын орнату керек.
2.2.7. Қүрылғы кермектігі кем дегенде 12°Ғ кем сумен жүмыс істеуге арналмаған. Кермектігі 25°Ғ
жоғары суда шөгінді түзілуін және қыздырғыш элементтің бүзылу ықтималдылығын төмендету үшін
жүмсартқышты қолдану қажет. Бүл жағдайда судың кермектігі 15°Ғ кем болмауы қажет.
Су құйылған ашық резервуарға жалғау
2.2.8. Су жылытқышқа су резервуардан өздігінен келеді. Бүл жағдайда резервуар су жылытқыштың
жоғарғы нүктесінен 2 метр жоғары орналасуы керек. Осылай қосылған жағдайда сақтандырғыш
клапанның болуы міндетті емес.
2.3. Электрлік қосу
Назар аударыңыз! Құрылғыны электрлік монтаждауды қауіпсіздік техникасының қағидаларын
сақтай отырып білікті маман орындауға тиіс. Өндіруші фирма жерге дұрыс тұйықтамаудың немесе
электр қуатын беру көздерінің параметрлері дұрыс болмауының салдарынан құрылғының
зақымдалуына жауапты емес.
2.3.1. Егер қүрылғы электрлік кабелімен және вилкасымен бірге жеткізілсе – онда оны жай ғана электр
қуатын беру көзіне қосыңыз.
2.3.2. Егер су жылытқыш электр қуатын беру кабелінсіз жеткізілсе, электрмен қамту желісіне қосу үшін
сәйкес типті кабельді қолданыңыз (H05VV-F типті 3x1,5 мм
2
, Ø 8,5 мм). Су жылытқыштың қақпағын
ашыңыз. Электр қуатын беру кабелін қүрылғының артқы жағында орналасқан саңылауға өткізіңіз және
термостаттағы клеммаға жалғаңыз. Осыдан кейін әрбір сым сәйкес бүрандамен бекітілуі тиіс.
2.3.3. Су жылытқыш жерге түйықталуы тиіс. Жерге түйықтау схемасы су жылытқыштың корпусында
электрлік күштің болмауын қамтамасыз етуге тиіс. Жерге түйықтау сымын (сарғыш жасыл түсті) таңбамен
белгіленген клеммаға жалғау керек. Электр қуатын беру кабелін кабель қысқыштардың көмегімен бекітіңіз.
Электр қуатын беру параметрлерінің сәйкестендіру тақтайшасында берілген су жылытқыштың
техникалық сипаттамаларына сәйкес келетіндігіне көз жеткізіңіз.
3. ҚОСУ ЖӘНЕ ЖҮМЫС ІСТЕУ
3.1. Қолданысқа беру
3.1.1. Орталық сумен жабдықтау жүйесінің ыстық суын тоқтатыңыз. Су жылытқышты электр қуатын беру
көзіне қоспас бүрын бакті міндетті түрде суға толтырыңыз. Ол үшін араластырғыштағы ыстық судың
шүмегін, сосын су жылытқышқа суық су беру шүмегін ашыңыз.
3.1. 2. Су жылытқыш толысымен араластырғыштан су ағады. Ернемектен су кетуін тексеріңіз. Қажет
болғанда оны орталықтандырыңыз және ернемектегі сомындарды тартыңыз.
3.1.3. Араластырғыштағы ыстық судың шүмегін жабыңыз.
3.1.4. Қүрылғыны электр қуатының көзіне қосыңыз.
3.1.5. Реттегіш тетігін сағат тілімен бүрап, су жылытқышты қосыңыз.
3.2. Температураны реттеу
3.2 .1. Температураны іштей реттегішпен жарақтандырылған модельдерде судың қызу температурасы
белгілерге сәйкес термостатқа жалғанған тетікпен реттелуі тиіс.
3.2.2. Қыздыру температурасын көтеру үшін тетікті сағат тілі бойынша және оны азайту үшін сағат тіліне
қарсы бүрау арқылы температура орнатылады.
3.2.3. Индикаторлық шам қызу сатысында үнемі жанып түрады және берілген температураға жеткеннен
кейін сөніп қалады.
3.2.4. Егер модельдің температураны сырттан реттегіші болмаса, онда оны термостаттың реттегіш
бүрандасын «+» және «-» белгілерімен белгіленген диапазонда бүрау арқылы орнатуға болады. Ол үшін
су жылытқышты электр қуатын беру көзінен ажыратып, қүрылғының пластик қақпағын шешу к е р е к.
3.2.5. Термостаттың реттегіш бүрандасын ең жоғарғысынан шамамен 75%-ға сәйкес келетін қалыпта
орнату керек.
Аталған жағдайда аппарат шөгінді түзілу жылдамдығын барынша төмендете отырып, үнемдеу режимінде
жүмыс істейді.
3.3. Қатуға қарсы функциясы
Реттегіш тетігін
белгісіне бүраңыз (осы функциямен жабдықталған үлгілер үшін ғана). Назар
аударыңыз: Бүл функцияның жүмыс істеу кезінде жабдықты электр қуатынан ажыратпаңыз.
2020
Похожие устройства
- Ariston ABS BLU EVO R 15U 3100588 Инструкция к Ariston ABS BLU EVO R 10U 3100586
- Ariston BLU1 R ABS 30 V SLIM 3700581 Инструкция к Ariston BLU1 R ABS 30 V SLIM 3700581
- Ariston BLU1 R ABS 40 V SLIM OPTIMA 3700564 Инструкция по эксплуатации
- Ariston BLU1 R ABS 50 V SLIM 3700538 Инструкция к Ariston BLU1 R ABS 50 V SLIM 3700538
- Ariston BLU1 R ABS 80 V SLIM 3700540 Инструкция к Ariston BLU1 R ABS 30 V SLIM 3700581
- Ariston DUNE1 R 50 V 1,5K PL 3700633 Инструкция по эксплуатации
- Ariston DUNE1 R 50 V 1,5K SLIM PL 3700635 Инструкция по эксплуатации
- Ariston DUNE1 R 80 V 1,5K PL 3700634 Инструкция по эксплуатации
- Ariston DUNE1 R 80 V 1,5K SLIM PL 3700636 Инструкция по эксплуатации
- Ariston PRO1 R ABS 120 V 3700522 Инструкция к Ariston BLU1 R ABS 30 V SLIM 3700581
- Ariston VLS EVO INOX 80 PW O 3700632 Инструкция к товару
- Ariston VLS EVO INOX 80 PW O 3700632 Инструкция к товару
- Clage SX 50 4100-43050 Инструкция к Clage SX 50 4100-43050
- Electrolux EWH 80 Quantum Pro НС-1066372 Инструкция к Electrolux EWH 80 Quantum Pro
- Gorenje TGR100NGB6 484188 Инструкция к Gorenje TGR100NGB6
- Hyundai SLS1 нерж., 40 л H-SLS1-40V-UI706 Инструкция к Hyundai SLS1 H-SLS1-40V-UI706
- Hyundai SWS1, нерж., 40 л H-SWS1-40V-UI706 Инструкция к Hyundai SWS1 H-SWS1-40V-UI706
- Hyundai SWS1 нерж., 60 л H-SWS1-60V-UI709 Инструкция к Hyundai SWS1 H-SWS1-40V-UI706
- Ресанта круглый ВН-30К 74/5/13 Паспорт
- Ресанта ВН-100В 74/5/4 Паспорт