Bosch GTS 10 XC Professional 0601B30400 Инструкция к Bosch GTS 10 XC 0601B30400 онлайн [330/526] 826787
![Bosch GTS 10 XC Professional 0601B30400 Инструкция к Bosch GTS 10 XC 0601B30400 онлайн [330/526] 826787](/views2/2060366/page330/bg14a.png)
330 | Қазақ
– Бұрыштық тіректі (3) дайындама алдында сол жақ
бағыттауыш ойығында (9) орналастырыңыз.
Домалатпа бұранданы (54) берік тартып қою арқылы
осы күйді бұғаттаңыз.
– Жұмыс қадамдарын сәйкесінше орындаңыз: (қараңыз
„Түзу кесіктерді аралау“, Бет329)
Негізгі реттеулерді тексеру және реттеу
Дәл кесіктерді қамтамасыз ету үшін қарқынды түрде
пайдаланғаннан кейін электр құралының негізгі
реттеулерін тексеріп, қажетінше реттеу керек болады.
Ол үшін тәжірибе мен тиісті арнайы аспаптар қажет
болады.
Bosch сервистік орталығы бұл жұмысты жылдам әрі
сенімді түрде өткізеді.
0°/45° тік стандартты еңіс бұрышына арналған
тіректерді реттеу
– Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз.
– Ара дискісінің 0° шамасындағы тік еңіс бұрышын
реттеңіз.
– Қорғаныш қаптаманы (6) алып тастаңыз.
Тексеру (M1суретін қараңыз)
– Бір бұрыштық калибрді 90° шамасына реттеп, оны
аралау үстеліне (17) қойыңыз.
Бұрыштық калибрдің бір жағы бүтін ұзындығымен ара
дискісінде (33) жатуы керек.
Реттеу (M2суретін қараңыз)
– Бұранданы (71) босатыңыз. Осылайша 0° тіректі (28)
жылжытуға болады.
– Бекіткіш иінтіректі (26) босатыңыз.
– Сермерді (19) бұрыштық калибрдің иіні ара
дискісімен бүкіл ұзыдығы бойынша бірге тұрғанша 0°
тірекке қарай жылжытыңыз.
– Сермерді осы күйде ұстап тұрып, бекіткіш иінтіректі
(26) қайтадан бекітіңіз.
– Бұранданы (71) қайтадан бұрап бекітіңіз.
Егер бұрыш индикаторы (64) реттегеннен кейін
шкаланың (27) 0° белгісімен бір сызықта тұрмаса,
бұранданы (72) стандартты крест ойықты бұрауышпен
босатып, бұрыш индикаторын 0° белгісімен туралаңыз.
Жоғарыдағы жұмыс қадамдарын 45° шамасындағы тік
еңіс бұрышы үшін сәйкесінше қайталаңыз (бұранданы
(73) босату; 45° тіректі (25) жылжыту). Бұл ретте бұрыш
индикаторын (64) қайтадан реттеу мүмкін емес.
Ара дискісінің бұрыштық тіректің бағыттауыш
ойықтарымен параллельдігі (Nсуретін қараңыз)
– Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз.
– Қорғаныш қаптаманы (6) алып тастаңыз.
Тексеру
– Қарындашпен үстел ендірмесі арқылы артта көрінетін
бірінші сол жақ ара тісін белгілеңіз.
– Бұрыштық калибрді 90° шамасына реттеп, оны
бағыттауыш ойықтың (9) шетіне қойыңыз.
– Бұрыштық калибр иінін белгіленген ара тісіне тигенше
жылжытыңыз да, ара дискісі мен бағыттауыш ойық
арақашықтығын оқып алыңыз.
– Ара дискісін белгіленген тіс үстел ендірмесінің
алдында тұрғанша бұраңыз.
– Бұрыштық калибрді бағыттауыш ойық бойымен
белгіленген ара тісіне дейін жылжытыңыз.
– Ара дискісі мен бағыттауыш ойық арақашықтығын
өлшеңіз.
Өлшенген арақашықтықтардың екеуі де бірдей болуы
тиіс.
Реттеу
– Аралау үстелінің астындағы алдыңғы ішкі алты қырлы
бұрандаларды (74) және аралау үстелінің астындағы
артқы ішкі алты қырлы бұрандаларды (75) жеткізілім
жиынтығындағы алты қырлы дөңбек кілтпен (37)
босатыңыз.
– Ара дискісін бағыттауыш ойықпен (9) параллель
тұрғанша мұқият жылжытыңыз.
– Барлық (74) және (75) бұрандаларын қайтадан берік
бекітіңіз.
Аралау үстелінің арақашықтық индикаторын реттеу
(Oсуретін қараңыз)
– Параллель тіректі ара дискісінің оң жағында
орналастырыңыз.
Параллель тіректі лупадағы (68) белгі астыңғы
шкалада 33см көрсеткенше жылжытыңыз.
Бекіту үшін қысқыш тұтқаны (51) қайтадан төмен
қарай итеріңіз.
– Қысқыш тұтқаны (18) толығымен жоғары қарай
тартып, аралау үстелінің кеңейтімін (11) тірелгенше
сыртқа қарай тартыңыз.
Тексеру
Арақашықтық индикаторы (69) жоғарғы шкалада (1)
төменгі шкаладағы (1) лупадағы (68) белгімен бірдей
мәнді көрсетуі тиіс.
Реттеу
– Аралау үстелінің кеңейтімін (11) тірелгенше сыртқа
тартыңыз.
– Бұранданы (76) крест ойықты бұрауышпен босатып,
арақашықтық индикаторын (69) жоғарғы шкаланың
(1) 33 cм белгісінің бойымен туралаңыз.
Параллель тіректің параллельдігін реттеу (Pсуретін
қараңыз)
– Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз.
– Қорғаныш қаптаманы (6) алып тастаңыз.
– Параллель тіректің қысқыш тұтқасын (51) босатып,
ара дискісіне тигенше жылжытыңыз.
Тексеру
Параллель тірек (8) ара дискісіне бүкіл ұзындығы
бойынша тиіп тұруы керек.
Реттеу
– Ішкі алты қырлы бұрандаларды (77) жеткізілім
жиынтығындағы алты қырлы дөңбек кілтпен (37)
босатыңыз.
1 609 92A 5B8 | (15.07.2019) Bosch Power Tools
Похожие устройства
- Bosch PPS 7 S 0.603.B03.300 Инструкция к Bosch PPS 7 S 0603B03300
- Metabo UK 290 0102900000 Инструкция к Metabo UK 290 102900000
- Metabo UK 290 SET 0192901000 Инструкция к Metabo UK 290 SET 192901000
- Следопыт POWER PF-GST-M01 Инструкция к Следопыт POWER
- Следопыт ULTRA PF-GST-IM01 Инструкция к Следопыт ULTRA
- Rexant 8D с подсветкой 31-0021 Инструкция к товару
- AE&T 380В ВТ-850 (380) Инструкция
- Freya , Alessandra FR2016TL-01BZ Инструкция к товару
- Freya , Clarissa FR5020TL-01CH Инструкция к товару
- Freya , Driana FR2405-TL-01-BS Инструкция к товару
- Freya , Inessa FR2685TL-01BZ Инструкция к товару
- Freya , Lauren FR5093TL-01CH Инструкция к товару
- AE&T до 65кг, 10-24" для литых колес, автоввод 3 параметра B-829 (220) Инструкция
- Freya , Monique FR2001TL-01G Инструкция к товару
- Freya , Vanessa FR5084TL-01G Инструкция к товару
- BRADEX , зеленая SF 0245 Полусфера балансировочная массажная
- Levenhuk Zeno Desk D0 71205 Инструкция к Levenhuk Zeno Desk D0 71205
- Levenhuk Zeno Desk D11 70445 Инструкция к Levenhuk Zeno Desk D0 71205
- Levenhuk Zeno Desk D1 70440 Инструкция к Levenhuk Zeno Desk D0 71205
- МЕГЕОН 20200 00000003388 Инструкция