Hilti DCH 300-X 230V 2149600 Инструкция к товару онлайн [101/108] 829120

Hilti DCH 300-X 230V 2149600 Инструкция к товару онлайн [101/108] 829120
*2149875*
2149875 Қазақ 95
3. Шлангіні су құбырына жалғаңыз (Gardena жүйесі).
Шлангілерде зақымдардың жоқтығын жүйелі түрде тексеріп отырыңыз және максималды
рұқсат етілген қысым 3 бар шамасынан аспауын қадағалаңыз.
5.10 Су мөлшерін реттеу
DCH 300–X
Су реттегіш клапанды қалаулы су мөлшері орнатылғанша бұраңыз.
5.11 Сумен жабдықтауды ажырату
DCH 300–X
1. Кесетін дөңгелекке су жеткізілуін тоқтатыңыз.
2. Кесетін дөңгелектің су құбырындағы су шлангісінің муфтасын (Gardena жүйесі) босатыңыз.
5.12 Кесетін дөңгелекті қосу
1. Желілік кабель ашасын розеткаға салыңыз.
2.
DCH 300X үлгісінде: Жылыстау тогынан қорғайтын автоматты ажыратқыштағы ON түймесін
басыңыз.
3. Аспапты екі қолмен алдыңғы және артқы тұтқаларынан берік ұстаңыз.
4. Іске қосу құлпын басыңыз.
Қосқыш/ажыратқыш босатылады.
5. Қосқыш/ажыратқышты басыңыз.
Кесу дискісі айнала бастайды.
6. Іске қосу құлпын босатып, артқы тұтқаны бас бармақпен қайтадан ұстап алыңыз.
5.13 Кесетін дөңгелекпен қауіпсіз жұмыс істеу
Шарттар: Минералды беттерді өңдеу
Құрал белгіленген аймаққа түскен жағдайда кері
соққы қаупі туындайды.
Құралдың белгіленген аймақтағы бетке түсуіне жол бермеңіз.
Кесу жұмыстарын орындамас бұрын, әрдайым аспапты астыңғы бетке / дайындамаға роликтерді
алдын ала орнатып қойыңыз.
Кесу алдында аспапты ең жоғары айналу жиілігіне келтіріңіз.
Аспапқа аздап басып, кесетін дөңгелекті материалға жайлап батырыңыз.
Өңдеп жатқан материалға қолайлы әрі біркелкі басу арқылы жұмыс істеңіз.
Кесу жылдамдығының азаюы алмас сегменттердің тозу белгісі болуы мүмкін. Оларды
абразивті материалдың (Hilti өткірлеу құралы немесе абразивті силикат кірпіші) көмегімен
қайта өткірлеуге болады.
Аспапты біркелкі түрде және бүйірлік қысымсыз кесу дискісіне бағыттаңыз.
Өте қатты минералды беттерді, мысалы, шиыршық тастары көп бетонды өңдеген кезде, алмас
кесу дискісі қызып кетуі және зақымдалуы мүмкін. Мұны алмас кесу дискісімен бірге айналатын
ұшқындар сақинасы бойынша анықтауға болады.
Мұндай жағдайда кесу әрекетін тоқтатыңыз және алмас кесу дискісін суыту үшін жүктемесіз
жұмыс істетіңіз.
Арнайы шаңсорғыш шаңсыз жұмысты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Оған қоса, шаңсорғышты
қолданған кезде сегменттердің суытылуына және осылайша тозуын азайтуға қолдау көрсетіледі.
Printed: 23.10.2018 | Doc-Nr: PUB / 5459237 / 000 / 00
Скачать