Galaxy 7080148550 Руководство по эксплуатации онлайн [25/34] 825462

Galaxy 7080148550 Руководство по эксплуатации онлайн [25/34] 825462
KAZ
25
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
7.2.1 Таразыны тегіс орнықты көлденең қатты бетке
орнатыңыз. Таразы платформасына жанасыңыз. Дисплейде
«0.0kg» мәні бейнеленеді. «SET» батырмасын басыңыз және
бірнеше секунд бойы ұстап тұрыңыз. Дисплейде «Р» жеке
нөмірінің жылтылдаушы символы бейнеленеді. «» және
«» басқару батырмаларының көмегімен Сіздің жеке нөміріңіз
ретінде Р1 бастап Р12 дейінгі нөмірді таңдаңыз. Қажетті нөмірді
таңдай отырып, растау үшін «SET» батырмасын басыңыз.
7.2.2 Дисплейде жыныстың жылтылдаушы символы
бейнеленеді. «» және «» басқару батырмаларының
көмегімен Ер адам « » немесе Әйел « ». жынысын таңдаңыз.
Қажетті символды таңдай отырып, растау үшін «SET» батыр-
масын басыңыз.
7.2.3 Дисплейде бойдың жылтылдаушы символы «cm» және
сандар бейнеленеді. «» және «» басқару батырмаларының
көмегімен өз бойыңызды (100-ден 250 см-ге дейін) орнатыңыз.
Қажетті бойды орната отырып, растау үшін «SET» батырмасын
басыңыз.
7.2.4 Дисплейде жастың «age» жыпылықтаушы символы және
сандар бейне ленеді. «» және «» басқару батырмаларының
көмегімен өз жасың ызды орнатыңыз (10-н ан 100 жасқа
дейін). Қажетті жасты орна тқаннан кейін растау үшін «SET»
батырмас ын басыңыз.
Бұл деректер таразы жадысында Сіз арқылы таңдалған жеке нөмірмен
сақталатын болады. Одан кейінгі өлшемдер кезінде Сізге осы деректерді
қайта енгізуге тура келмейді.
ЕСКЕРТУ: Егер таразының өлшем бірліктері болып фунттар таңдалса, бой
ft : in мәнімен бейнеленетін болады.
Табандарды қатарлас орналастыра отырып және дене салмағын тепе-тең
бөле отырып таразыға жалаң аяқтармен тұрыңыз, қозғалыссыз. Балтырлар,
тізелер мен сандар бір-бірлеріне жанаспаулары керек. Бірнеше секундтан
кейін дисплейде өлшем нәтижелері келесі тәртіпте пайда болады және
тиісті символдар жанатын болады:
- килограмдардағы (фунттарда) салмақ;
- май салмағының пайыздардағы мөлшері ») және май салмағын
өлшеудің нәтижесі (индикация: i-- / i- / i / i+ / i++) ;
- сұйықтық деңгейінің пайыздардағы мөлшері (« »);
- дене салмағының индексі (индикация: BMI);
- килокалорийді тұтынудың тәуліктік ұсынылатын нормасы ккал (индика-
ция: KCAL).
Өлшемдердің нәтижелері сол тәртіпте үш рет көрсетілетін болады. Бірнеше
секундтан кейін таразы автоматты түрде сөнетін болады.

Содержание

Похожие устройства

Скачать